400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Баяндама . Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ,ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,

өмірге енгізу, игеру және жетілдіру –  бүгінгі жас ұрпақ,

сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры-

ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

Баяндама тақырыбы :Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі.


Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін, өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.

Бүгінгі білім берудің негізгі міндеті- жан-жақты дамыған, өз ойын еркін,ашық жеткізіп, алған білімін өз өмірінде қолдана алатын ,бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз ұстаздың шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, оқушылардың жүрегіне жол таба білуі.
Сабақтарымды мазмұнды
,қызықты етіп өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді,тиімді технологияларды іздестіре бастадым. Біраз ізденістерден кейін шешімге келіп, тоқталаған технологиям-сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технологиямен сабағым әсерлі, мазмұнды ,қызықты өтініне сенімді болдым.

Жаңа технологияны әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін сыныптағы оқушылардың қабілетін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Бүгінде оқыту процесінде соның ішінде бастауыш сыныптарда жиі қолданып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғыдан ойлау» технологиясы.

Оқу мен жазу арқылы «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған оқыту мәселелеріне көмектесе алды. Бұл әдістің «сын тұрғысынан ойлау» деп аталғаны сын көзқараспен қарау деген мағына емес, талдап, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі, маңызды құбылыс. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Оқушы әр түрлі ақпарат көздерінен сусындап, өз түйінін айта білуі керек. Кез келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол.



Технология 3негізгі құрылымнан тұрады.

1 – «қызығушылықты ояту»

Оқушы оқытылатын  жаңа тақырыпты ашу үшін  ойында қалған білімдерін пайдалана отырып болжамдар жасайды. Ойындағы сұрақтарға жауап іздейді. Бұл бөлімде мынадай іс-әрекеттер оқушы бойынан табылады:

-өздерінде бар білімдеріне сүйену

-жаңа білім алуға деген қызығушылық

-оқыту үшін оқушымен бірлесе отырып сабаққа мақсат құру.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену –оқушының бойынан белсенділікті талап ететін іс-әрекет.  Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны алдыңғы  білімімен ұштастырады.


2- «Мағынаны ашу»:

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігі артады.

Оқушы жаңадан алған білімін алдынғы  білімімен ұштастыра отырып ойын одан ары қарай дамытады. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс- тәсілдерді: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқытуды пайдаланады. Осы кезеңде оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекетінің дамуы яғни еңбекқорлыққа жетелейді.

3- «Ой толғаныс»

Қорытындылау бөлімі. Оқушылар алған білімдерімен алмасады. Алдыңғы кезеңдерде алған білімдеріне  әдіс- тәсілдер арқылы шешім қабылдайды берілген тапсырмаларды  дәлелдеп қорытындылайды.
Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» – «білемін», «-» – «білмеймін», «+» – «мен үшін жаңа ақпарат», «?» – «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Оқушылар жай оқып қана қоймай, оқығандарын түсінуге, түсінгендерін дұрыс жеткіе білуге жол ашады.



Маған ұнайтын және жиі қолданатын тәсілдердің бірі- «Иә,жоқ». Оқушылар мұғалім ұсынған «шынайы мәлімдені» таңдаулары керек. Бұл тәсілді сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады :

  • өткен тақырыпты қайталау;

  • жаңа тақырыппен жұмыс;

  • рефлексия.

Тәсілді қолданудың нұсқаулығы :
Сіздердің алдарыңызда таблица жатыр, оны толтыруларыңыз қажет. Цифрлармен сұрақтардың саны белгіленген.
— Мен сұрақты оқимын, ал сіздер жауап дұрыс болғанына сенсеңіздер , бірінші жолаққа «+» таңбасын, ал сенбесеңіздер ,екінші жолаққа «–» қоясыздар.

































Егер бұл тәсіл жаңа тақырыпты өтпей жүргізілсе, онда тақырыпты өткеннен кейін сөйлемдердің дәлдігін тексеріп шығуға болады.

Келесі тәсіл «Борттық журнал»
Борттық журнал – жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың өз ойларын жазуға үйрететін тиімді тәсілдердің бірі.

БОРТТЫҚ ЖУРНАЛ

Бұл тақырып бойынша не білемін?

Сабақта не үйрендім?







Борттық журналдың сол жағы қызығушылықтарын ояту кезеңінде толтырылады.Ал тақырыппен танысу барысында, мәтінмен жұмыс кезінде, жаңа мәлімет алғанда журналдың оң жағы толтырылады.

Мысалы: 4-сынып дүниетану пәні, «Жер-ғарыш денесі» тақырыбы.

Дәл осы тақырып бойынша  «Концептуалдық таблица».
Концептуалдық таблицалар алған ақпаратты жүйге келтіру барысында, зерттелетін құбылыстың, оқиғалардың маңызды ерекшеліктерін анықтау барысында қолданылады. Таблицаның басында проблемалық сұрақты жазып қоюға болады.



Салыстыру сызығы

Жұлдыздар

Планеталар

Пішіні



Өлшемі



Жарығы





«Синквейн» немесе «Бес жолды өлең»

Синквейн қарапайым өлең емес,ол белгілі бір ережелерге сәйкес жазылған өлең. Әрбір жолда өлеңде көрсетілуі керек бірқатар сөздер бар.

1 жол - атау, сөз тіркесі қойылған тақырып, ұғым, атау түрінде көрсетілетін синквейн тақырыбы.

2 жол - екі сын есім.

3 жол - үш етістік.

4 жол - белгілі бір мағынаны беретін сөз тіркесі.

5 жол - қорытынды, қорытынды, бір сөз, зат есімі.

Бұл тәсілді өткізу ережесі:

1. Синквейн жазу ережелерін түсіндіреді.

2. Мысал ретінде бірнеше синквейндер беріледі.

3. Синквейн тақырыбы беріледі.

4. Жұмыстың осы түрі үшін белгіленген уақыт.

5. Синквейнді тексеру.

Бұл технологияның мәні балалардың тыңдауға және естуге үйретеді, сөйлеуді дамытады, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, психикалық белсенділікті белсендіреді, когнитивті қызығушылықты арттырады, балалардың іс-әрекеттеріне ынталандырады, сондықтан бәрі де жұмыс істейді. Қорқыныш кетеді, оқушының жауапкершілігі үшін жауапкершілігі артады, ал мұғалім мен оқушылар бірге білім алуға қатысады.

Сыни ойлауды үйрену оңай емес. Сыни ойлауға әкелетін қадамдардың тізімі жоқ. Бірақ авторлардың пікірінше, сыни ойлауды дамытатын белгілі бір шарттар мен тәсілдер бар:

- оқушылар сыни тұрғыдан ойлау дағдысын үйрену үшін уақыт пен мүмкіндікке ие болуы керек;

- оқу процесінде оқушылар ынталандырылуы керек;

- әр түрлі идеялар мен пікірлер қабылдануы тиіс;

- сыныпта ешкімнің пікіріне күлмейін, кемсітпейтін атмосфера қалыптастырылуы керек;

- мұғалім әр оқушының қабілетіне сенуі керек.



Сын тұрғысынан ойлау - бұл туа біткен қабілет емес, яғни білім берудің барлық сатысында оқушылардың ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыта түсу, оларды сыни ойлауға үйрету қажет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі