Баяндама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘСІЛДЕР. Бұл баяндамада тарих пәнін оқытудағы инновациялық шығармашылық тәсілдер қарастырылады. Баяндаманың мақсаты – білім беру процесінде қолданылатын заманауи әдістердің маңыздылығын анықтап, олардың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалын талдау. Жұмыста жобалау әдісі, дебат, топтық және жұптық жұмыс, интерактивті оқыту, кейс-стадия әдістері сипатталады. Сондай-ақ, инновациялық тәсілдерді қолданудың артықшылықтары мен олардың оқушылардың жеке тұлғалық дамуына әсері талданады. Қорытынды бөлімде бұл тәсілдердің білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен оқыту сапасын арттырудағы рөлі айқындалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рзағазиева Райхан Бақытқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Байқоңыр қаласы №273 орта мектептің

тарих пәні мұғалімі



ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘСІЛДЕР


Аннотация

Бұл баяндамада тарих пәнін оқытудағы инновациялық шығармашылық тәсілдер қарастырылады. Баяндаманың мақсаты – білім беру процесінде қолданылатын заманауи әдістердің маңыздылығын анықтап, олардың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалын талдау. Жұмыста жобалау әдісі, дебат, топтық және жұптық жұмыс, интерактивті оқыту, кейс-стадия әдістері сипатталады. Сондай-ақ, инновациялық тәсілдерді қолданудың артықшылықтары мен олардың оқушылардың жеке тұлғалық дамуына әсері талданады. Қорытынды бөлімде бұл тәсілдердің білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен оқыту сапасын арттырудағы рөлі айқындалады.

Кілт сөздер: инновациялық әдістер, жоба, шығармашылық ойлау, құзыреттілік, кейс-стади, интерактивті оқыту.


В данном докладе рассматриваются инновационные творческие подходы в преподавании истории. Цель доклада – выявить новизну современных методов, использовать их в образовательном процессе и оценить их влияние на развитие творческих способностей учащихся. В работе о ключевой метод проектной деятельности, дебаты, групповая и парная работа, интерактивный метод обучения, кейс-стади. Также анализируются преимущества применения инновационных подходов и их влияние на личностное развитие учащихся. В заключительной части определена эффективность методов обработки данных в системе образования и их роль в повышении качества обучения.


Ключевые слова: инновационные методы, проект, творческое мышление, компетентность, кейс-стади, интерактивное обучение.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі – қоғамдағы қарқынды даму мен өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып отыратын күрделі және көпқырлы процесс. Білім беру әдістемелері мен технологиялары үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады, бұл өз кезегінде оқыту жүйесін де жаңғырту қажеттілігін тудырады. Инновациялық тәсілдер білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға және оны жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Инновациялық шығармашылық тәсілдерді енгізу оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың танымдық қабілеттерін арттыруға және олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Инновация – білім беру саласында жаңа идеялар, әдістер, технологиялар мен тәсілдерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылатын өзгерістер мен жаңалықтар жиынтығы.[1] Шығармашылық – жаңа идеялар мен шешімдер табу қабілеттілігі, өз бетінше ойлау және жаңашылдыққа ұмтылу процесі.

Инновациялық шығармашылық тәсілдер – оқу процесінде оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту, олардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыта отырып, білімді меңгеру процесін қызықты әрі тиімді етуді көздейтін әдістер жиынтығы [1]. Бұл тәсілдер білім беру үрдісіне тек өзгерістер енгізіп қана қоймай, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Оқытудағы инновациялық шығармашылық тәсілдердің маңыздылығы бірнеше аспектілерден тұрады:

  1. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту – оқушылардың аналитикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

  2. Жеке тұлғаны қалыптастыру – оқушылардың өзіндік шешім қабылдау қабілетін, жауапкершілік сезімін дамытады.

  3. Қызығушылықты арттыру – оқу процесін тартымды әрі қызықты ету арқылы оқушылардың белсенділігін күшейтеді.

  4. Проблемаларды шешу дағдыларын дамыту – оқушыларды күрделі мәселелерді талдау мен шешуге үйретеді.

Инновациялық шығармашылық тәсілдердің негізгі түрлері

  1. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жүргізуіне, өз идеяларын ұсынуына және нақты мәселелерді шешуге бағытталған.

  2. Дебат (талқылау) әдісі – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, пікірталас жүргізу және дәлелді қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.

  3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану – оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, оларды заманауи технологиялармен жұмыс істеуге үйретеді.

  4. Топтық және жұптық жұмыс – оқушылардың бірлескен іс-әрекет дағдыларын, өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

  5. Интерактивті оқыту әдістері – оқыту процесінде белсенді қатысуды талап ететін әдістер (сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, ситуациялық талқылаулар).

  6. Кейс-стадия әдісі – нақты өмірлік жағдайларды талдау арқылы оқушылардың шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді.

Инновациялық шығармашылық тәсілдерді қолданудың нәтижесінде:

  1. Оқушылардың танымдық қызығушылығының артуы – білім алуға деген ынтаның күшеюі.

  2. Жеке тұлғалық даму – өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

  3. Шешім қабылдау және проблемаларды шешу дағдыларының жетілуі – аналитикалық ойлау қабілетінің дамуы.

  4. Әлеуметтік дағдылардың қалыптасуы – топтық және жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастық пен өзара түсіністікке негізделген әрекеттердің дамуын көре аламыз.

Дебат әдісін тәжірибеде қолданудың мысалы ретінде "Қазақ хандығының сыртқы саясаты: қорғаныс па, әлде экспансия ма?" деген тақырыпқа тоқталайын. Дебат өткізудегі оқушыларды тарихи деректерді талдауға, сыни ойлауға және өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету. Дебаттың дайындық кезеңінде оқушылар екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ (жақтаушылар): Қазақ хандығының сыртқы саясаты бейбітшілік пен қорғанысқа бағытталғанын дәлелдейді.
Екінші топ (даттаушылар): Қазақ хандығының сыртқы саясатында жаулап алу және ықпалын кеңейту әрекеттері басым болғанын көрсетеді. Әр топқа зерттеу жүргізу үшін тарихи деректер беріледі (Қасым ханның, Тәуке ханның, Абылай ханның сыртқы саясаты туралы мәліметтер). Дебат кезінде жақтаушы топтың аргументтері мен даттаушы топтың аргументтерінің қаншалықты сенімді шыққанын сарапшы топ бағалап отырады. Жақтаушылардың аргументтері:Қазақ хандығы сыртқы саясатта көбінесе қорғанысқа сүйенді (мысалы, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес); Хандық бейбіт келіссөздер жүргізуге тырысты (Ресей, Қытай мемлекеттерімен қарым-қатынас); Қазақ халқы өз жерін сақтап қалу үшін қорғануға мәжбүр болды. Даттаушы топтың аргументтері: Қазақ хандығы кейбір жағдайларда өз ықпалын кеңейтуге тырысты (мысалы, Ноғай Ордасының жерлеріне бағытталған жорықтар); Абылай ханның әскери жорықтары арқылы хандықтың шекарасы кеңейді;Қазақ жасақтары кейбір шайқастарда өздері шабуылға шықты.

Әр топ қарсылас топтың дәлелдеріне қарсы өз уәждерін келтіреді. Әр топ өз ұстанымын қорытындылайды. Сабақ соңында мұғалім оқушыларға рефлексия жасауға мүмкіндік береді, яғни оқушылар "Менің көзқарасым өзгерді ме?", "Мен қандай жаңа деректер білдім?" деген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім дебат барысында оқушылардың аргумент келтіру, дәлелдеу, қарсы уәж айту, деректерді пайдалану қабілеттерін бағалайды. Бұл әдістің тиімділігін оқушылар тарихи деректерді өз бетімен зерттеуінен, сыни ойлау, дәлелдеу дағдыларының дамуынан, сабақ қызықты әрі интерактивті өтуінен, оқушылар пікірталас мәдениетін үйренуінен біле аламыз.

Дебатты басқа тарихи тақырыптарға да қолдануға болады, мысалы:

  • "Кенесары Қасымұлы – ұлт батыры ма, әлде саясаткер ме?"

  • "Алаш қозғалысы: ұлттық жаңғыру ма, әлде саяси қателік пе?"

  • "Қазақстанның тәуелсіздікке жетуі заңды процесс пе, әлде тарихи кездейсоқтық па?"

Дебат әдісін қолдану арқылы Қазақстан тарихын оқыту қызықты әрі нәтижелі етуге болады.

Тағы бір тоқталатын әдіс «Кейс-ситуацияны ұсыну

Жағдаят: "1770 жыл. Қазақ хандығы Жоңғар шапқыншылығынан әлсірегенімен, көрші мемлекеттер – Ресей мен Қытай – Орта Азиядағы ықпалын күшейткісі келеді. Абылай хан қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін маңызды шешім қабылдауы керек: Ресеймен одақтасу, Қытаймен бейбіт келісімге келу немесе қазақ халқының толықтай тәуелсіздігін қорғау үшін әскери саясат жүргізу. Абылай хан қандай қадам жасауы керек?" Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топ Абылай ханның бір шешімін қолдап, өз дәлелдерін ұсынады.

1-топ: Ресеймен одақтасу жақтаушылары

  • Ресеймен байланыс орнату Қазақ хандығына қорғаныс береді.

  • Сауда және экономика дамиды.

  • Ресейдің әскери көмегін пайдалану мүмкіндігі артады.

2-топ: Қытаймен бейбіт келісім жасау жақтаушылары

  • Қытаймен келісім Қазақ хандығының дербестігін сақтауға мүмкіндік береді.

  • Экономикалық байланыстар орнап, сауда артады.

  • Қытай жау ретінде емес, одақтас ретінде қабылданады.

3-топ: Толық тәуелсіздікті сақтау жақтаушылары

  • Қазақ хандығы ешбір державаға тәуелді болмай, өз саясатын жүргізе алады.

  • Жер тұтастығы мен ұлттық мүдде қорғалады.

  • Халықтың рухы көтеріліп, ел бірлігі нығаяды.

Топтық жұмыс және аргумент әзірлеу кезінде бағалау дескрипторы:

-Тарихи деректерге сүйене отырып, өз ұстанымдарын негіздейді.
-Аргументтерін нақты дәлелдермен бекітед

-.Сұрақ қояды және қарсы дәлелдер ұсынады
- Қарсы пікірлерге жауап дайындайды.

Мұғалім дискуссияны бағыттап, қажет жағдайда қосымша сұрақтар қояды:

"Абылай хан бұл шешімді қабылдағанда халық қалай қабылдауы мүмкін еді?""Бұл шешімнің ұзақ мерзімді салдары қандай болар еді?""Қазақ хандығының болашағы осы таңдауға қалай әсер етеді?" Кейс қорытындысында Әр топ өз шешімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды. Мұғалім оқушылармен бірге Абылай ханның шынайы таңдауы қандай болғанын және оның салдарын талқылайды. Оқушылар "Мен қандай жаңа дерек білдім?" және "Қандай шешім дұрыс болар еді?" деген сұрақтарға жауап береді.

Кейс-стади әдісін басқа тарихи тақырыптарға да қолдануға болады:

  • "Кенесары ханның көтерілісі: қарулы күрес қаншалықты қажет болды?"

  • "Алаш Орда үкіметі: қазақ халқы үшін ең тиімді басқару жүйесі ме?"

  • "Тәуелсіз Қазақстан: нарықтық экономикаға көшу дұрыс шешім болды ма?"

Осылайша, кейс-стади әдісі Қазақстан тарихы сабағында оқушылардың аналитикалық ойлауын дамытуға және тарихи оқиғаларды сараптауға көмектеседі.

Қорытындылай келе қазіргі білім беру жүйесінің тиімділігі мен сапасы оқытудағы инновациялық шығармашылық тәсілдердің қолданылуына байланысты. Инновациялық әдістер оқушылардың білімін жетілдірумен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және жан-жақты дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, педагогикалық тәжірибеде осы әдістерді тиімді қолдану мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Каплан Б.С., Жмагулова К., Білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық әдістері. https://unec.edu.az/application/uploads/2016/07/Nauchny-e-publikatsii.pdf#page=127

2.Жармухамбетова Л.А. Тарихты оқытудың инновациялық әдістері. https://www.researchgate.net/profile/Hanna-ganna-Anna-Onkovych/publication/369022060_DEVELOPMENT_OF_THE_PROFESSIONAL_COMPETENCE_OF_THE_FUTURE_SPECIALIST_USING_INTERNET_TECHNOLOGIES/links/64057b1f0cf1030a56776e8d/DEVELOPMENT-OF-THE-PROFESSIONAL-COMPETENCE-OF-THE-FUTURE-SPECIALIST-USING-INTERNET-TECHNOLOGIES.pdf#page=130

3. Калелова Ж. Тарихты оқытудағы инновациялық тәслдер мен пәнаралық байланыстар. http://journal.zhetysu.edu.kz/index.php/home/article/view/83

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.05.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі