400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудағы жаңа тәсілдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілдік пәндерді оқыту процесінде оқушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін модель ретінде мәтіндік оқу материалдарын пайдалану тәсілдері ұсынылады. Мектеп оқушыларының тілдік дағдыларын қалыптастыру процесі, оқу-әдістемелік кешеніне сәйкес қазақ тілі сабағын жаңаша ұйымдастырып, рухани білім негізіне тәрбиелеу басты негізге айналып отыр. Білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, мұқият оқу дағдыларын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге бағытталған.  Оқу бағдарламасы негізінде оқушылардың сауаттылығын әрі ой еркіндігін ширату, дағдыландыру мақсатын қажет етеді. Аталмыш мақала оқушылардың тілдік тағдыларын шыңдап, іздендіреді, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

 

      Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.

 

      Төрт дaғды коммуникaтивтік дaғдылaр: оқылым, тыңдaлым, жaзылым және aйтылым дaғдылaры болып тaбылaды. Aтaлмыш дaғдылaрды меңгертудің өзіне тән ішкі ерекшеліктері бaр. Сондықтaн өтілетін тaқырыпты жоспaрлaудa әр дaғдының өзіндік ерекшеліктерін тиімді құрaстырa білу үлкен жaуaпкершілікті тaлaп етеді.

 

      Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

 

  • - тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;

  • - мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;

  • - тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;

  • - мәтін бойынша жоспар құру;

  • - тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

  • - мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу

  • - мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

  • - мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;

  • - ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;

 

      Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға  ықпал ететін тапсырма үлгілері:

 

  • - көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;

  • - мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;

  • - мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;

  • - «ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;

 

      Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

 

  • - оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;

  • - сөздердің  орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;

  • - газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу

  • - белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау.

 

      Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану

 

  • Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.

  • Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.

  • Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.

 

      Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу). Сабақ барысында.

 

      Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.12.2024
263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12