Баяндама Алтын қақпа

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Баяндама Алтын қақпа

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы Алтын қақпа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама Алтын қақпа ойыны
Әр халық ұрпағының қайырымды да, адал, әділ де, ержүрек, үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор, ар- ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды.
«Тәрбие - бала дүниеге келген сағаттан басталады» -деген сөздің жаны бар. Бесік жырын, ана әлдиін естіп өскен бала мейірімді, тәрбиелі болары анық.
Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі, ол ата- анадан, ал мектепке келген соң мұғалімнен соған орай әдіс- тәсілдерді іздестіруді, арнайы дайындықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Тәрбиенің, сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі- ойын. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал.
Ойын арқылы оқыту технологиясы кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын- ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын технологиясын құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Оқушылардың іс- әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу- тәрбие мәселесіне көшу.
2) Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуге оқушының ақыл – ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «Жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды атауға болады. Енді, осы ойындардың маңызы мынада:
1) Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл- ой қызметін қалыптастырады.
3) Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені, оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Оқушылар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар, оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.
Сабақтағы ойын оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Ойындардың тиімділігі, олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда ойындарды пайдалану тиімділігі артады.
- Егер мұғалім ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
- Егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.




2. «Алтын қақпа» ойыны
Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Алтын қақпа» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.
1. Қатысушылар екі топқа бөлінеді, нөмірленеді. (І топ – 3 оқушы, ІІ топ – 3 оқушы)
2. Ойыншыларға жалпы сұрақ қойылады, оны тапқан ойыншы ортаға шығып қақпадағы құлыпты ашады. Сол ойыншы тас қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, тас қақпа ашылады.
3. Күміс қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпа ашылады.
4. Алтын қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпа ашылады.
5. Алтын қақпаның ішіндегі сандықтың сұрағына жауап бере алса, тиісті сыйлығын алады.
Ескерту.
1. Әрбір қақпаның өзіне тиісті сыйлығы болады.
2. Ойынды әрі қарай жалғастырмаймын деген ойыншы өзіне тиісті қақпаның сыйлығын алуына болады.
3. Әрбір қақпаның сұрағы күрделене түседі. «Алтын қақпадағы» сандықтың ішіндегі сұрақ ең қиын сұрақ болып табылады және ең бағалы сыйлық та сол.
Ескерту:
Көрермендерге жалпы сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берген көрермен оқушылар ойынға қатыса алады. (6 оқушы)
Жалпы сұрақ:
1. Оқу жылының төрт тоқсанында беспен оқыған оқушы жылдық қорытындыда қанша деген бағамен шығады? (үздік)
2. Бір жылда қанша мезгіл бар? (4)
3. Эвфемизімі бар сөздерді тап (ұрлық, ұрланды, қолды болды)
4. Әкенің әкесі сендерге кім болады? (ата)
5. Антоним сөздерді тап (Сулы — сусыз, сулы – сулы емес, сулы – құрғақ)
6. Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер (кірме сөздер, жаңа сөздер, тіркес сөздер )
Сұрақтар:
1. Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса металл мен өткен шақтық есімше, ал бірге жазылғанда кен өндіретін қала (Жез — қазған)
2. Тас қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш қуатты ата (тіл, ақыл, жүрек)
№ 2. Мақалды жалғастыр: Тіл – адам ойының … (айнасы)
№ 3. Батаның түрлерін ата. Бір батаны жатқа айт (дастархан батасы, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы, жас талапкерге бата т.б.)
1. Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин, ал бірге жазылса республикамыздағы бір қала (Ақ — төбе)
2. Күміс қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш тақ санды есімді тіркес (Бес қару, жеті қазына, қырық уәзір)
№ 2. Ұлт тәрбиесі дегеніміз не? (діл- рух, тіл, салт- дәстүр, тарих)
№ 3. Төрт ананы ата (туған жер, туған тіл, салт- дәстүр, туған тарих) М.Шаханов
1. Құлыптың сұрағы: Жұмбақ жасыру.
Бірінші буыны – жіңішке, езулік,
Екінші буыны – есімдік.
Тұтасынан алғанда
Ол ағаш тым биік. (Е — мен)
2. Алтын қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш фразеологиялық (тұрақты) тіркестер айт (ала жібін аттамау, табан астынан, тісін батыру)
№ 2. Он сегіз мың ғаламды жаратушы, оның әміршісі (Алла)
№ 3. Қ Р. қазақ тілі – мемлекеттік. Тіл дәрежесін қай күні мерекелеп атап өтеді? (22 қыркүйек)
Сандықтың сұрағы: Аманат. «Тіл – ата-баба аманаты» дегенді қалай түсінесің? (Аманат түбірі «аман» деген сөзден шыққан, яғни «аман сақтап жеткіз» деген ұғымды білдіреді, «аманатқа қиянат жасалмайды», жасалған күнде өте ауыр күнә болып есептеледі)

Қорытынды
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу- жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым -қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс- тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Қорыта айтсақ, ойынның үйренуде, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын оқушының алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын- тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл -ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін. Ойындарды пайдалану арқылы жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық рухта тәрбиелеп, өмірге әзірлей берейік демекпін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі