Адамды адам
еткен-еңбек.
Еліміздің егемендік алғалы жас ұрпақты өз
халқының өнегесіне ,әдет-ғұрыпына сай тәрбиелеу күн тәртібіндегі
өзекті мәселе болуда.Халық педагогикасының негізгі түйіні-еңбек
тәрбиесі білім, шеберлікті ,ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру. Жаман әдет
жат қылық бос жүруден ,білімсіздіктен жалқаулықтан туады.Осының
алдын алу жолы баланы жастан өнерге баулу,шамасына лайық еңбекке
баулу.Қазақ халқын әлемге танытқан негізгі үш өнері
бар:қолөнері,сөз өнері,саз өнері.Еңбек адам баласының өміріндегі ең
негізгі іс-әрекеті,онсыз тіршілік жоқ.Нағыз еңбек тастан пышақ пен
балтаға ұқсас қарапайым құрал жасаудан басталған.Адамның арғы тегі
осы құралдардың , еңбектің арқасында қолдың еңбек құралы ретіндегі
икемділігі қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіле берді, еңбек тәсілі
күрделенді. Қол-еңбек мүшесі ғана емес , еңбектің жемісі де. Осының
бәрі бүкіл ағзаның жетіліп ,мидың көлемі мен салмағының артуына
,күрделенуіне, сезім мүшелерінің дамуына зор әсер етті.Ми
құрлысының ұлғайғандығы сондай , адам құс тәрізді аспанда ұшуды ,
балық сияқты жүзуді армандады. Сөйтіп адам табиғат сырын, құпиясын
зерделеді.Оның техникасын меңгерді.Құспен инеліктің ұшуын-бақылап
тікұшақ жасады.Бал арасының ұясын , ағаш жапырақтарының діңі,
бұтақтарының орналасуын , құмырсқа илеуіне негізделген қалалар
тұрғызды.Адам түгілі табиғаттың жаратқан жан-жануарлары ,
жәндіктері де еңбек етпесе ,тіршілігі тоқтайды.Мысалы: бал арасы
жаз бойы таң атқаннан күн батқанға дейін бір тыным таппай , мың сан
гүлдерге қонып шырын жинайды.Тиіндер болса бал қарағайлардың ұшар
басынан жаңғақ жинап,ұяларына тасиды. Ал құмырсқалар ше?Біреулері
үйлерін, илеулерін жөндеуге құлшына кіріссе , енді біреулері өзінен
үлкен жем тасып қарбаласады.Неге? Осы туралы ойланып көрсек, ара
бал жинамаса , тиін ұясын жаңғақпен толтырмаса ,құмырсқа жылы
илеуін даярлап ,оған азық-түліктен мол қорын жинамаса , ызғарлы қыс
ішінде ұрпақтары , тіпті өздері де аштан өлер еді. Құстар тыным
таппаса , балапандарының өмірі үшін күреседі. Демек өмір дегеніміз
күрес. Күрес дегеніміз еңбек.Еңбексіз өмір жоқ. Халқымызда «
Баланы-жастан» дейтін сөз бар. Тәлім-тәрбие алу да , теңіздей терең
білімді игере бастауың да, қабілет, икемділікті бойына сіңіруің де
бәрі-бәрі де еңбектен бастау алатынын байқау қиын
емес.
Ұлттық қолөнер –халық қазынасы,бабалар мұрасы.
Демек оның адамзатқа сыйлар рухани байлығында шек жоқ. Өткен күндер
белгісіндей болған ата-баба мұрасы –ұлттық қолөнеріміз бүгінгі күні
баға жетпес байлығы,құнды шежіресі. Өнерге бай халықтың ұлттық рухы
да жоғары. Сондықтан да өнерді терең танып білу , бабалар мұрасын
сақтай отырып көбейту барысында атқарылар жұмыс өте көп. Бүгінде
халықтың талабы жоғары, талғамы биік.Сондықтан шебердің
шығармашылық еңбегінің жемісті табыстарын халық назарына салып
,алқалы топ сарабына салып отыру заман талабы, бүгінгі мәдениет
көшінің қалаптасқан дәстүрінің бірі. Міне , осындай игі істердің
басы-қасында азда болса өз үлестерін қосып жүрген шеберлерімнің
көпшілік назарына ұсыну үшін шығармашылық қолөнер көрмесін
ұйымдастырып отырмыз.Туынды иесінің жаңасы мен ескісі, кемшілігімен
артықшылығын айқындап беретін де осы көрмелер сыны. Дәстүрлі
қолөнерімізді дамытып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің
маңызы зор .Бүгінгі қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша
үлгілері көп-ақ.Осындай мәдени мұраны көне деп қарамай , оны
байырғы байлығымыз деп бағалап , халқымыздың тұрмысына ,қажетіне
тиімді пайдаланып, сол жолда оқушыларды эстетикалық жағынан
тәрбиелеп , он саусағынан өнер тамған ұл-қыздар тәрбиелеу
мақсатымыз.