Материалдар / Баяндама Адамгершілікке тәрбиелеу – жаңа кезеңдегі өзекті мәселе.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама Адамгершілікке тәрбиелеу – жаңа кезеңдегі өзекті мәселе.

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
292
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШҚО

Көкпекті ауданы

КММ «Шәріптоғай негізгі мектебі»









Баяндама

тақырыбы:

«Адамгершілікке тәрбиелеу – жаңа кезеңдегі өзекті мәселе»
























Адамгершілікке тәрбиелеу – жаңа кезеңдегі өзекті мәселе.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу.

Рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру отбасынан басталып, орта балабақша мен мектеп табалдырығында жалғасын табады. М. Жұмабаевтың «Жас бала - жас бір шыбық. Жас күнінде қалай исең, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деген пікірі ұрпақ тәрбиесімен айналысатын педагогтар үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Рухани-адамгершіліктің мәні – адам еңбегіне құрметпен қарау, шығармашылық күші мен мүмкіншілігін дамытудағы ролінен көрінеді.

Рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол адамның жемісті іс-әрекеті болып табылады.

Рухани-адамгершілік қасиеттер адамдардың еңбек мәдениетінде, қоғамдық мәдениеттің көркем және эстетикалық, ғылыми және білім беру компоненттерін өзара байланысын, қоғамдық қатынастағы мәдениетін, рухани-адамгершілік көз қарасын қалыптастырады. Осы сөздеріміздің дәлелі ретінде, әлемдік ой-сананың асқар биігіне көтерілген Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген сөздері, В.Г.Белинскийдің «Тәрбие ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген, Д.И.Менделеевтің «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» дегені, Я.А.Коменскийдің «Тәрбиені мойындамау–адамдардың, жан-ұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деп айтуы әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.

Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды-тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады. Аталған сапалық қасиеттерді қалыптастыру арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарында оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздері курсын бөлек пән ретінде оқытуды қажет етеді.

Баланың еңбекке, тағы басқа қызметтерге қызығушылығын арттыру мақсатында рухани адамгершілік тәрбиедегі маңызды педагогикалық шарттардың бірі - танымды, қабілетті қалыптастыру болып табылады.

Тағы бір шарт баланың қабылдауына мән беру болып табылады. Яғни, бұл баланың жас ерекшілігімен тығыз байланысты болмақ: оның білім деңгейі, тәрбие дәрежесін, өмірлік тәжірибесі мен мінез-құлқы, оның дамытушылық қасиетіне көңіл аудару керек.

Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –қайрымдылық, мейрімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Мұғалім мен ата-ананыңбеделінорындыпайдалануды да шартретіндеқарастырамыз.

Тағы бір шарт бір тұтастық, интеллектуалды эмоциялы және танымдық –шығармашылық шарттар оқушының рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

Жас өспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жандүниесі мен рухани әлемінтану, дамыту, жетілдіруге арналған бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде В.В.Давыдов, Ш.Амонашивили, В.Ф.Шаталов, И.Т.Волковт.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты, дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген оқыту технологиялары дүниеге келді. Е.Н.Ильиннің «Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады»,- деген пікірі оқушының рухани адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбиесі үрдісінде кеңінен қолданылуда. Демек, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі бастым әселе – баланы құрметтеу. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтыны белгілі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызметететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан мұғалімге мынадай қызметтер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Сыныптағы рухани адамгершілік, психологиялық ахуал - бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебін ақ осы өз сыныбында баланың мейрімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық, өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір көңіл бөліне бермейтін маңыздыларына тоқталатын болсақ, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі – мұғалім өзінің әр бірісі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге жауапкершілігі. Бұны іске асырудың тетігі-мектепте туындап отырған әр түрлі ахуалдарды шешуде әділетті, дұрыс жөн таба білу.

Педагог ғалымдар істің өзі емес, сол істегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәнді екені, мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы осындай жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген. Мұнда тағы бір маңызды мәселе шешіледі. Ол – баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда–зиянын білу. Бұрынғы кездері үлкендер тәрбие жұмысының негізін білім, іскерлік, дағды және құндылықтарды балалардың бойына жинақтау деп түсінді. Соның негізінде балалар, олардың ата-анасы өмір сүрген ортаның қағидаларына сүйенеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік өзгерістер ғылыми-техникалық мәдени, тұрмыстық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты болғандықтан, балаларды осы ыңғайға дайындауымыз қажет сияқты. Сондықтан тәрбиенің жетістіктері оларға өздерінің іскерліктері мен дағдыларын беру ғана емес, олардың жеке әрекет жасауға және шешім қабылдауға өз бетінше үйрена алуына мүмкіндік туғызу. Жас ұрпақ үнемі өзгеру жағдайында болады, оның психологиялық реакциясы да ауыспалы болып отырады. Осы күні педагогикалық білімі жоқ адамдар да білетін ереже – «тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек». Бірақ кейбір мұғалімдеріміз өзін-өзі тексеріп, өзін-өзі қайта тәрбиелеуде бас тартқандардың жауабы біреу - енді кеш, болары болды дейді. Тағы да сол ұлы ғалымдардың айтқаны бар. «Үйрену ешқашан кеш болмайды», ал халқымыз «Ештен кеш жақсы» дейді. Мектептегі тәрбие өз оқушыларын артынан ертіп, еліктетіп әкетуді, онда тек жақсы істермен ғана үлгі көрсетуді көздесе, оның басты жолы рухани-адамгершілік тәрбиесі болмақ.

Баланың сана – сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын- тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады.

Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа баулып, мейрімділік, қайрымдылылық, кішіпейілділілік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы. Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштігі жатады. Мінез ол адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшіліктерінің тұрлаулы белгісі. Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап жеткізген халықтың ырысы. «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж. Баласағұн адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.

Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп–тұруы тиіс деген ойлары жақсы мәлім. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың басты мақсаты.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркенниетті әлемге танытатын, елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі, себебі мемлекеттің болашағы білімді де саналы жас ұрпақтың жеке басының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Біз білімді ұрпақтың, рухани жан-дүниесі бай, біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең болуын, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруын қалаймыз. Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, басында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті.


































Әдебиеттер:

  1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж.

  2. Аймауытов Ж. ТәрбиегежетекшіОрынбор, 1924.

  3. Сатыбаев С.Халықәдебиетініңтарихынегіздері — Алматы: 1992ж.

  4. Баймұратова Б. Отбасындағыбаланымектепкедайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000ж.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!