Материалдар / Баяндама. «АӘД сабақтары аясында ӨҚН оқу үдерісін ғылыми әдістемелік қолдау»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. «АӘД сабақтары аясында ӨҚН оқу үдерісін ғылыми әдістемелік қолдау»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
1095
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ АЯСЫНДА

ӨМІР ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ ОҚУ ҮДЕРІСІН

ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ»


Ахша Амантай Төліңгітұлы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылы, №97 орта мектебі,

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі



«Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті», - деп Ата заңда көрсетілген осы бір мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп өсуі керек. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».

Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету – бүкіл халықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде білім мен тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық патриотизм, көп ұлтты Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну.

ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлау және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» №449 қаулысына сәйкес, әскери білім беру, меншік түріне қарамастан, еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні жүргізіліп келеді.

Заман талабына лайықты ел болашағына қызмет ететін кадрлардың негізі мектеп қабырғасынан шығатынын бәріміз де білеміз.

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы,«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.

«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеті: оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау.

Алғашқы әскери дайындық пәні оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыту және үздіксіз өз бетінше өрлеуіне жағдай жасау.

Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғай алатындай білімдері болуы қажет. Сонымен қатар, балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екендігіне үйрету керек. Мектеп жасындағы балаларды жай және ойын түрінде өмір қауіпсіздік негіздеріне (ӨҚН) оқыту қажет.

Алғашқы әскери дайындық және өмір қауіпсіздік негіздері пәндерін оқытудың негізгі мақсаты: соғыс және бейбіт уақыттарда орын алған төтенше жағдайларда адам өміріне төнген қауіптен құтқару мен алғашқы көмек көрсету болып табылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын оқу міндетті болып табылады және мазмұны дүниетану оқу курсының аясында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 2016-2017 оқу жылында бастауыш сыныптарға 2-3-сыныптарында жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат. 5-9-сыныптарда 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру пәніне кіріктіріліп оқытылады. Ал 10-11-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 25 сағат, мұны алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері түрлі бойынша сабақтар оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Адам үшін ең қымбаты – өмір. Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық. Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты. Ол үшін сақтана білу керек. Әр адам өміріне өзі ие бола алуға тиісті.

Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.

Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандай да болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайы кәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында, ӨҚН пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып, оқушыларға терең білім беріледі. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.

Сондықтан да оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.

Қауіп-қатер - қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.

Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі:

Шыққан тегі бойынша: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық;

Әсер ету әдістері бойынша: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, жүйкефизиологиялық;

Жинақталған орны бойынша: литосфералық, гидросфералық, атмосфералық;

Зардап, зияны бойынша: әлеуметтік, техникалық, экологиялық,т.б;

Байқау саласы бойынша: өндірістік, тұрмыстық, спорттық, жол-көліктік, т.б;

Салдары бойынша: ауру табу, жарақат алу, әлсіреу, өрт, т.б;

Әрекет сипаты бойынша: сылбырлығы, белсенділігі;

Уақыты бойынша: соқпалы, комулятивті, т.б;

Алғашқы әскери дайындық пәніне жүктелетін міндет жеңіл емес, өйткені ел қорғаушы жастардың денсаулығы мықты, барынша білімді, жан-жақты дамыған жас болуы тиіс.

Ендеше еліміздің болашақ қорғаушыларының осы заманғы техника жетістіктері негізінде жасалған озық қарулар мен техникаларды еркін меңгере алатын, елжанды әрі батыл да парасатты болып тәрбиеленуі үшін біздер, яғни олардың ұстаздары да әдіс-тәсілдерін жақсы білуі тиіс және оларды сабақ пен сабақтан тыс шараларды жүргізу кезінің бәрінде де жүйелі түрде қолдануға тырысқанымыз абзал.


Ұсыныс:


5-9 сыныптардағы өмір қауіпсіздігі негіздері алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысына жүктеліп берілсе.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!