жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша оқушылардың оқу бағдарламасын игеру деңгей
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша оқушылардың оқу бағдарламасын игеру деңгейі
Беріліп отырған сабақта ерекше білімді қажет ететін балалардың білім алуы мен тәрбиесімен қатар баланың қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне, өзіне қызмет етуіне көп көңіл бөлінеді.
Түзете-дамыта оқыту сыныбындағы өткізілетін әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу сабағында балалардың өзін-өзі басқара алуға, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге, тұрмыстық құралдармен жұмыстануға, мамандықтар туралы түсінік беріледі.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағы балалардың өз бетімен өмір сүруге және еңбек етуге әлеуметтік бейімделуіне даярлау және жалпы баланың жан жақты дамуын көтеру мақсатында бағытталған тәжіриебелік жұмыстармен алмастырылып отырады.
Сабақ оқушының өзіне-өзі қызмет етуге, үй шаруасын жүргізуге дағдылануға, өзін қоршаған ортада бағыт табуға, ақыл ойы мен дене дамуы мүмкіншілігіне қарамастан шығармашылықпен жұмыс істеуге, түрлі электрлік, тұрмыстық приборлармен жұмыс істеуге, тұрғын үйін таза ұстауға, тамақ дайындауға, киім, аяқ-киімін күтуге, түрлі транспортта еркін жүруге бағытталған.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәні сабағының оқу бағдарламасы 8 бөлімнен тұрады
1. Денсаулық
2. Киім және аяқ киім
3. Тамақтану
4. Тұрғын үй
5. Көлік, көше
6. Отбасы
7. Мерекелер мен салтанатты жиындар
8.Кәсіпорындар, мекемелер және байланыс құралдары
Осы аталған бөлімдерге байланысты оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерін оқу бағдарламасында қаншалықты игере алғанын байқаймыз.
Сабақта баланың жас ерекшелігі мен деңгейін ескеріп түрлі тапсырмалар дайындаймыз.
Мысалы: «Денсаулық» бөлімінде «Жеке бас тазалығы» тақырыбында балалар тазалықты сақтау, теріні баптау, өзінің денсаулығын нығайтуға үйренеді. Бұл тақырып бойынша деңгейлік тапсырма берілді
II деңгейдегі оқушы сабаққа қойылған мақсатты түрлі тапсырманы орындай отырып жеке ерекшелігіне қарай қабылдайды.Практикалық жұмыста алған білімін мұғалімнің бағыт бағдары арқылы орындайды.
III деңгей IV деңгейдегі оқушы деңгейлік тапсырмаларды қабылдау қабілетіне қарай және мұғалімнің көмегімен орындайды. Суретпен жұмыс жүргізеді.Практикалық жұмыстарда қайталау сұрақтары қойылып топтық жұмыс арқылы орындайды
Өзіне-өзі қызмет ету үшін «Киім - кешек», «Тұрғын үй» , «Жанұя» тақырыптары жанұяда, топта, сыныпта, қоғамдық жерлерде жеке қарым – қатынас құруға мүмкіндік алады.

«Тамақтану» тақырыбы бойынша оқушылар негізгі тағамдар түрімен, оларды дайындау тәсілімен және тамақты дұрыс сақтау, дастархан басында өзін дұрыс ұстауды үйренеді.

Бағдарлама бөлімінің тақырыптарында тәжірибелік жұмыс көзделген. Әрбір оқушы, өзінің интеллектуалды және қозғалыс мүмкіншілігіне байланысты тұратын ортаның тазалығын сақтап, азық-түліктерден тағам түрлерін дайындауды үйренеді, іскерлік қағаздардың толтыру жолдарымен танысады. Сабақта тұрмыстық техникамен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін қайталап еске түсіріп отырамыз.
Тұрғын үй бөлімінде бөлме жиһаздарын ұтымды орналастыру және үйдегі тазалық талаптарын орындай білуді үйренеді.
Оқушылардың барлық қабілеттерін пайдалана отырып, олардың өмірге қажетті білім мен тынымдарын дамытып, өсе келе, олар өз-өзіне жауапты боп, түрлі арнайы жұмыс орындарында аса қиын емес еңбекпен айналысып, қабілетінше ортада бейімделеді
Балалардың сөйлеу қабілеті де айтарлықтай жақсарады. Оқушылардың көбісі қарапайым айтылған сөздерді жақсы ұғады.Мұғалім көмегімен түрлі суреттер мен сауалдар жайлы жай сөйлемдер құрастыруға бейімделеді. Олар қарапайым оқуды оқып, оған берілген сұрақтарға да жауап береді. Олар жазуларын көшіріп, қарапайым сөздер мен сөйлемдерді тыңдап жазуға үйренеді.
Балалармен түзету-тәрбиелеу жұмыстар арқылы ең бастысы- олардың тілдің коммуникативті қызметінің дамуы болып саналады. Бұл оқу барысында мұғалім не тәрбиешілер көмегімен түрлі жағдайлардағы кинотеатрға, саяхат, телефонмен сөйлесуді т.б диалогтың дамуын, олардың сұрақ жауабын қадағалап, тілдері жаттығады.Сонымен қоса тақырыптың кең ашылуы, эмоционалды сөйлеу, мәліметтерді дұрыс және тиянақты жеткізу-тілдің коммуникативті функциясының дамуына тікелей игі әсер етеді.
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағында дәптерлер, альбомдар, оларға оқушылар өздерінің мекен- жайларын, телефон номерлерін, әр-түрлі тағамдардың аттары мен бағаларын тіркеп жазуға үйретеді.
Сабақ барысында бұл заттар қолданылып, әр сабақ тереңдетіліп қайталап айтылып отырылады.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтарында сюжеттік ,рольдік ойындар кеңінен қолданылып, үлкендердің қызыметін атқарғандай ойнайды. Мысалы: «Автобуста жүру», «Дүкенде» т.б. мұғалімнің істеген ісін, айтқанын балалар қайталап айтуға тырысады. Мұғалім, әр рольдерді өзі таныстырып, ойынның маңыздылығын әр сабақ сайын әр түрлі мамандықтармен таныстырып отырады.
Практикалық оқыту методикасы оқушыға кең маңызды түзету әсерлер береді. Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау сабағында көп жаттығулар қолданылады. Тұрмыстық жабдықтармен дұрыс қолдануларын қадағалайды. Ал практикалық оқыту методикасы жазу жаттығулар, тапсырмалар орындау, құттықтау жолдау, бланктерді толтыру, дәптерге тұрмыстық заттардың анықтамасын тіркеп жазуға үйренеді. Мысалы: «Пошта» тақырыбын өткенде оқушылар осы мекеменің жұмысымен байланысты бүкіл бланктерді, конверт, телеграмма, телеграф, посылка дұрыс толтыруды және де осының бәріне ақша төлеп қалай жіберуін де үйренеді. Міне осының бәрін оқушылар жоғары деңгейде үйрену үшін сюжеттік- рөлді, тәжірибелік ойындар өткізіледі. Сабақ барысында дидактикалық ойындар кеңінен қолданылып, әр-түрлі қиындықтарды тез меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойындар қолданған дұрыс, оқушының есте сақтау қабілеттері қалыптасады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың барлық пән бойынша алған білімдерін күнделікті өмірінде өзіне -өзі қызмет етуге, пайдалануға ,жеке бас тазалағын сақтауға, сыныпты жинауға, асханада кезекшілік ететін дағдыларды қалыптасуға үйретеді.
Әлеуметтіктұрмыстық бағдарлау пәні жүзеге асыруды және оқыту оқушылардың күнделікті тәрбиелік жұмысқа бейімделеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәнінің маңызы өте зор. Себебі, арнайы мектеп – интернатының негізгі мақсаты, баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, өмір сүруге үйрету болса, осы мақсат тікелей әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтары арқылы жүзеге асады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген