Баяндама "6 жасар баланы оқытудың ерекшеліктері"

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Баяндама "6 жасар баланы оқытудың ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке бару-бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу-баладан дайындықты талап ететін еңбек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«6 жасар баланы оқытудың ерекшеліктері»

Туған күннен басап белгілі бір әлеуметтік ортада бала өседі, және тәні де жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезкендерінде ол әртүрлі ерекшелікке ие болады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздерді соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екендігін түсінеді. 6 жасар бала түсінікті тілмен қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сиппаттап бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Және ол қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мектепке түскен бала, заттарды зерттей білуі, олардың әртүрлі қасиеттерін бөліп көрсете алуы керек. Оған жеткілікті түрде толық, анық және таңдамалы қабылдауды меңгеруі қажет. Өйткені, бастауыш сыныпта оқу мұғалімнің жетекшілігі мен балалардың әртүрлі материалдармен жұмыстар орындауына негізделген. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде 1 сыныпқа қабылдау алдыңда балаларды псхологиялық тексеру жүргізіледі. Балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтауда арнайы тестілер қолданылады. Тестілер баланың маңызды танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір тест тапсырмасы – бұл бала үшін әрі қызықты есеп әрі тартымды ойын, әрі зейін, ойлау үшін дамыту жаттығулары.

Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу – баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Өз мінез-құлықын басқару, оны негізгі мектеп ережелерге бағындыру, өзін қоршағандардың ойымен келісу, кездескен қиындықтарды жеңу – міне, бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қоятын талаптарының кейбіреулері. Мектепке келген бала еңбектенер жаңа түр оқумен шұғылданады. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Сондықтан, ата-ана баласының оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап, көмектесуі керек. Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары. Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінің білсе, олардан ұялып қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі керек. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, қалам, қарындаш т.б. құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек. Оқуға барған күннен бастап бала үйдегі белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретін байқайды. Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап тексеріп отыру нәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілік дағдысы қалыптасады. Әрине, әрбіп ана өз баласын ең жақсы, ақылды, талантты деп есептейді. Және бұл дұрыс та. Талантсыз ешнәрсеге қабілеті жоқ бала болмауы да мүмкін емес. Ата-ана балалардың еңбекті құрметтеп өсуіне, денсаулығын сақтауға қамқорлық жасап , барлық істе өздері үлгі болуы тиіс. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап ықпал етуі керек. Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – ортақ іс.



Мамай орта мектебі









Shape1





Тақырыбы:

Shape2















Оқыған: Ахметқалиева Қ.Ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі