жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. “ Ертегіні сахналау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту”
«ЕРТЕГІНІ САХНАЛАУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ»
Магданова Гулмира Айдарбековна
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы
«Қарлығаш» бөбекжай –бақшасының ІІ санатты тәрбиешісі.
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Тәрбиешінің қолында сол кілт жүруі керек»
Мұхтар Шаханов
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Әбішұлы Назарбаевтың:«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын анықтап, айқындап берген болатын. Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді.
Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.
«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:
-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;
-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.
Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты
мақсаты: ертегілерді сахналау арқылы балалардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту;
міндеті :
- ертегілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеу;
- ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- балабақшада ертегілерді оқу қызметінде және бос уақыттарында пайдалануға арналған көмекші құрал дайындау;
Күтілетін нәтиже:
- Балаларда ертегілерді сахналау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады;
-шығармашылық қабілеттері артады;
- сахналау арқылы таңғажайып ертегі кейіпкер әрекетінің сиқырлығын түсінеді;
- ертегіні сахналай отырып, рөлдерді орындау шеберлігі арта түседі ;
- ертегілерді сахналау барысында балалардың ертегіні айтуға, тыңдауға қызығушылығы оянды;
-Ертегіні өз ойларынан құрастыра алады.
Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды. Тек сонда ғана мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің мәнін анықтауға болады. Шығармашылық әрекет балалардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет сахналық қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет байқауын ұйымдастыру әдісінен көрініс береді. Осындай әрекет барысында балалар адамгершілік, әсерленушілік және ерік — жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады. Әр баланың көркемдік ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық қиял сезімін дамыту.
Балабақшада балаларды шығармашылыққа баулуда ән айту, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен сахна іс әрекет түрлері ұйымдастыру, т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші шығармашылыққа баулуға балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Балалардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін:
1) балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі;
2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Сондықтан да балабақшадағы оқу қызмет үрдісінде балаларды сахналау өнеріне баулу жұмыстарын ерте жастан бастаудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттік стандартының бес білім саласы «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бойынша оқу қызметінде ертегілерді немесе көркем шығармаларды сахналау немесе театр түрлерін пайдалану арқылы балаларды шығармашылығын дамыта отырып, оқу қызметінде шығармашылық тапсырмалар әр түрлі әдістермен ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі оқу қызметтерінде өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Оқу қызметі барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді. «Бауырсақ» ертегісін мысалға алсақ, 3-5- жастағы бала ои елегшен өтпеген, тым асығыс балалық шешімдердің салдарын бақылап отырады (бұл жайта «Мен өзім» дағдарысы басталып, бала ата-анасының көмегінсіз, ересектің' қолынан ұстамай көшені қиып өтуге, өз еркімен шешім кабылдауга жәнс т.б. тырысады). Сол ертегінің көмегі арқылы өзіне катысты баска адамдарды және олардың реакциясын зерттеп жүрген жеткіншек адамның қандай типінің болатыньш біліп, ондай адамдармен өзін қалай ұстау керектігінде түсінеді: «Қояндармен», «Аюлармен», «Бауырсақпен» және «Түлкімен» қалай байланыска түсу керектігін ойластырады. Ертегілерді барлық пәндерде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтала кетейін. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көркем әдебиет оқу қызметінде осы ертегінің оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметінде осы ертегінің кейіпкерлерін пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады. «Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер, қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу?(біреу)
- Ендеше екеуін салыстырамыз .Екеуі тең.
- Лақтар нешеу?
-Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп.
Ертегі кейіпкерлерін салыстыру арқылы балаларға «көп» және «аз» ұғымдарын қалыптастырдым.
Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметінде ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану арқылы, балалардың есте сақтау, ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамытамыз.
Сонымен қатар шығармашылық білім саласы бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация оқу қызметтерінде балалар ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салу, мүсіндерін мүсіндеу, бейнелерін жабыстыру арқылы оларды тани бастайды және ертегіні есте сақтайды.
Шығармашылық қасиет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Алайда сол дарындылықтың көзін ашып, әрбір баланың бойындағы бейімділікті дер кезінде көре білу, шығармашылық қасиеттерін шыңдау әр педагогтің алдына қойған міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Сондықтан да балабақшада балалардың дарындылық шығармашылығын дамыту үшін, бала тілін ұштауда, олардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдардың пайдасы зор.
Ендеше қоғамның осындай дарынды адамдарға қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Осы міндеттерді шешуде балабақшада балаларды театр өнеріне баулу жаңа заманда бәсекеге қабілетті, дарынды бүлдіршіндерді тәрбиелеудің бірден бір жолы болмақ және де сахналық ойын бала үшін ерекше рөл атқарады.
Баланың сахнаға дайындауда алдымен сахна ережесімен таныстыруы қажет. Атап айтсақ, сөз мәдениеті мен техникасын, театр мәдениеті, ырғақты иілгішті ритмопластика, театрландырылған ойын, қойылым жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, қолдана білген жағдайда бала шығармашылығын арттырып, сахнаға деген қызығушылығын оята аламыз. Оқу қызметі кезінде атап айтқанда, саусақ, мата, үстел үсті қуыршақтары балаларды театр өнеріне баулудың алғашқы шарттары болып табылады. Баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Адамгершілік жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді. Осылайша жан - жақты тәрбиеленген бала бар жаттаған, естіген білгендерін өмірде кездесетін түрлі жағдайда да орынды қолдана білуге тырысады.
Ертегіні сахналау балаға не береді, оның маңыздылығы неде деген сұрақ төңірегінде өзімнің тәжірибеден ой қозғасақ, алдымен ертегіні ойнау баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезінен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, өзіне деген сенім, өзіндік ой – пікірін қымсынбай еркін жеткізе білуге тәрбиелейді, көрінбей жатқан қабілеттерін ашады, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Балалар ертегіні сомдағанда тек белгілі бір кейіпкерді сомдап қана қоймай, достықтың, адамгершіліктің асыл қасиеттерін де бойына сіңіреді. Сахнада балаларды ересек әртістер сияқты ұстауына көп көңіл бөлу керек. Балалық қылықтарымен тілдік қимылы мен ырғақтық үйлесімі көрініп, тұру қажет: бет қимылы, пантомимика, дене пластикасы және ымдауымен біртұтас дүние құрайды. Өнерге баулу әрбір бүлдіршінге жақсы мінез - құлық дәнін егіп, жаман мінез-құлықтан, жаман қасиеттерден жиіркеніп, жақсыдан үлгі алуға үйретеді. Ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, олардың қабілеттерін шыңдай, қызығушылығын арттырып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра алады.
Ертегі әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» [4] - деген екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білуіміз қажет.
Балалармен жұмыс жасауда өзіндік ойын қызметі, дидактикалық, сюжетті – рөлдік, қозғалмалы ойындар, көркем әдебиеттер оқу, драматизация, ертегілер, әңгімелер, альбомдар көру осы тақырып бойынша мультфильм қарау арқылы балалармен жеке жұмыстар жүргізе отырып, дарынды балалар анықталып, қойылымға балаларды дайындаймыз. Ертегідегі рөлдер тек баламен ғана шектелмейді,бұнда тәрбиеші апайлар да рөлдерге қамтылып отырады. Себебі күнделікті оқу қызметі мен ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде және тәрбие шараларда ертегі ролдерін сомдаймыз. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде ертегі қойылымы балалар үшін қызықты әрі ролге бөліп ойнау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытамыз.
Ал, қойылатын ертегіге келетін болсақ, ертегілерді басынан аяғына дейін қазіргі заманға, сахнаға лайықтап түрлендіре қою жобамыздың басты мақсаты болып табылады. Ертегіні бұлайша түрлендіру балаға да, үлкендерге де өте қызықты болатыны белгілі.
Балабақшадағы «Балалар театр әлемі» жобасы репертуарларының дені ертегіден құралады. Балабақша қорында «Үйшік», «Жеті лақ», «Қарлығаш пен дәуіт», «Алтын бақ», «Шегіртке мен құмырсқа», «Қызыл телпек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ит адамға қалай дос», «Маша мен аю», «Сиқырлы қылқалам» ертегілерінен тұрады. Өйткені ертегі біріншіден, балаға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіретін, рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, екіншіден, ертегі декорациялары, безендірулері баланы қызықтыратындай түрлі түсті бояуларға қанық болып, таң-тамаша қылып баурап алатындығында. Сонымен бірге ертегіні басынан аяғына дейін қазіргі заманға лайықтап түрлендіре қою біздің басты мақсатымыз, шығармашылық іс әрекетіміз болып табылады. Жалпы алғанда ертегі мынадай бағыттарда түрлендіріледі. Атап айтқанда:
1. Ертегіге кіріспе
2. Ертегі сюжеті. (ертегінің басталуы, шиеленіс, шарықтау шегі, шешімі).
3. Ертегінің өзге кейіпкерлермен толығуы.
4. Түрлі музыкамен әрленуі.
5. Би қойылымдарының болуы.
6. Декорациялары.
Қандай да сахналық қойылым алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.
-
Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгіме оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез – құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудартады.
-
Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.
-
Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс – әрекетін байқап, бағалап отыру.
-
Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде немере үшін ең мейірімді де, қамқор жан ата мен әже болса, біз өз қазақ ертегімізді таңдаганымызда, осы әже мен немере арасындағы бір тәтті байланысты орнатқымыз келді. Сондықтан ертегінің түрлендіру мақсатында да бар мейірім шуағын немересіне төгетін, бар тәттісін немересіне арнайтын әженің ертегіні немереге баяндауы арқылы өрбіттік. Мұндағы тағы бір айтқымыз келген ой - мақсатымыз бір жағынан баланың әжеге деген сүйіспеншілігін арттыру болса, екінші жағынан қазіргі кезде балаға, яғни немереге ертегі айтып беретін әжелеріміздің азайып бара жатқандығын тілге тиек ете отырып, осындай мейірімді әжелер дәстүрімізді бүлдіршіндердің бойына ертегі арқылы сіңіре білсе деген болатынбыз. Барынша ертегіде де ата бабаларымыздың бізге мұра ғылып тастап кеткен салт - дәстүр, ою - өрнек, киіз үйінде қамтуға тырыстық. Балаларға бұндағы құралдар жабдықтармен жеке - жеке түсіндірілген болатын. Ертегі қойылымын тоғыз көрініске бөліп, әрбір көріністе оқиға желісінің ауысуына, мазмұнына қарай ауысып отыратын декорациялармен өзгертіп отырдық.
Заманауи тұрғыда өңделген ертегі жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін «Айгөлек» фестиваліне ұсынылады. Шығармашылық топтың жұмысы әр халықтың ертегілерінің желісімен ертеңгіліктер мен ойын – сауық кештеріне қойылымның сценарийін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындап, топ тәрбиешілеріне ұсынылады. Тәрбиешілер топта өткізетін әрбір ертеңгіліктер, ойын – сауық кештерді берілген заманауи ертегілердің желісімен жүргізіп, баланың бойына тек ғана шығармашылық өнерді үйретіп ғана қоймай, жан – жақты дамуына жол ашамыз.
Қорыта келгенде, ертегіні сахналау балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай олардың өзара қарым – қатынасын, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенімі артып, алғашқы өзіне арналған қол шапалақтауларды сезіне алады.
Қалай десект ертегі сахналау – балалар үшін мереке, демалыс орны. Балаларының ертеңгілікте, сахнада ойнаған рөлдерін көру ата – аналар үшін зор бақыт деп білемін. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер үшін мол бақыт деп есептеймін.
Осындай жұмыстардың жүйелі жүргізу нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық «Айгөлек» фестивалінде жүлделі орындарды иеленіп келеміз.
-
2009 жылы «Жеті лақ» ертегісі облыстық «Айгөлек» фестивалінен бас жүлде;
-
2010 жылы «Құмырсқа мен шегерткі» ертегісі облыстық «Айгөлек» фестивалінен бас жүлде;
-
2011 жылы «Маша мен аю» ертегісі облыстық «Айгөлек» фестивалінен бас жүлде;
-
2012 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі облыстық «Айгөлек» фестивалінен бас жүлде;
-
2012 жылы электрондық тасымалдағыш арқылы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» сырттай аймақтық фестивалінен театр жанры бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі бас жүлдені жеңіп алды.
-
2013 жылы «Ит адамға неге дос» ертегісі аудандық «Айгөлек» фестивалінен І орын;
-
2014 жылы «Алтын бақ» ертегісі аудандық «Айгөлек» фестивалінен І орын;
-
2015жылы «Сиқырлы қылқалам» ертегісі облыстық «Айгөлек» фестивалінен бас жүлдені жеңіп алды.
Осындай жұмыстарымызды саралай келе, төмендегіше ұсыныс етеміз:
-
Аудан көлемінде мектепке дейінгі мекемелерге арналған балаларға ертегіні сахналау театры немесе үйірмелер ашылса;
-
Балабақшада ертегілерді сахналауға арналған әдістемелік кітаптар дайындалып, оқу іс- әрекетіне енгізілсе;
-
Бүгінгі жаңа заманның балаларын тәрбиелеуге лайық, қазақ жазушылары жаңа ертегілер қойылымдарын жазып шығарса екен.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А.Тұрғынбаева Алматы
2. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен стандарты» 2012ж
3. «Театр және біз» авторлары А.Б.Шалаханова, И.Н. Ильяшова.
4. Антипина А. Е. Театрализованная деятельность в детском саду., М, Сфера, 2003, 128 с.
5. Баряева Л. И. , Вечканова И. И. , Загребаева Е. А. , Зарин А. А. Театрализованные игры-занятия с детьми: - учебное пособие. - СПб. “Союз”, 2001, 147с.
6. Қазақ ертегілері 1,2,3,4, томдары.
Сілтемелер:
[1] Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 2007ж
[2],[3] Балабақшада эстетикалық тәрбие.1983ж
[4] В.А. Сухомлинский. Бала мен балабақша №6/2008ж. 2 бет
9

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген