Материалдар / Баяндама "Ақпараттық технология"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ақпараттық технология"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
471
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа ақпараттық технологияларды оқу қызметінде қолдану.»

Жоспар :


І. Кіріспе

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы


ІІ. Негізгі бөлім

1) Инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

2) Оқу іс –әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары


ІІІ. Қорытынды

Ақпараттық технология заман талабы.









































Мақсаты:

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы балалардың даму деңгейін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің ақпараттық мәдениет негіздерін қамтамасыз ету, танымдық дүниесін байыту.

Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты,жан жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.


І Кіріспе

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев.

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманғы сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану; білім мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті білімді, толығымен алуына өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.

Олай болса:

1.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?

2.Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қандай?

Білім беруді ақпаратандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?-деген сауалдар әрқайсымыздың ,жалпы педагогтар қауымын толғандырмай қоймайды.

Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативттік-байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе,технология-іскерлік,шеберлік ұғымдарын береді. Бір сөзбен «Ақпараттық-коммуникативттік технологиялар жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады.Осыған орай бүгінгі ұстаздар қауымының алдында білім,білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын,ойлауын,ерік жігерлерін,яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр.Ғалымдар пікірінше Ақпараттық коммуникативтік технологияны екі бөлікте сипаттайды.

1.Компютерлік бағдарламалар

2.Желілік қызмет

жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса,ақпараттандыру жолының басты мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.

-Электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау;

-Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру;

-Әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.

Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті:-

-білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

-Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау

-Ақпараттық-комуникациялық технология -келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты,шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология[1] деп тұжырымдайды. Ал М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология-адамдардың білімін кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы»[2] дейді.

Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп,жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР-да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету;

-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

-Оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету

бойынша ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

-жаңа ақпараттық технология құралдарын(жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық базасын жетілдіру.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»3деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Президентіміздің Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлемдік әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады»деген болатын. Өйткені, қазіргі біз өмір сүріп отырған ХХI-ғасыр -«ақпаратандыру ғасыры» деп аталған.

ХХI ғасыр -бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 


ІІ Негізгі бөлім.

Қазіргі кезде толғандыратын мәселелердің ең негізгісі -еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.

Балабақша -келешек ел басқарар,жер суына иелік етер,ел -халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.»Ауылына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иман жүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты.

Балабақша-бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.

Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашықы баспалдағы.Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген.Баланы ,жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайынтайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық модельіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, «Әр адам-өз заманының баласы», сәбиі есті,саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамның тәрбие орындарының бірден бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу білім беруге арналған инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 3 . “ Бала мен балабақша» журналы ¹7. 2012ж педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.

«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол-«Жаңарту, өзгеру, дегенді білдіреді. Бұл түсінік ХХI ғасырдағы зерттеулерде пайда болып,белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерідің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білідіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі заман инновациялық қызметі-балабаұша балаларымен жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялар,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуді педагогтарға нақты бір жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы,сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.

Жаңа инновациялық технологияны меңгеруге тәрбиешінің жан-жақты, білімі қажет.

Ол үшін қазіргі тәрбиеші;

-Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

-Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

-Балалармен ортақ тіл табыса алатын;

-Білімді, іскер, шебер болуы керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялары мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Осындай жаңа инновациялық технологияларды толық меңгерген тәрбиешіден білім алған

қазіргі жаңашыл бала:

-Дүниетанымы, қабілеті жоғары;

-Дарынды,өнерпаз;

-Іздемпаз,талапты;

Оқу -тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрін атап кетейін.

-Дамыта отырып оқыту.(Л.Занков)

-Триз әдісі

-Оза отырып оқыту(С.Лысенкова)

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор.

Білім беруде қолданыс тапқан жаңа инновациялық технологиялар мыналар:

-Саралап -деңгейлеп оқыту;

-Лысенкованың тірек сигналдары арқылы желделдете оқыту;

-Ізгілендіру технологиясы (баланың қабілет қызығушылығын дамыту,тәрбие негізгі рол атқарады,салауатты өмір салты,шығармашылыққа жетелеу)

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

-Модульдік оқыту технологиясы;

-Ұжымдық оқыту технологиясы;

-Монтессорри технологиясы;

Инновациялық технологияларды тиіміді пайдаланудағы қол жеткізетін жетістіктер мыналар:

1 Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.

2 Білімін кеңейтуге,тереңдетуге жағдай жасайды.

3 Ой идеясының ішкі астарына үңілуге,өзекті терең барлауға бағыт.

4 Белсенділігін дамытуға,жаңалықты ашуға,ізденуге

5 Өзін-өзі басқаруға жетелейді.

Сонымен қатар білім беру жүйесі мынадай инновацияларды қамтиды:

-Педагогикалық инновация;

-Технологиялық инновация;

-Ұйымдастырушылық инновация;

-Экономикалық инновация;

Педагогикалық инновация-бұл жаңа педагогикалық технологияны оқыту қызметінің жаңа әдістерін,тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату.

Педагогикалық технология бөліктері 3 құрамдас бөліктен тұрады.

1.Тұжырымдамалық негізгі,басты қағидалары.2.Жүйелі құрылымы және негізгі кезеңдері.3.Атқару жолдары және тиімді әдіс-тәсілдері. Педагогикалық технологияның ерекшеліктері мыналарды құрайды.

Консептуалды негізінің болуы.Технологияға қандай да бір философиялық педагогикалық психологиялар ғылыми тұжырымдамаларға негізделуі тиіс.

2.Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы.

3.Басқаруға оңтайлылығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға және нәтижеге өңдеу енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі.

Тиімділігі білім беру стандарттарын қанағаттандыруды тиіс.

Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үрдіс және оқу білім беру әрекетінің нәтижесі.

Жаңа педагогикалық технология кәсіби шеберлікті арттырудың негізі болып табылады.

«Жаңадан бастау» «жаңарту», «өзгерту» деген мағынаны білдіретін педагогикалық технологияның басты белгілерін былай тұжырымдауға болады:

-Оқыту үрдісінде жүзеге асатын келелі де маңызды педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;

-Педагогикалық жаңаландыру мәселелердің жаңа шешімін ұстанады;

-Педагогикалық жаңаландыру жаңа педагогикалық үрдісінің жаңғыруына қол жеткізеді;

Білім беруді ақпараттандыру технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыратын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.

Педагогикалық технологиядағы басты міндет-баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып,педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.

Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.

Меніңде тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым-балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернеть, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпарат банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.

Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені , балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыстар әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде, тәрбие сағаттарында жүргізіледі.Ән,би үйрету арқылы,әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы,білуге қызығушылғын оятуға болады. Сондай-ақ баланың танымы тек таным қызметінде ғана емес,сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде де орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс-тәсілдері баланың қабілетін арттырып,танымдық қызығуын оятады.

Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары мыналар:

-танымдық дидактикалық ойындар;

-әңгімелеу,қызықты математика

Мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып еңгізілуде.

-Ынтымақтастық педагогикасы;

-білім беруді ізгілендіру;

-ойын арқылы оқыту;

-проблемалық оқыту;

-модульдік оқыту;

-тірек сигналдары арқылы оқыту

-дамыта оқыту;

-оқытудың компьютерлік технологиясы;

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ.

Проблемалық оқыту технологиясы-бұл баланы өз бетімен ізденуге үйрету,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Яғни балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру,бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды,білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеруді,бала оқытуды өмірімен және еңбегімен байланыстырады.

Өздігінен дамыту технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу,бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сондағана бала өзін дамыта алады. М.Монтессори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды,әркім табиғат берген даму жолмен жүреді.

Деңгейлеп саралап оқыту технология-білім,білік,дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту,балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.

Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.

Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту бала бойындағы еркіндік,мақсаткерлік, ар намыс ,мақтаныш,сезім,дербестік адамгершілік,еңбексүйгіштітік, белсенділік т.б. қасиеттерін дамыту.

Монтессори технологиясы- Монтессори технологиясының негізгі принципі-балаға өзін-өзі тәрбиелеуге,өз бетінше оқуға,өз бетінше дамуға жағдай жасау.Монтессори балабақшасы жеке жұмыс жасауға,яғни өз-өзіне қызмет етуге үйретеді.Жаңа оқытудың технологиясына мән беріп қарасақ, педагогикалық технологиялар мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс

Балабақшада ақпараттық  технологияны пайдалану- бала  танымын  жан-жақты дамытудың  шешуші  құралы. Мыс: Мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшада пайдаланар  болсақ, оқу іс-әрекеттерін  жоғарғы  дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай  жағдайда  тәрбиеші  бала  тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер  өткізер алдында жиі-жиі  көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай  оқулықтар пайдалану алдымен  балалардың  қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге  деген танымын, белсенділігін арттыра  түсер еді.

Мультимедиялық  оқулықтар  болса балабақша  бүлдіршіндеріне арналған  таптырмас  құрал еді.

Ақпараттық-технологияларды  пайдалану тәрбиеленушілердің   танымдық белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,   логикалық  ойлау жүйесін  қалыптастырады,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.

Қазіргі  қоғам алдында  тұрған  өзекті  мәселелерді шешуде, яғни  жан-жақты  көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген  тұлға  қалыптастыру үшін  ұстаз өзі де  шығармашыл тұлға  болуы  тиіс.

Сондықтан     жаңа    стандарт    негізінде    баланың    танымын қалыптастыру   бағытында  педагогтардың  өз білімі мен  кәсіби  деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе.

Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  танымын   қалыптастырып  тұлға ретінде дамуы  үшін  маңызы  зор.

Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты,  терең білімді,  яғни  интеллектаулды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын  талап  зор.

Заман  талабына   сай  жаңашыл  тұлға  

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!