жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама 4 сынып шығармашылық жұмыс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
«Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары»
Дефектолог: Г. Ештаева
Қостерек ауылы
|
Жұмыстың жоспары:
І. Кіріспе
«Дамыта оқыту технологиясы арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда, сөз өнеріне баули отырып шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жолдары мен әдіс тәсілдері»
ІІ. Негізгі бөлім
Жан – жақты білімді, өз ой – пікірін ашық, еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру.
ІІІ. Қорытынды.
Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде
1
Кіріспе
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В.
А.Сухомлинский)
Бүгiнгi
таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп
жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни
саналы халықтық мәдениетке бағытталған,
баланың жеке басының дамуына, жеке
тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын,
бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын
жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп
болуы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң
басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын
меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен
салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн
жағдай жасау арқылы парасатты байыту»
деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты
қоғам алдына оқушының жеке басын
үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер
қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ
азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру
арқылы дамыту ең жауапты iс.
Үлгерімі
төмен оқушылардың зейiнi, есте сақтауы,
ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып
келедi. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi
жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның
негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi
байқалмайды, берiлген тапсырмаларды
үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай
алмайды, сыныптастарымен аз араласады,
өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу,
есептеулерде көп қателер жiбередi, тез
шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн
төмен бағалауы; қоршаған ортаға
сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген
сенiмсiздiгi.
Осы себептерден баланың
тапсырманы орындауында көп қиындықтар
кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы
білім беруді қажет ететін балаларға
арнайы мектептер мен жалпы мектептердің
ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете
- дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі
биологиялық, әлеуметтік себептердің
салдарынан оқуда, мектепке бейімделуде
қиындық келтіретін балалар да оқиды.
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін
анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына
қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу
әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен
оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық
диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:
1.Балалардың
ой - өрісін дамыту;
2. Оқу қажеттілігін
қалыптастыру;
3. Баланың әлеуметтік
- адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
4. Баланы жан - жақты бақылау;
5. Баланың
жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
6. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;
2
Негізгі бөлім
- Жалпы білім беру циклі сабақтарында,
сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр
баламен жеке жұмыс жүргізу;
Осы мәселелрді қарай келіп, әрбір мұғалім өз жұмысына тұжырымдама
жасағаны жөн.
Өзіме төмендегідей тұжырымдама жасадым.
1-тұжырымдама
Ұстаздың педагогикалық әрекетінің мақсаты мен міндеті
1.Тақырыпты 1.Оқушымен қарым-қатынас
қызықтырады жақсарады
Ең құнды мәселелер 2. Ізденуге, жаңа ақпаратқа
анықталады ұмтылдырады
Қорытынды жасауға 3. Жеке, жұппен, топпен
бағыттайды жұмыс жүргізеді
4. Шығармашылық 4. Мәтінмен өздері
дамуға бағыттайды танысады
3
Мақсат пен міндетті жүзеге асыру жағдайы
Мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін
Мұғалімге Оқушыға
1.Мақсат пен міндетті белгілеп, 1.Оқушының оқутанымдық қызығушылығын арттыру;
түпкі нәтижені анықтау 2.Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену.
(нені және неліктен үйретеміз?); 3. өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге
2.Қосымша жұмыстарды жоспарлау
3. Кәсіби өсу, өз білімін жетілдіру
Білім сапасын арттыруға негізгі әсері бар сабақ екені белгілі. Сабақтар барлық талаптар ескеріле отырып өткізіледі
♦
Түрліше
әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу,
яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды
алмастырып отыру;
♦
Қызықты
және әсемделген дидактикалық заттарды
дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс
тәсілдерін қолдану;
♦
Баланың
білім алу іскерлігін барынша белсенді
етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және
оқу іскерлігіне қажетті дағдыны
қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦
Дайындық
(оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін
меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және
қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді
қамтамасыз ету;
♦
Оқуда
және оқудан тыс кездерде баланың барлық
іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті
жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне
көңіл аудару.
4
Қазіргі
кездегі түзете дамыта оқыту сынып
оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне
көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр.
Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы
тәсіл – ойын арқылы баланың ойлау
қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың
оқу материалдарын жақсы қабылдауына
әсерін тигізетін тиімді әдістердің
бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке
тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа
ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды
қызықты етіп, балалардың сергек болуына,
оқу материалын қабылдау барысындағы
кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды
әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен
тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының
бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына
қолданылатын ойындарға олардың дене
бітімінің қалыптасуына арналған ойындар,
қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін,
тілін дамыту ойындарды жатқызуға
болады.
Ойын терапиясы – күрделі
жұмыс. Баланың көңіл - күйіне, өзіне,
қоршаған ортаға қарым - қатынасын
өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру,
іскерлік, белсенділік және сөздік қоры
мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді
әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге
құштарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты» деуге болады. Баланың қиялы ойын
арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын
түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты
ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге
деген ынта - ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін, қызығушылығын
қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1.
Білім беретін ойындар
2.
Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын
ойындар
4. Жеке тұлғаны
әлеуметтендіретін ойындар
5.
Диагностикалық ойындар
Баланы
оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында,
қоршаған ортамен байланысын нығайту
үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық,
сенімділік деңгейін, эмоционалдық
еркіндігін және ұжымда бірауыздылық
орнатуға жағдай жасайтын жұмыстарды
мұғалім жүргізген жөн.
5
Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай - күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек
«Кім жылдам?» ойыны
Танымдық ойындардың да түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т. б.
Танымдық
ойындар жас ерекшеліктеріне қарай
күрделене түседі. Адам бойындағы
қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға,
білімін шыңдауда танымдық ойындардың
алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген
сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе
түседі.
Саусақ ойыны - ұрпақтан
ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі
үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
арт терапиясы құм терапиясы арқылы
қолдың ұсақ моторикасын дамыта алады.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің
қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз
байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзету -
тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
6
«Арт терапиясы» құммен жұмыс
Ұлттық
ойындар – ата - бабамыздан бізге жеткен
мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,
асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны
үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың
пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан
өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса
береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат
баласына ақыл - ой жетекшісі, денсаулық
кепілі, өмір тынысы болып қала
береді.Дидактикалық ойынның негізгі
мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа
сабақты немесе өткен материалды берік
меңгерту болып табылады. Дидактикалық
ойындар барысында балалардың есте
сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау,
сөйлеу процестері дамып, заттарды
пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр
түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын,
ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі
- дидактикалық ойындар.
Оқыту
тәжірибесінде дидактикалық ойындардың
бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда,
түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі
ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай
әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым»,
«Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз»,
«Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін
тап», «Екі - екіден жұпта», «Кім тапқыр»,
«Сөз ойла - тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім
шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады»,
«Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы
сандық».
Сюжеттік - рөлдік ойын - бұл
өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез
- құлық немесе эмоционалдық жақтарын
меңгеру ниетінде алдын - ала бөлінген
рөлдер арқылы қатысушы топтардың
сахналап ойнауы.
Түзете
- дамыта оқыту сыныптарында сергіту
ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар -
оқушылардың шаршамауына, демалуына
әсер етеді.
Ойын - оқушылардың оқуға
деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды
жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру
арқылы мен сабақты қызықты өткізуге
тырысамын.
7
Қорытынды
Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.
8
XXI
ғасырда өмір сүрген белгілі
шығыстанушы Әбубәкір Диваев
былай деген екен: «Білімнің
нұры себілмейінше,бірде-бір озық
ел бола алмайды» Егемен
Қазақстанның гүлденген өркениетті
ел болуы,бүгінгі жастардың
көзі ашық,білімді азамат
болып жетілуіне байланысты.
Еліміздің келешегін айқындайтын нәрсе-білім. Ел келешегі білімді жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор деп қорытындылаймын.
9
Қолдалынған әдебиеттер:
ҚР Білім туралы заңы.Астана 2004 жыл
Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет
Е.А. Алябьева. Коррекционно-развивающие занятия для детей старшего и дошкольного возраста.
М.А. Михайлова, Н. В. Воронина. Танцы, игры, упражнения для красивого движения.
М.Ю. Гоголева. Логоритмика в детском саду.
А.В. Ахаев, Н.В. Колесникова. Комплексы ЛФК и коррекционной гимнастики. Алматы «Мектеп», 2002.
В. А. Кручинин. Ритмика в специальной школе. Методичесие рекомендации. г. Горький, 1989.
Г. А. Колодницкий. Музыкальные игры, ритмические упражнения и танцы для детей.
Г. Ж. Есенжолова. Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулармен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық-танымдық қызметтерін қалыптастыру және дамыту. Алматы, 2008.
Ғылыми әдістемелік журнал «Оқушы тәрбиесі». №3. 2013, № 1-2. 2014.
Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық-психологиялық журнал «Дефектология». №5-6. 2012, №8. 2013.
10

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген