Әбу Насыр әл Фараби
(870-950жж.)
Есімі дүние жүзіне мәлім
болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер. Мың жылдан артық уақыт
өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің
қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих
перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды,
осында «кірін жуып, кіндігін кесті». Қаратудың тасына секірді,
Сырдың суын ішті, Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына
күйді.
Фарабидің өмірі жөнінен бізге
жеткен мағлұматтар үзік-үзік аңыз - шыңы аралас болып келеді.
Фарабидің толық аты - жөні – Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн
Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед,
оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі
қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, содан барып
ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Әбунасыр
оқуды ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда
алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын
толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді.
Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкр ибн
Сиражбен жақын қатынаста болып, оған логиканы үйретіп, одан
астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек
және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол
70 тіл білген деп те айтылады.
Фараби ғалымды көбінесе өз
бетінше оқумен меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан зор
табыстарға жеткен адам. Ол әсіресе грек ғалымы мен философиясын, ең
әуелі Аристотельдің бай мұнарасын игеруді қолға алған. Міне, осылай
Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген
дәрежеге көтеріледі. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен
Дамаскіде, сонан кейін Алеппода әмір Сайф әд-Дауланың қарамағында
болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Фараби
хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында Дамаскіде қайтыс
болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша Дамаскінің «Баб ас-сағир»
зиратына қойылған көрінеді.
Фараби Аристотельдің,
әл-Кинидің ізін қуып фиолософия мен ғылымның барлық тараулары
бойынша қалам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның
түрлі салалары бойынша 150 тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған. Фараби
әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық
еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе
Аристотельдің мұрасын зерттеуге
арналған.
Әл-Фарабидің тіл мәселесіне
деген көзқарасы көбінесе Аристотель көзқарасымен сәйкес келеді.
Бірақ оның Аристотельден айырмашылығы бар, Аристотель тілді өзіндік
зерттеу объектісі ретінде қарастырмай, тіл туралы ілімді поэтика
мен риториканың шектеуінде қалдырса, әл-Фараби тілді ғылыми зерттеу
пәні ретінде бөліп, зерттелуге міндетті жіктемелік пәнге қосады.
Тілді зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі - оның шығу тегі. Бұл
мәселені, белгілі болғандай, әл-Фараби конвенционалистикалық,
келісім - шарттық теорияны ұстанған Аристотель сияқты шешеді. Осы
теорияға сәйкес қоғамдағы білімді адамдар арасында бір-бірімен
келісіп бір нәрсені немесе басқаны білдіртін сөздерді қолданысқа
енгізетін «есімдер құрастырушылар» бар. Осы сөздер, есімдермен
қалған басқа адамдар да қолданады.
Егер әл-Фарабидің Аристотельге
еліктеуін ескере отырып, біздің ойшылымыздың келісім-шарт теориясын
төмендегідей белгілеуге болады: «келісім былай құрастырылады:
тағайындаушылардың біреуі дыбыстар мен сөздерді белгілі-бір затты
анықтау үшін қолданады, ал басқаға оны сөз арқылы жеткізеді және
оны тыңдаушы есінде сақтап алса, ол өз кезегінде өзі осы дыбыстар
мен сөздерді осы сөздердің алғашқы қолданушысымен сөйлескенде
қолданады. Алғашқы тыңдаушы тілді қолданушыға еліктеп, онымен
келіседі».
Олар екеуі де берілген сөзге
қарасты, келісімге келіп, оны басқалармен сөйлескенде де қолданады,
сондықтан сөз барлық қоғамның қолданысына айналды. Ойшылдың тілдің
шығу тегі және оның лексикасы туралы айтқандарынан екі нәрсені
түсінуге болады: бір жағынан айтылып отырған нәрсе адамзат тілі
қалыптасып жатқан кезде және тілдің функционалдық мүмкіндіктері
адамзат іс-әрекетінің субъективтілігіне және жасампаздығына
байланысты болған кездегі ежелгі заман тарихы туралы болса, екінші
жағынан, айтылып отырған нәрсе арнайы лексика түрінде ғылыми туралы
болса, екінші жағынан, айтылып отырған нәрсе арнайы лексика түрінде
ғылыми түсініктер өзінің тілдік формасына жеткендегі тілдің өз
дамуына жеткен кездегі ерте уақытты және осы жерде «есім
қоюшылардың» ерекше рөлі қарастырылады. Екі жағдайда да
Әл-Фарабидің философиялық жүйесіндегі грек «ономатетін» «атау
құрастырушы» ретінде сипаттайды. Сонымен қатар құрастырушы өзінің
жеке қызығушылығын және жеке инициативасын
көрсетеді.
Бірақ тіл, көптеген қазіргі
заман ойшылдарының ойынша, адамзаттың барлығы қатысатын дамулар мен
пайда болулар барысындағы қоғамдық азық, алайда дұрысынан алғанда
ол жеке тұлғаға байланысты. Мысал ретінде осы сұраққа Ресей
ғалымдарының айтқандарына тоқталып өтейік: «әрбір сөз және әрбір
форма алғашында белгілі-бір жеке тұлғаға байланысты пайда болады,
Бұл белгілі-бір сөздің және форманың қалыптасуы берілген қоғамның
барлық мүшелерінің көрінісі бола алмайтын психологиялық себептердің
толық қатары болатын бастаманы көрсетуді талап етуден көрінеді».
Тілдің пайда болуына әрбір тұлғаның қатысы жөніндегі әл-Фарабидің
идеясында, біздің пайымдауымызша, белгілі-бір қауымдастыққа
біріккен адамдар тобы өз-өзімен тікелей тілді қалыптастыра алмайды,
ол тек тілдің және тілдік құбылыстарды жойылуымен айналысады.
Алайда алғашқы сөздер заттарға атау беру мұқтаждығынан көрінбейді,
олар сол заттарға адам ұйымдарымен қатынастыру мұқтаждығынан
туындайды. Келісімге келу үшін коммуникативтік жүйені ұстану керек
болды. Бұл коммуникация жүйесінде де адам белгі ретінде ишарат және
ымдауды қолданады, кейін дауысқа жүгінеді, содан кейін барып
әр-түрлі сөздерді және ойлардың фонетикалық фонын қалыптастыратын
дыбыстық үндерді қолданды.
Қорыта келгенде, Әл-Фараби
айтқандай, «егер адамда өзінің ойындағы нәрсені басқа адамға
жеткізу тілегі туындаса, онда ол ең бірінші мәнердің белгілерін
қолданады, содан кейін дауысты қолданады, кейін ол әр түрлі
дыбыстық белгілерді қолданып, оларды белгілі-бір зат аясында
жинақтайды. Адамдар сол дыбыстардың пайда болуы және заттардың
анықтаушысына бейімделіп, өз істеріне берік үйренгенде ғана атаулар
пайда болады.Осылайша белгілі бір халықтың тілі пайда болады».
Сонымен, тіл Әбу-Насыр бойынша таңбалық жүйе ретінде қарастырылады.
Бір жағынан тілдің таңба- бұл сезіммен қабылданған заттың көрінісі,
екінші жағынан оның ойлау мәнерінің көрінісі. Әл-Фарабидің ойынша,
«ең алғашқы сөздер мен әріптер сезіммен қабылданған заттарға
арналған белгілер болды, себебі оларды меңзеп көрсетуге болды»
Тілдік белгі, шыңдап келгенде, саналы идеяның жеткізілуі. Тілдік
бірліктің таңбалық функциясының материалдық жағы абстрактілі
ойлаудың қолайлы жағдайы болып табылады. Осы жерден сөздердің
ақыл-ой зердесімен бірге сезімдік қабылданған заттар байланысын
көре келе, тілдің ой-санамен қатынасы туралы айта
аламыз.
Шымкент қаласы білім
басқармасының
«"Индустриалды-техникалық
колледжі"» МКҚК
Баяндамашы: Спабек Бақдәулет
Омарұлы