400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Баяндама Әке асқар тау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әке- асқар тау

 Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
 
Өмірде еш нәрсе теңелмеген.
 Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Ол ата, әке, бала. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Бұрыңғы заманда да, қазіргі кезде де, сөзсіз, отбасында әкенің алатын орны ерекше. Әке-ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке-бала үшін шыңы биік асқар тау. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар, әкең жіберсе бар, әкеңе барып сәлем бер, әкеңнің керегін дайында», деп әкеге құрмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, бірлік болады. Қазіргі заманда әйелдер эмансипациясы басым болып келеді. Көп отбасында әйел адамдар, қаншалықты қиын болса да, өз қолына отбасы тізгінін алып, өзі асырап-сақтаушы болып жүр. Бүгінде отбасында әке мейірімін, оның ыстық алақанын, қорғанын білмей өсіп жатқан балалар да аз емес. Осындай кездерде әке орынын аталары немесе ағалары басып, ер мінезін үйрете отырады. Ал балаларының алдында өз әкелік парызын өтей алмай, ішімдік, не бүгінгі қоғамда басым алған тағы да басқа індеттерге бой алдырып, қисық жолға түскен әкелер қаншама... Өміріміздің басты бөлігін балалармен өткізгендіктен, осындай сансыз сұрақтар біз сияқты ұстаздар қауымын алаңдатпай қоймайды. Өз басым, күнделікті көздері жәудіреп алдымда отырған әрбір баланың бақытты болуын, жақсы Адам болып өсуін тілеп, олардың пәк жүректері жараланбаса екен деймін. Бала жаны жаңа дәптердің алғашқы парағындай тап-таза, дәптерге әдемі жазумен жақсы сөздер жазсаң, ол пайдалы қағазға айналады емес пе...

«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды», деген сөз бар емес пе? Ежелден қай елде болса да ата-анасына қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Алайда, «Ана көңілі балада, бала көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарыс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Ата-анаға қажетті, баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем ба екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұрмаған жағдайда, олармен жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, оларды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
2247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі