Материалдар / Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мұғалімі және тәрбиешінің бірлескен жұмысы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысы


Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.

Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан- жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады. Шығамашылық жұмыстың мақсаты:

Болашақ тәрбиешінің музыка сабағындағы баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін ашу үшін қажетті жағдайлар туғызу және жеке түлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалыптастыру.

Шығармашылық жұмыстың міндеті:

Музыка сабағындағы тәрбиеші үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді ,ойлы болуы керек.

Тәрбиеші музыка сабағында өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып ұйымдастыра білуі керек.

Арнаулы музыкалық сауаттылық білімін дағдыландырып меңгеруі тиіс.

Балалармен музыка сабағында сөйлесе біліп көз қарасымен де, ымымен де өз ойын түсіндіре білуі керек.

Тәрбиеші музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;

Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білу;

Тәрбиеші қарапайым балалар музыкалық аспаптарды тану, музыкалық қабылдауын, есте сақтауын дамыту;

Тәрбиеші күнделікті өмірде музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;

Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту;

Сол себепті, тәрбиеші музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыка сабағында тәрбиешінің әр бір қимылы жүріс тұрысының өзі балаларға өнеге тәлім тәрбие берерліктей болуға тиіс.

Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол теледидардан балаларға арналған мультфилімдер мен музыкалық хабарларды көріп, музыканы тыңдау арқылы эмоционалды әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сайкес қимылдар жасап, әуенін орындап қуанышқа бөленеді. Егерде бала мектепке дейін бала бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылары дамиды.

Жалпы балабақшадағы қойылатын музыканың мақсаты балаларды рухани азығының қажетті бөлігі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.

Балабақшадағы музыкалық білім берудің басты міндеті – балалардың музыканы тыңдаушылық мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.

Ғылыми техникалық прогрестің жетілуі музыка тыңдаудың мүмкінідіктерін кеңейтуде. Қазіргі уақытта техникалық құрал жабдықтарды қолдану арқылы балалардың музыка тыңдауға жағдайлар жасалынуда.

Музыка білімнің құрамына: хормен ән айту, музыканы қабылдау, музыкалық сауат, музыкалы-ырғақтық қимылдар, балаларға арналған музыкалық аспаптарда орындау сияқты әр түрлі іс-әрекеттер кіреді.

Балабақшадағы музыканың басқа пәндерге ұқсастығы мен өнер сабағы ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен ұқсастығы мынада: оқу жоспарына енгізілген барлық пәндердің негізгі мақсатындағыдай жан-жақты дамыған жеке тұлганы тәрбиелеуінде кез-келген сабақтың жоспарын құрастырудағыдай психологиялық, педагогикалық заңдылықтарга сүйеніп, балалардың жас ерекшеліктеріне тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы ескерілуінде; оқытудың барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылуында; музыканың басқа пәндермен байланысында; әртүрлі іс-әрекеттерді мақсатты қолданып, оқытудың негізгі әдістерін қолдануында.

Музыка сабағының айырмашылғы оның өнер сабағы екендігінде. Музыка өнері - өмір шындығын айрықша бейнелеп, онда көңіл-күй, сезім негізгі қызмет атқарады. Музыка арқылы оқыту процесінде тек ойлау арқылы түсініп қана қоймай, сондай-ақ ақыл мен көңіл-күйдің, сана мен сезімнің бірігуін талап етеді.

Келесі айырмашылығы музыканың балаға комплексті түрде әсер етуінде. Музыкадан әсер алуынан адамның тек әртүрлі сезімдері оянып қана қоймай, адамның организмінде физиологиялық құбылыстардың да болуы мүмкіп. Басқа да өнерлермеп музыканың байланысы адамның сезімдерін тереңдетіп, ақыл-ойын, білімдарлығын кеңейтеді.

Кез-келген сабақтар сияқты музыка сабағы да қызықты өтуі тиіс. Сол себептен де, музыка сабағында қолданылатын әрбір іс-әркеттердіц элементтсрі балалардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру үшін бірлескен эмоционалды және саналы принципін алға қояды.

Тәрбиеші –педогогтың музыка сабағындағы бейнесі:

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.

Материалды түсінікті жеткізе білу.

2. Музыка сабағында тәрбиешінің өткізу іс-әрекеті.

Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;

Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.

Музыка сабағындағы өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:

Музыкалық кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;

Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу;

Сөйлеу мәдениеттілігі.

Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:

Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;

Байланыстырып сөйлеуге үйрете алу;

Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;

Педогоикалық және музыкалық терминдерді дұрыс , тиімді пайдалана білу дағдысы.

Жас ерекшелігіне сәйкес музыкалық психологиясы туралы білімі:

Балалардың басым көпшілігінің музыкаға қызығушылығын туғыза білу ;

Балалардың музыкаға өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

Музыкалық жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.

Жаңа технологиялады пайдалана білу:

Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;

Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі.


Тәрбиешінің музыка сабағындағы өз қызметінен жетістікке жетуінің шарттары:

1. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі

2. Сыртқы кескін-келбеті.

3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.

4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.

5. Педогоикалық талаптарды орындай білу.

6. Әзіл-қалжыңға мән бере білу.

7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.

8. Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.

9. Шыдамдылық және төзімділік.

10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.

11. Балалардың құпия сырын сақтай білу.

12. Басқа адамдарды түсіну және сөзіне білу қабілеттілігі.

13. Еркіндік, икемділік .

14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.

15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.

16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.

17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

Балаларды музыкалық дамытуда тәрбиешіге үлкен міндет жүктеледі. Ол сабақтарда музыка жетекшісіне белсенді көмектеседі: өлең айтады, қимылдарды көрсетеді, қажет болса ойындарға, билерге қатысады. Балалардың музыкамен дербес айналысуын ұйымдастырады, балалар ұжымының күнделікті өміріне музыканы ендіреді.

Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы – оның барысында әрбір балаға жүйелі, мақсатты және жан - жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық сабақтар.

Сабақ түсіндіру қызметтің сан алуан түрін (ән салу, ырғақтық қимылдар, музыка тыңдау, балалар музыка аспаптарында ойнау, музыка сауатының элементтерімен танысу) қамтиды, соның нәтижесінде балалардың музыкалық қабілеттерінің жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сабақ баланың жеке басының көптеген жақсы қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайды. Ол балаларды қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла әрекет етуге баулиды, тәртіп мәдениетіне үйретеді, байыпты көзқарасты, ой еңбегін, шығармашылықты талап етеді. Сонымен қатар сабақ балаларды ұйымдастырудың басқа да формаларына әсерін тигізетіні сөзсіз. Балалардың сабақ барысында алған білімі, іскерлігі, дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі болады. Егер балалар сабақтарда үйретілген әндерін, билерін, хороводтарын бейнелі және қысылмай орындаса, мерекелік салтанаттар, ойын - сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.

Музыкалық сабақтар барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен сабақ әуелі шағын топпен 10 - 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші топтан бастап және балалар бақшасының одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.

Сабақтың мазмұны ән айтуға үйрету, музыка тыңдау, музыкалық - ырғақ сауатының элементттерін, балалар музыка аспаптарында ойнауды қамтиды.

Ән айту – музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен атқарылады.

Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен орындалады.

Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдарды музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата біледі. Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделеді. Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат беретін музыка жетекшісі мен тәрбиеші.

Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білуге музыка жетекшісі мен тәрбиеші үйретеді. Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгереді. Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді. Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамытады.

Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі.

Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады.

Әсемдікті қабылдап сезіну, түсіну, жақсы мен жаманды байқап шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасауға көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін қалыптастырып, дамытып, жетіледі.

Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер программада және балалар бақшасындағы әр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тәрбие беру міндеттерімен белгіленген.

Музыка жеткшісі мен тәрбиеші музыка сабақтарын құрастыруды қолға алғанда мына талаптарды ескеру қажет: балалардың ой, дене, эмоционалдық ауырлығын ескергені абзал; жатталатын репертуардағы қызмет түрлерінің жүйелі бөлінуі; музыкалық қабілеттердің, дағдыларды, білімдерді игерудің, музыкалық репертуарды жаттаудың дамуының мирас болып қалуы; варианттылық және олардың балалардың жас мүмкіндіктеріне сай келуі.

Оқыту үдерісінде музыка арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың тәрбишінің мынадай педагогикалық шарттарын ұстаным етті:

-әуен, мәтін, музыка тілін табиғатпен, дүниемен үйлесімділігін ұғынуға бастайтын іс-әрекетті алға тарту;

-табиғатта жүріп, өзгеріп жатқан құбылыстарды музыка арқылы бейнелеу, суреттеу;

-музыканың адамдардың тыныс-тіршілігіндегі орны, қоғамдық өмірдегі мазмұнын ұғындыру;

-әуен, музыка тілінің тарихи кезеңдермен байланыстылығын ұғындыру;

-музыка өнерінің, ұлттық ерекшеліктері арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру.

Соның бірі – баланы ұлттық музыка негізінде тәрбиелеу. Халық музыкасы, фольклорды қастерлеу баланың жас кезінен басталуы керек. Егер де тәрбиеші ұлттық нәрі бар дүниені бала жүрегінен орын алса және оны өмірдің мәні деп қабылдаса, онда ол келешекте өз халқының, туған жерінің нағыз азаматы болады. Себебі халық музыкасы арқылы балалар оның әлемдік музыкамен байланысын көреді.

Тәрбиеші баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі.

Мектепке дейінгі музыка сабағының басқа пәндерге ұқсастығы мен өнер сабағы ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен ұқсастығы мынада: оқу жоспарына енгізілген барлық пәндердің негізгі мақсатындағыдай жан-жақты дамыған жеке тұлганы тәрбиелеуінде кез-келген сабақтың жоспарын құрастырудағыдай психологиялық, педагогикалық заңдылықтарга сүйеніп, балалардың жас ерекшеліктеріне тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы ескерілуінде; оқытудың барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылуында; музыканың басқа пәндермен байланысында; әртүрлі іс-әрекеттерді мақсатты қолданьш, сабақтың бүтін өтуінде; оқытудың негізгі әдістерін қолдануында тәрбиеші тікелей музыка сабағында атқаратын орыны зор.

Музыка - құдіретті күш, жан-дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.

Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру.«Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.

Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Балалар бақшасында МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МЕТОДИКАСЫ» СССР Оқу министрлігі «Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі» мамандығы бойынша педагогикалық училищелердің оқушыларына арналған оқулық ретінде рұқсат еткен.

Редакциясын басқарған Н. А. Ветлугина АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 1981ж.


2. «Балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасы» «Мектеп» 1980ж.


3. Мереке – мектепке дейінгілердің интернационалдық тәрбиесінің құралы М. Богомлева «ДВ» 7 1982ж.


4. «Мереке мен ойын сауықтар» И. Дзержинсков «ДВ» 7 1982ж.


5. «Балабақшадағы мерекелер» Э. В. Собакова «Просвещение»


6. «Ән –күй жетекшісі мен тәрбиешінің бірлескен жұмысы» «ДВ» 198б 89-90ж.


7. «Мектепке дейінгі педагогика» В. И. Ядэшко, Ф. А. Сохин


8. «Кәсіптік білім» сериясы ІІІ.Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р. К. Ильясова Педагогика Оқулық


9. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «АРУНА Ltd.» ЖСШ, 2005. – 656 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!