Материалдар / Баяндама. Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жүргізетін жұмысының тиімділігі

Баяндама. Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жүргізетін жұмысының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау жолдары, тәсілдері, нәтижелері берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2024
107
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жүргізетін жұмысының тиімділігі

Әлеуметтік педагог белгілі бір нәтижеге жетуі үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті әдістерін меңгеруі, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі қажет.

Әлеуметтік педагог ретінде біздер мектептегі барлық категориядағы балалармен, ата аналармен, отбасылармен, педагогтармен, түрлі ұйымдармен жұмыстанамыз. Логопед, дефектологтар ерекше білімді қажет ететін балалармен және олардың ата аналарымен, педагогтармен ғана жұмыстанса, біздер барлық категориядағы балалармен, олардың ата-аналарымен, туыстарымен, көршілерімен, олардың ортасымен, педагогикалық ұжыммен тығыз байланыста болып жұмыстанамыз.

Әлеуметтік педагог жұмысының ең басты кезеңі мектеп оқушылары өмірінің шынайы болмысын зерттеу болса, осы зерттеу барысында алғашқы мәліметтер алу үшін сынып жетекшілермен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, зерттеу қорытындысы бойынша мектептің төлқұжаты жасалады. Бұл жұмыстар тәжірибеде қолданып жүрген әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі: баланың үйіне бару, бақылау, сұқбаттасу, сауалнама, анкета, жеке әңгімелесу т.б.

Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, ата-аналарға жеке кеңес беріп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі. Бұл жұмыстар сынып жетекшісі, мектеп психологі, логопед, дефектолог маманы, тәрбие ісі меңгерушісі, жалпы мектеп әкімшілігімен тығыз жүргізілуі керек.

Ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүгедектішгі бар балалармен жұмыстануда әлеуметтік педагог көбінесе психолог, сынып жетекші, пән мұғалімдері, логопед, дефектолог мамандарымен бірігіп жұмыстанса, қиын балалармен, мектепішілік есепте тұрған балалармен, қолайсыз отбасылармен, өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен, отбасыларымен жұмыстануда сынып жетекшілер, психолог, тәрбие ісі меңгерушісінің араласуы қажет етіледі.

Әлеуметтік педагогтың мектептегі негізгі жұмыс бағыттарының ішінде педагогикалық ұжыммен жұмыс, онда сынып жетекшілер, медициналық қызметкер, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру қарастырылған.

Сонымен қатар қызмет барысындағы әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың өзара әрекеттесудегі негізгі жұмыс бағыттарына:

құқық бұзушылықтың алдын-алу;

қараусыз, қадағалаусыз қалған оқушы;

жаман әрекеттердің алдын-алу;

салауатты өмірге баулу, денсаулыққа мән беру,

ата-ана, оқушы, мұғалімдермен ағартушылық қолдау жұмыстары,

«Қиын» балалармен жұмыс жасау қарастырлып, біріккен жұмыс жоспары жасалынады.

Әлеуметтік-педагог оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге ақпараттық және құқықтық көмек көрсетеді.

Әлеуметтік педагог және педагог–психологтың мектептегі кәсіби іс- әрекет барысында көптеген мәселе болып туындайтын жағдайлар мен жұмыс формаларының ұқсастығында. Атап айтсақ: «Қиын», «Қауіпті» жасөспірімдер, «Жағдайы ауыр жанұя», әлеуметтік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыстарды келтіруге болады.

Кейбір ата-аналар мен пән мұғалімі, сынып жетекшісі арасында түсініспеушіліктер туындаған жағдайда, ол кезде ата-анаға кеңес беру, түсіндіру жұмыстары, педагогтармен кеңес беру жұмыстары кеңінен жүргізілу.

Қамқорлыққа алынған және даму мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық жыл сайынғы тексеру, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының демалу орындарына жолдану кезінде, шыршаға жолдау кезінде өтетін медициналық тексеруді жүргізу кезінде, мектептегі асханадағы тамақтану, ас блогының санитарлық жағдайын тексеру кезінде мектеп медбикесімен біріккен жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілермен бірлескен жұмысына тоқталар болсақ, жартылай жетім балалар мен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу, сынып жетекшілермен бірлесе жартылай жетім балалардың ата-аналарынан мәлімет алу, сонымен қатар әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ата-аналарының материалдық жағдайын анықтау. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың кітаппен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу, тұрғын-жай актісін жүргізу сияқты алғашқы диагностика-зерттеу жұмыстары атқарылып жүр.

Мектеп психологымен бірге әкімшіліктің, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілердің сұраныстарын қабылдау: оқушылардың психологиялық ауытқушылығы, шиеленістік оқиғалар, отбасының сәтсіздігіне байланысты әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу, жекелей және топтық кеңестер беру жұмыстары бұрыннан қолға алынған.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың отбасыларына, қолайсыз отбасыларда балалардың құқықтарының қорғалуы жөнінде жұмыстар жүргізу, баланың құқығының қорғалуын қадағалау тәрізді жұмыстар атқаруда тәрбие ісі меңгерушісімен біріккен жұмыстар жүргізу тиімді болып отыр.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!