Материалдар / Баяндама: " Сенімді және сенімсіз мінез - құлық"

Баяндама: " Сенімді және сенімсіз мінез - құлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенімді мінез құлық туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
938
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сенімді және сенімсіз мінез - құлық»Мақсаттары: оқушыларға «мықты тұлға» кім екенін түсіндіру,сенімді мінез - құлықтың дағдыларын өндіруҚұралдар: доп, парақ қағаздары, «Әр түрлі жағдайларда менің бағдарым» атты тестің бланктері, көзге байлағыш.Сабақ барысы.Үй тапсырмасын талқылау.Психолог. Үйде қандай адамдармен қатынасу сіздерге ұнайтыны жөнінде ойланып келуге ұсыныс берілген. Қазір біз тақтаға сол адамдардың мінездемелерін жазамыз. Қандай сипаттамалар көбірек болды?Тақырып бойынша жұмыс.«Ет пен тіс» ойыны.Тақтада адам қасиеттері жазылған: қайырымды, табанды, жігерлі, нәзік, мақсатқа талпынған, мейірімді. Осы қасиеттердің ішінен өздеріңізде жетіспейтінін таңдап кестеде «Өзіме» деген бағанның астына жазасыздар, екінші «Басқаларға» деген бағанның астына (сіздердің пікірлеріңіз бойынша) басқаларға жетіспейтін қасиеттерді жазасыздар. Оқушылар тапсырманы орындап болғасын, психолог «табанды», «жігерлі», «мақсатқа талпынған»сипаттамалар адамның мықты мінезін көрсететінін айтады, (оларды мысалы «тіс» деп атауға болады), ал «қайырымды», «мейірімді», «нәзік» адамның «жуастығын» көрсетеді («ет»). Талдағанда әдетте қатысушылардың көбі өздеріне мықты қасиеттерді таңдайды, ал басқаларға «ет» болуға ұсынады. Психолог. Не себептен адамдардың көбі өздеріне мықты адамның қасиеттері жетіспейді, ал басқаларына мейірімділік керек деп ойлайды? Қандай адамды біз «мықты тұлға» деп атаймыз?(сенімді, қатал, байсалды, әділетті).Сенімді адам, ол қандай адам?(басқаларының ойын ескере отыра байсалды түрде өзінің пікірін дәлелдейтін)Қандай мінез - құлықты біз сенімсіз деп айтамыз? (тынышсыз, жасық)Қандай мінез - құлықты агрессивті деп айтуға болады? (балағаттайтын, кемітетін, басқалардың құқығын бұзатын)Агрессивті мінез - құлықты сенімді деп айтуға бола ма? (басқаларды кеміту арқылы өзін сенімді сезіну)Тест «Әр түрлі жағдайлардың жөнін табу»Психолог. Келесі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздерЕгер сіз тоғайда адасып кетсеңіз, бір неше күн шыдауға жігерлігіңіз және жол тауып шығуға біліміңіз жеткілікті ме?Елсіз аралға түскен кезде, сіз оны тұтас қарап шығасыз ба?Егер сізді машина қағады ғой деген жағдайға ұшырасаңыз, қасыңыздағы серіктесіңіздің солға бұрылғанын көріп, сіз де сол жаққа жүгіресіз бе?Үйден шығарда кілтті таба алмасаңыз қайда болуы мүмкін деп тыныштық сақтап ойлай аласыз ба?Қараңғы жерде бағдарыңыз жақсы ма?Танымайтын жерді зерттегенді жақсы көресіз бе?Табиғатқа шыққанда жалғыз болғанды ұнатасыз ба?Зерек есептерді шығару сізге оңай ма?Қиын жағдайда шешімді тез қабылдайсыз ба?Психолог. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай, сосын ұпайлардың қосындысын санайсыздар.Жиналған ұпайлар саны келесіні білдіреді:1 - 3ұпай жинағандар – сіз дербессіз адамсыз, өздігімен шешім қабылдап, бір іске жауапты бола алмайсыз.4 - 7ұпай – сіз тапқырсыз, зейін қоймағандықтан және білім жетіспейтінінен қателік жіберсеңіз де қиын жағдайға ұшырамайсыз.8 - 9 ұпай – сіз ешқашан босқа қалмайсыз, тыныш өмір сізге сай емес, зерттеушінің, касқадердің және геологтың жұмысы сізге лайық.«Сұрақ - жауап» ойыныОйыншылар бір біріне доп лақтырып әр түрлі сұрақтар қояды, сосын берілген жауаптардың сенімді немесе сенімсіз екенін бағалайды.«Жетекші» ойыныҚатысушылар жұптарға бөлінеді (біреуі - жетекші, екіншісі – еруші). Ерушінің көзін байлайды. Жетекші ерушіні бөлмеде тұрған орындықтардың арасында жетектеп жүргізеді. Сосын қатысушылар рөлдерімен ауысады. Ойнап болғасын талқылау жүргізіледі: Не сездіңіздер? Сенімділік болды ма, не себептен?Сабақ талдау.Психолог. Сабақтан кейін өзім туралы ойым өзгерді деп айта аласыз ба?Енді бүгінгі сабақты бағалайық. Өз бағаларыңызды қойыңыздар: «1, 2, 3» деген де саусақтарыңыздың керекті санын көрсетіңіздер.Үй тапсырмасы.Психолог. Сіздерді басқалары қалай тыңдайтынын бақылаңыздар және өздеріңіз басқаларды қалай тыңдайтындарыңызды тексеріп көріңіздер.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ