400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама " Білім сапасын арттыруда ата-ананың рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім сапасын арттыруда ата-ананың рөлі


Рухани адамгершілік негізінде қалыптасқан,ұлттық ерекшелік ескерілген ынтымақты,инабатты,тәрбиелі отбасы ең қуатты мемлекет болудың тірегі бола алады деп есептейміз.Бұл аксиомадан тарихта бірде-бір өркениетті ел шет қалмағаны отбасы проблемасына байланысты ғылыми әдебиеттерден айқын көрінеді.

Мәселен,Жапонияның бүгінгі таңда экономикалық,әлеуметтік,рухани жағынан әлемді дүр сілкіндіріп отыруы да отбасы тәрбиесімен байланысты дей аламыз.Жапондықтар ұлттық дәстүрін әлі күнге дейін қатаң сақтаған,оған ұлттық байлық ретінде қарап отырған ел.Олар қазіргі ғылым мен техниканың жаңалықтарын қабылдап,іс жүзінде жүзеге асыруда алдында жан салмайды десе де болады.Бірақ қазіргі кездегі рухани мәдениеттің өзгерістеріне үлкен сақтықпен қарайды.Ұлттық дәстүрді сақтауға,жастардың бойында ұлттық мінез-құлық пен салт-дәстүр қалыптастыруға айрықша мән береді.Отбасында да,жұмыста да үлкенді сыйлап,құрметтеу жапондықтардың қоғам алдыңдағы басты праздарының бірі болып саналады. “Патернализм”(латынша патернус-әке)деп аталатын мұндай тәртіптің өзге елдің қатаң сақтала бермейтінін байқағанда “кіші үлкенін сыйламайтын қандай ел”деп ренжитін көрінеді.Күні бүгінге дейін жапон жастарының басым көпшілігі болашақ жұбайын өз қалауымен емес,ата-анасының ұйғаруы бойынша таңдайды.

Жапон балалары жанұяда 5-6 жасқа дейін еркін өседі,ешқандай тиым салуға,ұрсуға болмайды,олардың іс-әрекеттеріне шек қойылмайды.Ата-аналар балаларына түгелдей балалық қызыығын,ләззатын алуға жағдай жасайды.

Ата-аналар балаларын ешқандай қатаң жазаламайды.Қатаң жазаланған баланың жүйке жүйесі зақымданып,ызақор,ашушаң,қырсық-қыңыр болып өседі деп есептейді де,оның орнына мынадай әрекеттер кең қолданылады:көндіру,сендіру,түсіндіру,назар аудармай қою.Балаларды жақсы үлгіде тәрбиелеу үшін үй-ішіндегілердің жүріс-тұрыстарына зор мән береді.

Жапондықтардың отбасында балаларын тәрбиелеуде ұрып-соғуды былай қойғанда,”тыныш отыр”,”анаған тиме”,”мынаны ұстама”,т.б деген бұйрық сөздер мүлде айтылмайды.

“Әмір бар жерде зәбір бар” дегендей, егер баланы жас кезінен зәбірлеп, қолынан қағып тыйым салып, еркін басып тастасақ, ол кейін ер жеткенде өзінің адамдық, азаматтық құқығын қорғай алмайды деп есептейді. Сонымен, жапондықтар сәби кезінен баланың санасына дербестікті, еркіндікті сіңіріп, ер жете бастаған шақта, баласы кәмелетке толып, азамат қатарына қосылысымен-ақ өз күніңді өзің көруге тырыс, білім ал, мамандықты игер, еңбек ет, кәсіпкер бол, ешкімге көз сатпа, заң бұзба, өзіңді әлеуметтік ортада таныта біл деген қағидалармен тәрбиелейді. Бүгінгі таңда жапон мемлекеті жастарға тәлім-тәрбие беруде осы бағытты ұстанып отыр.

Түптеп келгенде, отбасында жасөспірімдерге адамгершілік тәрбие беруде әлемдік деңгейге көтерілген өркениетті елдердің осы бағыттағы танылған тәжірибелерін, атап айтқанда, еуропалықтардың білімпаздығы, американдықтардың әрекетті, ауқымды кимылы, жапондықтардың ынта-жігері, сезімталдық пен ұқыптылығы, немістердің тәртібі мен еңбекқорлығы, тиянақтылығы, т.б. елдерде ұғымды іс-әрекеттерін, өнегелерін өз еліміздегі отбасы тәрбиесіндегі ғасырлар бойы жинақталған ұлттық дәстүрлерімен интеграцияланғаны бүгінгі әлеуметтік дамудың заңдылығының бірі деп айта аламыз.

Осыған орай, отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін былай айқындауға болады;

  • бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда, ең басымды ықпал болып есептелуі;

  • өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

  • отбасы болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірегі, арқауы;

  • отбасы жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндеттерін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына ең құнды жалпы азаматтық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

  • отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жасғастырушы;

  • отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші елжанды азаматын тәрбиелеуші;

  • отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасы өміріне дайындаушы;

  • отбасы нарық экономиясының ең тиімді өркениеттілікке бағытталған технологиясына баланы жастайынан бейімдеуші.

« Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Балаға тәрбие ғана беріп қоймай, оның саналы, білімді азамат болып өсуіне ата-ана тікелей міндетті. Мектепте бала 6-7 сағат қана болады. Ал негізгі тәрбие алатын орны отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтылмаған шығар. Сондықтан әрбір атана мектеппен қоян- қолтық араласуы керек. Қазіргі уақытта әрбір бала ата-ана көмегіне зәру. Бұдан неге деген сұрақ туындайды.Бұл сұраққа жауап іздеп көрейік .Бала тәрбиесінің негізі ата-анада жатқанын естен шығармауымыз керек.Мектеппен тығыз байланыста болу ,баланы сабақтан қалдырмау -ата-ананың міндетінің бірі. Ата-аналар балалардың өмірі үшін ,оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын ,адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасаулары керек. Баланы мектеп құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етулері керек. Мектепте сынып жетекшілерімен,мұғалімдерімен тығыз байланыста болып,оқушының оқу үлгеімін үнемі бақылап отырулары қажет.Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақтылы балаларын үйден шығарып салулары керек. Таңертең оқушы міндетті түрде үйден тамақтанып шығуы қажет .Жыл мезгілдерінің ауа- райына байланысты киімдерін дұрыс киюін қадағалау ата-ана міндеті.Үйде баланың күнделін тексеріп,қай сабақтан қандай тапсырма бергенін анықтап,үй тапсырмасының орындалуын қадағалау қажет. Балаға үнемі көше ережелерін сақтап жүруді ескертіп отыруы керек.Мектепте мәдени шаралар өткізуге атсалысулары қажет.Үйде баланың ана тілімізде дұрыс сөйлеуіне қазақ әріптеріне тән дыбысталуларды дұрыс айтуына үнемі көңіл бөлу қажет . Себебі қазақ балаларының көбі н әрпінің орнына ң әрпін жазады немесе оқығанда дұрыс оқымайды.Оның себебі үйде өздеріңіз ана тілінде сөйлеспейсіздер,баламен бірге сабағын қарамайсыздар.Қазақ баласы өз ана тілінде қазір дұрыс сөйлемесе ,келешекте не болмақ? Білім сапасын арттыруда ата-ананың ролі ерекше.Бала білімін қалай тексереміз,баламызға қанша уақыт бөлеміз, осыны бір сәт ойланып көрелікші. Егер ешқандай көңіл бөлмей селқос қарасаңыз немесе баланың өзі оқиды деп сенсеңіз онда үлкен қателік жібергеніңіз.Егер бала сабағын қадағалауға өз мүмкіншілігіңіз ,біліміңіз жеткіліксіз деп есептесеңіз және балаңыз бір –екілі пәннен төмен білім көрсетсе міндетті түрде қосымша сабақтарға қатыстыру қажет. Қазіргі кезде қосымша сабақтар өткізетін орталықтар біздің қалада көп. Бала тәрбиесі - өмірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Қай кезеңде болсын отбасы,бала тәрбиесінің мәселелері назардан тыс қалған емес .Бұл туралы аса көрнекті педогог В.Сухомлинскийдің мына ойын айтуға болады: «Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы» Ата-аналардан балаларға қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі –бұл шеше мен әкенің ізгілігі,адамдарға жақсылық жасай білуі . Яғни бала тәрбиесі ,баланың білімге,жақсылыққа ұмтылуы ,ең алдымен ,ата-анаға ,отбасындағы жағдайға байланысты.Бүгінгі таңда көптеген отбасылары өзінің күші мен уақытын отбасының және балаларының материалдық жағын қамтамасыз етуге жұмсайды да, рухани дамуы мен жетілуіне уақыт бөлмейді. Осы орайда олар өз балаларының тәрбиесі мен біліміне көңіл аудармайды деген сөз. Сондықтан құрметті ата-аналар болашағымыз білімді,тәрбиелі болып қалыптасуы үшін көңіл бөлейік,ойланайық..


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі