Тарих сабағында оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы Жасанды Интеллект (AI) құралдарын қолданудың әдістемелік тиімділігі
Рзағазиева Райхан Бақытқызы
Байқоңыр қаласы
№273 орта мектебінің
тарих пәнінің
педагог-сарапшы
мұғалімі
Аннотация
Бұл мақала Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың білім берудегі цифрлық трансформацияға бағытталған міндеттерін негізге ала отырып, тарих сабақтарында Жасанды Интеллект (AI) құралдарын қолданудың әдістемелік тиімділігін баяндайды. Басты мақсаты – оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы AI-дың рөлін тәжірибедегі жолын ұсыну. Жүргізілген тәжірибе ЖИ-мен байытылған әдістердің оқушылардың белсенділігін арттырып, ақпаратты сыни талдау сапасын көтергенін дәлелдейді. Қорытынды бөлімде ЖИ-ды тек қосымша құрал ретінде қолдану бойынша нақты ұсыныстар берілген.
Түйінді сөздер: Жасанды Интеллект, сыни ойлау, фактчекинг, әдістемелік тиімділік, ақпраттық сауатылық.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ұстаздардың республикалық тамыз конференциясындағы сөзінде «Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады. «Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды.»-деген болатын. Шынында да технологияның қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер орын алуда. [1, с. 2] Жасанды Интеллект (AI) технологияларын мектептердегі оқу процесіне енгізу сабақтарды жаңа деңгейге көтеруге, оқытуды дербестендіруге және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Сондықтан, AI құралдарын тиімді қолдану – заманауи мұғалімнің кәсіби талабы және педагогикалық жаңашылдықтың ең үлкен жетістігі болып табылады. Десе де Мемлекет басшысы «Қайталаймын, жасанды интеллект білім беруде қосымша құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Алайда білімнің сапасы мен мазмұны үшін жауапкершілікті машина емес, адам атқаруы тиіс.»-деп ескертті. Екі жағдайда білімнің шынайылығына жауапты – мұғалім. де
Өзім сабақ беретін тарих пәні оқушыға өткен мен бүгінгі кезеңді сараптап, талдауды, сондай-ақ тарихи дереккөздердің шынайылығы мен сенімділігін сыни тұрғыдан тексеруді үйретеді. Бұл дағдылар сыни ойлаудың негізі болып табылады. Демек, тарих сабағында оқушыларды тек қана фактілерді жаттаудан гөрі, ойлануға, деректерді салыстыруға және өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету аса маңызды және тиімді. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсат – тарих сабақтарында AI құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемелік жолдарын талқылау және тәжірибелік қолданысын көрсету. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер айқындалды:
-
Тарих пәнінде қолданылатын AI құралдарының түрлерін және олардың мүмкіндіктерін анықтау.
-
AI-мен байытылған оқыту әдістерінің (мыс., виртуалды сұхбат, деректерді салыстыру) сыни ойлауға әсерін зерттеу.
-
AI-ды қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерді дамытудың нақты тәжірибелік мысалдарын ұсыну.
Алдымен оқушыларымның AI құралдарының қандай түрлерінқолданатындығын және оларды не үшін қолданатындығын анықтау үшін сауалнама жүргіздім.
1.Сіз қай сыныпта оқисыз?[7, 8, 9, 10, 11] (Қажетті сыныптарды енгізіңіз)"
№,Сұрақ,Жауап нұсқалары
2.Сіз оқу үрдісінде (сабақтарға дайындалу, үй тапсырмасын орындау, жобалар жасау т.б.) жасанды интеллект құралдарын қолданасыз ба?","
А) Иә, жиі қолданамын.
Ә) Иә, кейде қолданамын.
Б) Жоқ, сирек / мүлдем қолданбаймын."
3.Егер қолдансаңыз, қандай AI құралдарын қолданасыз? (Бірнеше жауап таңдауға болады)
А) Мәтін генераторлары (мысалы: ChatGPT, Gemini, Copilot)
Ә) Сурет / Дизайн генераторлары (мысалы: Midjourney, DALL-E)
Б) Аударма құралдары (мысалы: Google Translate AI функциялары, DeepL)
В) Презентация жасау құралдары (мысалы: Gamma, Tome)
Г) Код жазуға/түзетуге арналған көмекшілер (мысалы: GitHub Copilot)
Д) Оқуға арналған арнайы AI қосымшалар (мысалы: Math Solver, Grammar Checker)
Е) Басқа (нақтылаңыз): ______________________
Ж) Білмеймін / Қолданбаймын"
4.AI құралдарын қаншалықты жиі қолданасыз?
А) Күнделікті
Ә) Аптасына бірнеше рет
Б) Айына бірнеше рет
В) Сирек / Мүлдем қолданбаймын"
5.AI құралдарын негізінен не үшін қолданасыз?
А) Ақпаратты жылдам іздеу/қорытындылау (кітап, мақала, деректер)
Ә) Үй тапсырмасын орындау (мысалы: эссе, шығарма, есептің шешімі)
Б) Жаңа идеялар табу/миға шабуыл жасау (жобаларға арналған)
В) Мәтіндерді түзету/грамматикалық қателерді тексеру
Г) Күрделі тақырыптарды түсіндіруді сұрау (репетитор ретінде)
Д) Шет тілін үйренуге көмек ретінде
Е) Уақытты үнемдеу
Ж) Басқа мақсат (нақтылаңыз): ______________________"
6."Сіздің ойыңызша, AI құралдарын қолдану оқу үлгеріміңізге қалай әсер етеді?
А) Үлгерімді айтарлықтай жақсартады
Ә) Үлгерімді біраз жақсартады
Б) Ешқандай әсер етпейді
В) Үлгерімді нашарлатады (мысалы, өз бетінше ойлауды азайтады)"
7.AI құралдарын қолданғанда қандай да бір қиындықтарға тап боласыз ба?
А) Иә (мысалы: дұрыс емес ақпарат, этикалық мәселелер)
Ә) Жоқ"
8.AI-дан алған ақпаратты немесе жауапты әрқашан тексересіз бе?
А) Иә, әрқашан тексеремін
Ә) Кейде тексеремін
Б) Жоқ, әдетте сенемін"
№,Сұрақ,Жауап алаңы
9.Мұғалімдердің AI құралдарына қатысты сабақта қандай әдістерді қолданғаны жөн деп ойлайсыз? (Мысалы: оны қалай дұрыс қолдануды үйрету, тапсырмаларды өзгерту т.б.)_______________________________________________
Сауалнама қорытындысын талдай отырып, AI-дың сабақтың тиімділігін арттыруға бағыттап, нәтижесін бақылауды жөн көрдім. Мысалы тарих сабағында сыни ойлауды дамытудың ең маңызды қадамы – ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру және қате пікірлерді анықтау. Біз бұл мақсатта Жасанды Интеллектіні арнайы "қателіктер генераторы" ретінде қолдандық.
Тәжірибелік мысал 1: "Тарихи Деректерді Фактчекинг"
Әдіс: Оқушыларға Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері тақырыбы бойынша арнайы тапсырма берілді. Бұл тапсырмада ChatGPT-тен тақырыпқа қатысты 10 қате фактіні жазып беру сұралды. Оқушылардың міндеті – осы AI ұсынған ақпараттарды оқулықтармен, қосымша ғылыми деректермен салыстыру арқылы қателіктерді тауып, неліктен оның қате екенін дәлелдеу. Тиімділігі: Бұл жұмыс формасы оқушылардың жалаң ақпаратқа сенбей, әрбір дереккөзге сыни көзбен қарау дағдысын қалыптастырады және ақпараттық сауаттылығын арттырады.
Шығармашылық қабілеттерді арттырудағы AI-дың рөлі қандай болды?
Шығармашылық – тарихи оқиғаларды, тұлғаларды және кезеңдерді визуалды түрде қайта жаңғырту қабілеті. [2, с. 87]
Тәжірибелік мысал 2: "Тарихи тұлғаны визуалдау"
Әдіс: Оқушыларға XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерін таңдап, олардың тарихи сипаттамаларын зерттеу тапсырылды. Кейіннен, оқушылар жинаған сипаттамаларын AI-сурет генераторына енгізу арқылы, тарихи тұлғалардың портреттерін немесе сол дәуірдің көрінісін өздері жасап шықты. Тиімділігі: Бұл әдіс оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін біріктіреді. Оқушылар тарихи деректерді терең меңгермей, AI-ға нақты сипаттама бере алмайды, нәтижесінде тарихи оқиғалар жанды, көрнекі бейнеге айналады.
AI-мен байытылған әдістерді қолданудың педагогикалық тиімділігі
Жоғарыда сипатталған әдістерді қолданудың нәтижесінде мынадай оң көрсеткіштер байқалды:
-
Оқушылардың белсенділігі: Оқушылар AI құралдарын қолдану кезінде қызығушылықтары басым болды, тіпті орташа және төмен білім деңгейіндегі оқушылар да сабаққа түгелдей белсене қатысты.
-
Сыни ойлау сапасы: Оқушылар ақпаратқа терең талдау жасай отырып, шығармашылық тапсырмалардың мазмұнын тереңінен түсінуге ынталы болды, бұл олардың өз пікірін дәлелді негіздеу қабілетін арттырды.
-
Мұғалімнің жұмысы: Сабақ уақытында күрделі тапсырмаларды дайындауға кететін уақыт үнемделді және оқытуды жекелендіру (әр оқушыға жеке тапсырмалар беру) оңай болды.
Жүргізілген талдаулар мен тәжірибелік қолданыстар нәтижесінде, Жасанды Интеллект (AI) құралдарын тарих сабағында тиімді пайдалану оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін арттырудағы маңызы жоғары әдіс екені дәлелденді.
AI-мен байытылған оқыту әдістерінің педагогикалық тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырды, әрбір деректі сыни талдау оқушының білім деңгейі мен сапасын көтерді және оқытуды жекелендіруге мүмкіндік берді.
Ұсыныстар:
Тәжірибе негізінде, Жасанды Интеллектті білім беру процесіне енгізуді жоспарлап отырған әріптестерге келесі ұсыныстарды беруді жөн көремін:
-
AI-ды қолдануды бастағысы келетін әріптестеріме айтарым, сабақта ең алдымен, оқушыларға AI-дан алған ақпаратты әрқашан тексеру және оның дұрыстығын басқа көздермен салыстыру керектігін үйрету маңызды.
-
AI-ды тек тарихи фактілерді іздеу үшін емес, пікірталас тудыратын күрделі тапсырмалар беру үшін қолданған тиімді. Бұл тәсіл AI-дың мүмкіндіктерін тек тарих пәнінде ғана емес, басқа да пәндерде оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатынын көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-bilim-keleshegi-adal-azamat-kasibi-maman-takyrybyndagy-tamyz-konferenciyasynyn-plenarlyk-otyrysynda-soylegen-sozi-1571340 Астана,2025 [1, с. 2]
-
Сатбекова А.Ш. Оқытудың инновациялық әдістері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру // Ұлт тағылымы. – 2021. – № 3 [2, с. 87]
-
Halpern, D. Critical Thinking Across the Curriculum: A Brief Edition of Thought and Knowledge. – New York: Routledge, 2014. [3, с. 32]
-
Hwang, G.-J., & Chen, C. H. Effects of AI-Based Learning Systems on Students' Learning Motivation and Performance: A Meta-Analysis // Educational Technology & Society. – 2022. [4, с. 45]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама

шағым қалдыра аласыз