400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Әрбір сабақта жаңа технологиялардың элементтерін пайдалану тәсілдерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам еңбектене келе дамып, жетіледі. Табиғатың қоршаған ортаның сырларын ашады ,зерттей отырып, өз қолымен тамаша туындылар жасайды. Ізденіс пен зерттеу- шығармашылық.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әрбір сабақта жаңа технологиялардың элементтерін пайдалану тәсілдерім

Дархожаева Айкерим Абдіжаппарқызы

Амангелді атындағы жалпы орта мектеп.

Арыс қаласы , Қожатоғай ауылы.

«Мен өз шәкірттерімді ешқашанда

Үйретпеймін, мен тек олардың

Үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»

(Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн)

Кіріспе.

Адам еңбектене келе дамып, жетіледі. Табиғатың қоршаған ортаның сырларын ашады ,зерттей отырып, өз қолымен тамаша туындылар жасайды. Ізденіс пен зерттеу- шығармашылық. Шығармашылық кез келген салада интеллектуалды даму мен жағымды эмоцияның ең қуаты әрі таусылмас көзі болып табылады . Ол өмірімізді қуанышқа кенелте отырып, білімге деген қажеттілікті тудырады , адамды қызықты ізденістерге жетелейді.

Елбасымыздың «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, жаңа ұрпақты тәрбиелеу барысындағы еңбек пәнінің ата дәстүрді жаңартып ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі ерекше. Дегенмен, ұлттық өнер, ұлттық нақыш тек еңбек сабағында ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез келген сабақта ұлттың педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Ол сөз жоқ, өскелең ұрпақты үлкен адамгершілікке, патриоттық

Сезімге асқан ұстамшылдыққа , асқақтыққа, биікке тәрбиелейді . Міне осы негізді басшылыққа ала отырып қолөнер дәрісін әріден теріп, бірімен жалғастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі .

«Бала нені білсе жастан –ұядан . Өле өлгенше соны таныр-қиядан» - дегендей, бала жасынан өнердің қырсырын меңгеріп , әдемілігін бағалай білуі тиіс.Өйткені ,бүгінгі таңда қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналып отыр.Қазақстан Республикасының «Еңбекке оқыту және тәрбиелеу» тұжырымдамасына: «Еңбек негізі мектеп жасынан қалыптастырмай олардан іскерлер шықпайды» , - деп атап көрсетілгендей, еңбек және үйірме сабақтарында қолөнердің бір түрі:киіз басуға , сырмақ сыруға, түскиіз тігуге оқушы қыздарды үйретіп және сол өнердің қырыменен сырын ұғындырып , эстетикалық талғамын қалыптастыруымыз қажет.

Қазіргі таңдағы педагогтердің қызметі балаға, проблема, жоба, ситуация, модель ұсынады, өткенді жаңғырту арқылы оқушыға ой салуға әрекеттейді. Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады, жаңаны өз бетінше меңгеруге оқушыны бағыттайды. Көмек, нұсқау т.б дидактикалық материалдармен қамтамасыз етеді. Жеке оқушылардың ойын жинақтап түйін түю әрекетін жасайды, проблеманы шешуге жетекші сұрақтар арқылы жетелейді.

Оқушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырады. Өмірімен байланыстыруға әрекет етеді, оқушы мүмкіндігін барынша ашуға тырысады. Ең соңында жұмыстың нәтижесін бағалайды. Ал оқушы болса, өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді, ойлайды, ізденеді, жоспарлайды. Қойылған проблемаға өзіндік қөзқарасты қалыптастырады, түсіндіреді, айтады, ойын жинақтайды. Білімді терең, жеке меңгеру үшін барлық іскерлігін пайдаланады, пікірін айтады, талқылайды, жазады, өз ойын дәлелдейді. Өзгені тыңдай отырып өз білімін толықтырады, салыстырады, құрастырады. Өз жауаптарының тезисін жасап, ойын мәнді жеткізуге тырысады, қатесін түсінеді.

Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Оқутыдың жаңа тиімді тәсілін ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп ұйғару керек. Мұғалім бұл жерде дайын білімді түсіндіріп қоюшы ғана емес, танымдылық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Көп ісдену, шығармашылық жұмыс арқылы өз-өзі дамытады, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзгені тыңдап өз білімін арттырады. Құндылығын бағалайды. Осы орайда мен өзімнің шығармашылық жұмысым: «оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» болғандықтан әрбір сабағымда баланың шығармашылығын дамытуға жөн сілтеп отырамын. Шығармашылық –бұл адамның өмір шындығында өз-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, оларды өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адамның өз болмосын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап, тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру білімнің басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.







Жоспар

Кіріспе

1.1.Қағаздың шығу тарихы

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Оригами әдісі арқылы оқушылардың қағаздан бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру

2.2.Өзіндік жұмыс нәтижесі

ІІІ.Қорытынды.





































Гүлдер туралы аңыз

Пион роза гүліне ұқсайды.Өте ертеде флора құдайы болады. Ол орынға розаны

Ұсынады.Барлық гүлдер келіскеніменнен, бір ғана пион бұл орынға өзін лайық санайды.Оған ренжіген Флора құдайы оны ірі әрі үрілген, яғни розаға қарағанда ұсқынсыз етіп қалдырды.

Лилия гүлі ли-ли аудармасында аппақ-аппақ деген сөзден шыққан .Оның пайда болуы аңызда аналар құдайы Юнона баласын тамақтандырмақ шөп түбінде отырған ұлы Геркулеске еңкейген кезде баласы оны итеріп салады сол кезде ана омырауынан тамған сүттен аппақ гүлдер пайда балады.Қазір лилия гүлінің бірнеше түсті түрлері бар.

Онейда тайпасында мынандай аңыз бар. Жас аңшы бойжеткен қызды ұнатып қалады.Ал ол оның сезіміне жауап бермейді.Сонда аңшы - Егер мен аспаннан жұлдыз алып берсем , маған тұрмысқа шығасың ба – деп сұрапты.Қыз ойланып ,келісіпті.Тайпа адамдары оны мазақ қылыпты.Сонда аңшы оларға , түнде далаға шығыңдар-деген соң тайпа адамдары, далаға шығып, күтіп тұрыпты.Жас жігіт садақты тартып, жебені аспанға атыпты.Біраз уақыттан соң жерге күміс жұлдыздың шоқтары түсіпті.Құдай жігітке ашуланып. Жерге дауыл жіберіпті.Үш күн, үш түн бойы дауыл болыпты. Дауыл біткен соң, тайпа адамдары, мақтаншақ жас аңшы жігітті таба алмапты.Жігіт кішкентай күміс гүлге айналып кетіпті.Үндістер оны-«Жұлдыз» атап кетіпті.





















Қағазды ойлап тапқан ел-Қытай бұл жай ғана сәйкестік емес біріншіден қытай мемлекеті көне заманнан бері өзінің кітап жазу шеберлігімен басқару төрелігімен белгілі болғандықтан, ақпаратты үнемі қағаз бетіне түсіріп отыруға міндеті болған . Алайда ол уақытта адмдар жазу мен сызуға басқа материал пайдаланып , әр қашан тиімді және өте ыңғайлы жазба құралын табуға талпынған.Қытай елінде қағаз өнер кәсібі пайда болмай тұрып, олар ақпаратты бамбук таяқшасына немесе жібек матасына жазатын болған.

Біріншіден, жібек мата қымбатқа түссе, бамбук таяқшасы қолайсыз әрі ауыр болған . Екіншіден тек қытайлықтар ғана ұзақ жылдар бойы жібекті қалай өндіру керектігін білген. Ал қағаз өнеркәсібінің өндіру технологиясы жібек мата өндірісіне ұқсас.

Хан империясы салтанат құрған кезде 105 жылы Цай Лунь белгілі атқамінер ескі балық аулайтын тор ауынан жаңа қағаз түрін ойлап табады. Сапасы жағынан ешқандай кемшілігі жоқ және құны әлде қайда арзан. Бұл жаңалық тек Қытай еліне ғана емес , сонымен қатар бүкіл әлемге маңызды өзгеріс алып келді

Қағаз өнімі ғасыр бойы дамып өнер кәсіпшілер оны жаңартып, жетілдіру енгізіп отырған.ІҮ ғ қағаз өнімі бамбук таяқшасын шетке ысырды .Сан алуан тәжірибе мен сынақтар қағаз өнімін ағаш , бамбук , қамыс секілді шикізаттардан жасауға болатынын көрсетті . Әсіресе қытайларға бамбук шикізаты маңызды балған, өйткені бұл мемлекетте аталған өсімдік көп өсетін.

Бамбук ағашын жұқа шырпыға бөлшектеп ,әкпен сулап,бірнеше күн бойы қайнатады . Дайын болған қоймалжың затты, арнайы шұңқырда ұстап, билмен мұқият жағу арқылы кілегей тектес зат пайда болғанша су қосып отырады.Осы сияқты бірнеше өндіру сатыларынан өткен соң , аяғына таман қатпарлы жұқа парақ пайда болады.

Қағаздардың бір түрі сұлықтарды пайдаланып , сәнді бұйым жасауға болады. Әр бір бұйым жасағанда ұқыптылықпен қарап , тиянақты жасау керек. Сонымен қатар бұйымның түр - түсіне де назар аудару керек

5-сынып

Сабақтың барысы;

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

...Қиындықтың бәрін, еңбек қана жеңбек.

-Ия, адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын қызмет –еңбек.Еңбектеген адамнан өнер туады.Өнер көзі-халықта дейді дана халқымыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру;қағаздардан жасалған түтікшелер.

ІІІ.Жаңа сабақ ой қозғау.

1.Екі басы дөңгелек,

Қиғанға үйір ,екі ұшы сүйір.

2.Бізді қоршаған орта.

3.Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл.

4.Сурет салуға арналған қатты қағаз.

5.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындық оның өлшемі.

Қазіргі заманда қағаздың 600-дей түрі бар екен.Біз білетін қағаз түрлері;түс қағаз, түрлі-түсті, жазуға,газет басуға,сурет басуға, сурет салуға,зат орауға арналғанқағаз түрлері,крептелген. Гафре көшірме,т.б.

Сондай қағаз қалдықтарынан жасалатын кәдесый бұйымдардың біреуі-моншақ жасау.Сәнді моншақ әрбір қыз баласына әр беретін қажетті бұйым.Тұрмыста сәнді әшекей бұйымдар ретінде қолданады. ІҮ.Сарамандық жұмыс

(Интерактивті тақтаны қолдану)

Сонымен, «Еңбек етсең емерсің еңбегіңе кенелерсің» деген мақалға сүйене отырып, алдымыздағы түрлі дайындамаларды пайдаланып, сыйлық бұйым жасап үйренеміз.Сынып үш топқа бөлініп , тапсырмаларын орындайды

1-топ түтікшелерден сыйлық бұйым негізін тоқып жасайды.

2-топ түрлі –түсті қағаздан гүлдерді әзірлейді.

3-топ түрлі түсті гүлдермен безендіретін дөңгелек шарды әзірлейді.Орындап болғаннан кейін, бөлшекттерді терможеліммен жабыстырып жұмыстарын аяқтайды.

Жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:

1.Қағазды қиған кезде қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт .Сол қолыңның саусақтарына абай бол

2.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.

3.Қайшыны біреуге бергенде , жабық күйінде бер.Қайшының сап жағын оны беретін адамға қаратып ұста.

4.Жұмыс біткен соң қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.

Ү.Жаңа сабақты бекіту

Бүгінгі сабағымызды гүл теру ойыны арқылы қорытындылап жіберейік.Гүлдерді біртіндеп алып, артындағы сұрақтарға жауап беріп , корзинаға салу керек. Сонда біздің гүлдеріміз жиналады және сабағымыз қорытындыланады.

Бекіту сұрақтары:

1.Қағазды кім ойлап тапты?

2.Қандай қағаз түрлерін білесіңдер?

3.Бүгінгі сабақ ұнады ма?

4.Сабақтың басында қойған мақсатқа жеттік пе?

Қорытынды: оқушылар

ды істеген жұмыстарына қарай мадақтап, бағалау

Оқушы қызығушылығын арттыру



Мұхтар Әуезов «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестірген нәрсе-білім» деген екен.Бүгінгі күні білімді де білікті, жан жақты дамыған тұлғаға сұраныс жоғары.Дүниенің қай бөлігін алып қарасаң, адамдардың білім алуға деген құлшынысы артып, болашағы алған білімнің деңгейіне сай болуда.Осыған байланысты қазіргі таңдағы мектеп мұғалімінің алдында басты парыз- жеке тұлғаны оқытудың танымдық қызығушылығын арттыру барысында біліммен қаруландыру болғандықтан мақсатымды жүзеге асыру барысында өз сабақтарымда оқытудың жаңа технологияларын, дәстүрлі емес сабақ түрлерін кеңінен пайдаланамын

Жеті модуль

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістермен тәсілдер.

2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

3.Оқытушыны бағалау және оқыуды бағалау

4.Оқыту мен оқыуда ақпараттық комуникациялық технологияны пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқыу

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.















ДЖИГСО

Мақсаты;

Cұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.

Жатығудың сипаттамасы; «Джигсо» әдісінің артықшылығы-топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып,сөйлеуге және тыңдау дағдыларын дамытуда қаммтамасыз ететіндігі.

.Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі әдетте төрт адамнан.Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына,қаблетіне,, қарым-қатнастарына қарап бөледі.

Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі.Тапсырма үйлестірмелі материалдар түрінде таратылады.Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдың тиісті күрделілік деңгейі сақталуы тиіс.Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады.Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Бірдей тақырыпта немесе тапсырманы таңдаған оқушылардан сарапшытоп деп аталатынжаңа топқұрылып, ортақ праблеменың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді.Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым қатнас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.

.Оқушылар бастапқы топтарына қайтып барады.Материалдар таратылады да,бастапқы топтарға қорытындылаушы тапсырма беріледі.Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін.Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әр қайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына »сүйен уін қамтамасыз ету









Қорытынды бөлім

Мен өзімнің әрбір сабағымда жаңа технологиялардың элементтерін пайдалану барысында оқушылардың ой белсенділігінің артатынына көз жеткіздім.Жаңа технологияларды пайдаланып өтілген әр бір сабақ балаға өз әсерін тигізбей қоймайтындығы байқалды .Оқушылар топпен жұмыс жасауға қызыға кіріседі.Постер қорғауға келгенде ортаға шығуға таласады .Бұл оқушылардың белсенділігін көрсетеді.Әр бала берілген тапсырмаға барынша мейілінше ат салысуға тырысады.Сыныпта сабақ үстінде өзімен-өзі болып, сабақтан қалыс қалып отыратын бала қалмайды.Төмен оқитын баланың өзі қол көтеріп, өз ойын айтып жатады.Өзгелерді тыңдайды, білмегенін құрбысының жауап беруі арқылы біледі,түсінеді,түсінгенін айтады.Технология пәні бойынша «ДЖИКСО» әдісі,» «Кубизім» әдісі, «Вен диаграммасы» әдісі, «Салыстыру кестесі» әдісі, «Инсерт» әдістері қызықтыратынын байқадым, жақсы нәтижесін бердім.Сонымен бірге балаларды бірін- бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, кері байланыс беру де қызықтырады.

Еліміздің ертеңі, келешек тағдырымыз жас ұрпақтың қолында болғандықтан әр бір мұғалім, әрбір сабағын жаңа білім беру технологияларымен түрлендіріп өтетін болса, ойшыл , дарынды, жаңалық ашуға талапты да талантты балалардың саны артады деп сенемін.

























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



1.Дамыта оқыту технологиялары. Б.А.Тұрғынбаева.

2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету сабақтары.А.Т.Асқарова

3.«Білім шыңы, ғылым сыры » журналы.2016 жыл

4.Оңтүстік ұстаздар газетті. 2017 жыл

5Мектептегі технология 2016 жыл.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
376
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі