400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Әлем өзгереді, біз де өзгереміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



№42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектеп



















«Әлем өзгереді, біз де өзгереміз»





















№ 42 Қ.Баймағанбетов атындағы

орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Марал Бегайдарова Нартаевна



















2016 жыл

ӘЛЕМ ӨЗГЕРЕДІ, БІЗ ДЕ ӨЗГЕРЕМІЗ

М.Н. Бегайдарова

№42 жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылы



Қазір әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін көрсетіп отыр. «ХХІ ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындау керек?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жеріне қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.Сондықтан қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал- білім. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсене қатысып, жақсы баға алып, білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекеттер таңдауға толғану , дамыту қажеттілігіне сәйкес келмейді. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсетті.

Сондай-ақ, мен еліміздегі өзгерістерге ықпал ететін мемлекеттік бағдарлармаларды ерекше атап өткім келеді. Айтар болсам, PISA, Ұлттық фукционалды дамыту жоспары , Болашақ бағдарламалары халықаралық зерттеулер бойынша әр елдің білім беру стандарттарының түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Біздің еліміздің білім беру жүйесі қай елдің тәжірибиесіне сүйенгені дұрыс және оның қай тұстары бізге тиімді деген сұраққа жауап алу үшін бірнеше елдің білім беру жүйесімен танысқан болатынмын.

Француз қайраткері «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру , осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, менің ойымша құзіреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінемін.

Елімізде қабылданған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қабылданған бес жылдық ұлттық жоспардың мақсаты жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Елбасы халыққа жолдауында дамыған елдердің қатарына қосылу үшін, біріншіден, білім қажет екенін атап көрсетті. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін білімді ұрпақ қажет. Қолданылып жүрген білім жүйесіндегі білім материалдарын игеру ауқымды ақпарат көп, меңгеру қиындық туғызады, сондықтан білім сапасы төмендеп, икемді дамуына тиімсіз, денсаулыққа кері әсері бар екенін анықтады. Осы өзекті мәселені шешу - мемлекетіміздің басты міндеті 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып табылады. Жақсы бастама деп Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуын атап кеткім келеді. Бірақ мұндай мүмкіндігі мол мектептерден білім алуға көп оқушы қол жеткізе алмайды. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын өзгерістер қажет деп ойлаймын.

Әлемдік экономиканың өзгеру қарқыны жоғарылауда.Қазіргі ақпараттық дәуірде табыспен өмір сүру үшін балалардың белсенділігін қамту мақсатында сындарлы оқудың тиімді тәсілдерін қолдану қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, себебі, оқушылардың түрлі топтарына білім қолжетімді болуға тиіс.

Педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңа нысандарды енгізу керек деген ойдамын. Мектеп көшбасшылары жаңаша оқытудың тәжірибесін енгізуге жұмыстануы шарт.Дайын білім беруге негізделген ''дәстүрлі '' стиль арқылы алынған білім үстірт, есте сақтауда тиімсіз екендігін дәлелдеді.Білім дайын күйінде берілгендіктен , баланың есінде қала бермейді және әрі қарай өмірлік қажетіне дұрыс пайдалана алмайды. Мұның дәлелі : жоғары сынып оқушыларының 30% ғана өзінің қабілетіне сай мамандықтарды таңдай алады екен. Сонда қалған оқушыларымыз өз бетінше өмір сүруге дайын емес дегенді білдіреді. Мектеп мұғалімдері өз креативтілігімен емес, мемлекеттің стандарттарына сай жұмыс істеушіге айналған.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:Компьютерлік техниканы, интернет, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы- жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілін « ағылшын және орыс тілдерінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Осыған орай елімізде үштілділік, көптілділік ұғымдары қолданысқа енді. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту- қазіргі заман қажеттілігі.

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді.

Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл инновациялық технология болып табылады.Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауатты ақпараттық- коммуникациялық технологияны жан- жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі- бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі- ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скот сөйлеген.

Поляк педагогы В.Окань оқыту құралдарын мұғалімнің іс- әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жай және күрделі. Жай құралдар сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, суреттер. Күрделі құралдар: механикалық визуалдық құралдар: кодоскоп және т.б. аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш, дыбысты фильм, ақпараттық жүйе. Бұл технологияларды ,әсіресе, шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениетін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді.

Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту болып табылады. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну дағдыларын қалыптастырады. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың мақсаты компьютер желісін шет тілі сабағында тиімді қолдану, электронды құралдарды терең қолдану. Ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, т.б.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  • Лексиканы оқып үйретеді;

  • Сөйлеу ырғағын;

  • Диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

  • Хат жазуға үйретеді;

  • Грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушыларды есте сақтауға үйретеді.



Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Ағылшын тіліндегі видео роликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электрондық оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырып бойынша сабақта қолданамын. Бұл ақпараттық техникалық құралдар оқушылардың жаңа тақырыпты ашуға, жаңа сөздерді үйренуге ,ауызекі сөйлеуге көп көмегін тигізіп, тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда мүмкіндігі мол. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығы артады; қарым -қатынас дағдыларын дамытады, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым- қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де оқушы да жаңаша көзқарасты ойлы болуы керек.Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу ,ізденімпаз өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз қажет.Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.Оқу үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану, әлемдік білім кеңістігіне еніп, халықаралық деңгейде көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық технологияның жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Біздер, білікті мұғалімдер, көшбасшы ретінде оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал жасаймыз. Мен және менің мектебімдегі мұғалімдер өзгерістердің басымдықтарын түсініп, жаңа идеяларды меңгеретіндігіне және оқушылар өзгерістерді қолдайтындығына сенемін.

Сонымен әлемдік елдерді зерделей келе, және Қазақстан білім беруге қажетті реформаларын анықтай келе , мектебімді осы қажеттіліктерге қарай шамасын зерделей отырып, мен мынадай қорытындыға келдім. Алдағы уақытта , өз мектебімдегі ахуалды жақсарту үшін, жаңа бағдарламаға сүйене отырып, әлемдік тәжірибелерден мағлұмат алып, осыған дейін қалыптасқан тәжірибемді қайта қарап, жаңа талап үдерісінен шығу үшін жаңа жағдайға бейімделуі керек .

Алған білімімді сол қарқынмен өзімнің мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беріп, күрделі мақсатты жеңу жолында көп еңбек етіп, тиімді өзгерістер енгізуге жұмыстанамын .















Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 жыл

  2. Ғаламтор мәліметтері

  3. Н.Назарбаев « Қазақстан- 2030» страгиясынан, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан. Алматы:Білім,1997 ж

4.”Тілдердің үш тұғырлығы’’мәдени бағдарламасы.

5 «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік"атты бағдарламасы











Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

Амангелді ауылы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі