Материалдар / Баяндама "Ағылшын тілі сабағында жаңа технология қолдану тиімділігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ағылшын тілі сабағында жаңа технология қолдану тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндаманың негізгі мақсаты ағылшын тілін оқыту барысында оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызыгушылықтарын арттыру , сабақты тәсілдерді түрлендіре отырып откізудің маңыздылығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2019
2375
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО Семей қаласы "Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі " КММ

Есекеева Ж. С. ағылшын тілі пәні мұғалімі Бұлақ жалпы білім беретін мектебі Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану тиімділігі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы нарық саясатына жол ашылып, дүние жүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуде. Өркениетті ел болу үшін әлемдік кеңістігіне бет түзеу қажеттілігі туындап, заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім саласын әлемдік деңгейге көтеру –оқу орындары мен оқытушылардың басты міндеті болып отырғаны баршаңызға мәлім. Есбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» - деген еді. Сондықтан біздің болашағымыз үшін елімізге дені сау, білімді, рухы таза ойы биік адамдар қажет. Ал мұғалімдердің, яғни біздердің мақсатымыз рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, тілдерді жақсы меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид деген сипат беруге болды. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды атқаруда. Ал, мұғалімдер бұл мақсатқа ұлттық байлығымыз бен салт-дәстүрімізді, білім беру ісіндеге озық үлгілер, тұғырлы ұстамдарымен тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру, осы арқылы өз – өзіне деген сенімін арттыру, яғни өз жолын өзі дұрыс таңдауға дұрыс бағыт беру арқылы жете алады. Бүгінгі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі нышаны - жеке тұлғаға бағытталған оқу. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту- оқушының барлық мүмкіндіктерімен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін, қабілетін дамытуға жағдай туғызу. Адамның үнемі ізденіске ,жаңалыққа ұмытылуы физиологиялық құбылыс, ал заманауй теннологиялардың біздің қоғамымыздың түрлі салаларына орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Кез келген ұлты танып білу үшін сол елдің тілін , тарихын жетік меңгеру қажет. Сондықтан әр оқушының өз ана тілін жетік меңгеруімен бірге халықаралық тіл - ағылшын тілін жетік меңгере білуі ұстаздарға қойылған заман талабы және артылған үлкен жауапкершілік. Білім беру саласында оқытудың мазмұны өзгеріп ,жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың жаңа технологиялары , яғни инновациялық оқыту технологиялары кеңінен қолдануда.

Жаңа технологияны меңгеру әр ұстаздың интеллектуалды, кәсіптік, шеберлік және басқа да қабілеттерінің , біліктіліктерінің қалыптасуына , өзін –өзі дамытып , оқу тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына әсерін тигізетіні сөзсіз. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол -жаңадан жаңаны табатын өнер . Бала ынтасын ояту үшін бір жаңалық қажет » деген екен ұлы кемеңгер Ж.А .Аймауытов.Оқу үрдісінде бұрыннан қолданылып келе жаткан Ж.Қараевтың Деңгейлі - саралап оқыту, «Модульдік жобалай оқыту» « Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы , Миға шабуыл, Интерактивті әдістер ,Топтастыру ,Инсерт ,Класстер құру,Семантикалық кесте, Венн диаграмасы, және Ақпараттық технологиясы , рольдік ойындар т.б жатады.

Оқушыдарды ағылшын тілі пәні бойынша ауызша сөйлеу,өзіндік ойлау, функцианалдық сауаттылықты ,монологты сөйлеу дағдыларын арттыруда , тақырыптық сөздік қорларын кеңейтуде және граматика-лексикалық білімдерін дамыту барысында қолданылатын көрнекіліктердің және әдіс- тәсілдердің маңызы өте зор.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - педагагогикалық технология .Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы еркін сөйлесуге, тілді жетік меңгеруге , пікір таластыруға , бір – бірінің ойын тыңдап құрметтеуге , өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңе білуге бағыттайтын – технология..Сын түрғысынан ойлау әдісі бойынша қойылатын шарттары :

- баланың сабаққа қызығушылығын ояту

- әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау

- сенімділігін туғызу

- әр жауапқа бірдей қарау,жақсысын мадақтап,нашарын сынамау

- жауапты соңыны деін тыңдау

- жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз ұинап сұрамау

- іл байлығын дамыту үшін жауапты соңына дейін тыңдау

- баланың рухани өсуіне жағдай жасау

Бұл стратегия бойынша сабақтар үш кезеңнен тұратынын ескерген жөн.

I-кезең оқу кызығушылығын ояту.

Үйрету процесі-бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастырудан тұрады . Бұл кезең бойынша ағылшын тілі пәнінен ой ашар , мыйға шабуыл , Ассоциялық кесте, болжау,класстер,аквариум әдістерін қолдануға болады.

Тапсырма: Артық сөзді тап Odd the words

Sofa pillow sugar sock garden skirt Flower street bridge

II -кезең Мағынаны тану Бұл кезеңде оқушы жаңа тақырыппен танысады , тақырып бойынша жұмыс істейді ,жаңа тақырып бойынша мағынана ашатын түрлендірілген тапсырмалар ұжымдасқан топта орындалады, ,олардың өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай жасалады. Мәтінмен жұмыс бойынша оқу түсінігін диаграмма толтыру, true or false ,Jimblled Sentences (шатасқан сөйлемдерді ретімен қою) , Matching the picture with given paragraph

INSERT әдісін мәтіннің мағнасын ашу үшін қолдануда,оқушылардың ауызша сөйлеу, ой бөлісу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.

I) I know II) I want to know III) It is new for me IV) I have known

«Total physical response» (физикалық сезіну ) әдісі сөздікті іс – қыймыл арқылы ұғынып, тез меңгеруге жақсы ықпал етеді. III – Кезең Ой толғаныс Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісінде бұл кезең маңызды әрекет болып табылады. Оқушы нені үйренгенін саралап, ой елегінен өткізеді, қорытындылайды. Ұжымдық іс-әрекеттер білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналды. Оқу процесінің ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасы, Семантикалық карта, кесте толтыру, тест жұмысы, тақырып бойынша эссе жазу , постер қорғау әдістері әр сабақтың ерекшелігіне, мұғалімнің сабақ жоспарлауына байланысты қолданылады.

Осындай оқу әдістерінде оқушы неге үйренеді. - Ұжымдық жұмыс істеуге дағдыланады - Ой қабілеттері артады , жаңа идеямен бөліседі - Тілі дамиды, сөздік қорлары кеңейеді - Өздерін-өзі, бір –бірін бағалай алады - Бір-бірлерінің жауабын тыңдауды үйренеді - Пәнге деген қызығушылықтары артады - Өздеріне деген сенімділік көзқарастары қалыптасады - Іскерлік дағдысы дамиды Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазақстан Республикасы "Білім туралы" 8-бабында "Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілілерге шығу" делінген. Білім беру жүйесінде осындай жаңа технологиялық әдістерді қолдану және заман талабына сай пайда болған ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушының қабілетіне қарай білім беруге, оны дербестікке, ізденпаздыққа тәрбиелеуде және жеке тұлғанаң жан-жақты дамып жетілуге жағдай туғызады. Жеке тұлғаға заман талабына сай сапалы білім беру, саналы тәрбие бере отырып, оның өз ана тілін және ағылшын тілін жетік меңгере алуы-әр педагогтың алдындағы жауапкершілігі мол ортақ іс. Білімнің сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан жоғары дәрежеде болуы ұстаздың шеберлігі мен сабаққа тиімді әдіс – тәсілдң пайдалана білуінде. ХХІ ғасырға сай білімді және дарынды полиглот азаматтарды тәрбиелеу шет тілін оқытатын ұстаздарға берілген үлкен тапсырма және сенімділік болып табылады.

Есекеева Жаныл Серикхазиновна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!