Материалдар / Баяндама "Ардың шыңы – Ата Заң"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ардың шыңы – Ата Заң"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналаған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

Тақырыбы :  Ардың шыңы – Ата Заң
Мақсаты :  1. Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,
өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі : сұрақ-жауап ойын түрінде
Барысы :

І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата-аналармен бірлесе отырып тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған  Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 27 жыл толып отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Тренинг
— Оқушыларды 3 топқа бөлу.
— Келісімшарт жасау.
—     Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
—     Бір-бірімізді тыңдаймыз.
—     Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
—     Уақытты үнемді пайдаланамыз.
—     Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.
—     Бұл бөлімді үзіліссіз 15 минутта аяқтауға.

І – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң »
1- топ  Қазақстан елі қандай ел ?

2- топ  Оқушы қандай міндеттерді білуі керек ?

Түйін сөз
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ- жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары- ата-ана және мектептегі ата-анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп,оны  дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным   »

Әмина -1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Айдар — Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап
1.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.

9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап
1.    Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап
1.    Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
Мұғалім : Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?

29-бап
1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап
1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап
2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

Бейнеклип « Көк тудың желбірегені  ! »
36-бап
1.    Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап Б
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

ІІІ бөлім – « Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң »
Шұғыла —  Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Аяулым — Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Забила — Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Индира – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Рауан — Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ахмарал — Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Айкүміс — Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

Аяулым Даркенбай
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Алия — Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Ұлбосын — Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Рауан — Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Аяулым — Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Рауан — Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Хормен : Ата Заңым жасасын!

ІV бөлім – «Ата Заңым- ар-намысым ! »
І – топ – «Заң білмеген зардап шегеді  »
( көріністер көрсету   )
Мұғалім : Осы көріністер бойынша сарапшы пікірін тыңдайық .

ІІ – топ « Мектеп заңына бағынайық! »
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

І. Оқушылардың құқықтары:
— Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;
— Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
—  Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері:
— Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
— Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
Үлкендерді құрметтеу
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ІІІ. Жалпы талаптар
— Оқушылар белгіленген күн режимін сақтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға тиіс.
— Әр оқушы мектеп мүлкіне, өз класындағы және дәліз бойындағы өсімдіктерге сонымен қатар өз нәрселерімен жолдастарының нәрселеріне мұқият, жауапкершілікпен қарауға тиіс.
— мектепке ұялы телефон әкелуге және қолдануға болмайды. Жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілігіне алмайды.

ІҮ. Оқушының мектепке келуі
— Әр оқушы мектепке сабақ басталардан 15 минут бұрын келуі керек.
— Мектепке кірерде аяғыңды сүртіп кір
— Мектептің есігінен кірерде бірінші болып кіруге асықпа, мұғалімдерге, кіші класс оқушыларына жол бер. Ер балалар есіктен кірерде қыздарға жол беру керек.
— Мектепке келген соң дәлізде жүріп қалмай, бірден өз кабинеттеріңе кіру.
-Сабақты бір күн қалдырсаң да дәрігерден анықтама әкел.

Ү. Оқушының киімі мен сырт пішініне талаптар
— Мектебімізде қыз балалар үшін ақ жиде мен қою көк бетінде жолағы бар костюм, ер балалар үшін қою қара көк түсті костюм мен ақ жиде.
— Киіміңді әрқашан таза және үтектеп ки. Мектепке бір түс киініп кел.
— Ер балалардың шаштары қиылған, бір қалыпта болуы тиіс. Қыз балалар
шашын жинап жүруі тиіс.
— Ақ киімнің таза болуын қадағала
— Дене шынықтыру сабақтары үшін сенің спорттық формаң болуы керек.

ҮІ. Оқушылардың сабақ үстіндегі  міндеті.
— Қоңырау соғылғанда сыныпта не кабинетіндегі өз орныңда бол. Әрқашан өзіңді белгіленген орныңда отыр және таза ретті ұста.
-Сабаққа қажетті кітап, дәптер, күнделігің әзір болсын.
— Оқытушы класқа кіргенде орныңнан тұрып сәлемдес, отыруға рұқсат еткенде ғана отыр.
— Партада тік отыр, жатпа, бүкірейме. Оқытушының түсіндірмесін және оқушының жауабын ықыласпен тыңда.
— Тақтаға жауап беруге шыққанда күнделікпен шық. Жауап бергенде класқа бетіңмен қарап тұр. Анық және асықпай жауап бер.
— Қоңыраудан соң орныңнан секіріп тұрма, айқайлама, мұғалімнің рұқсатымен шуламай кластан шық.

ҮІІ. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі.
— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

ҮІІІ. Асханадағы мінез-құлық

- Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір.
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

ІХ. Оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар.
— Барлық оқулықтар мен күнделіктерді мұқият қапта.
— Дәптерлеріңді бөгде суреттермен былғама
— Дәптерге анық, айқын етіп жаз.
— Үй тапсырмасын күнделікке мұқият және толық жаз.

ІІІ бөлім . Қорытынды
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата Заңым менің!

Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Ата Заңым жасасын!


Мұғалім : Ата  заңым!
Арман  әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 27 жыл толған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі тренинге өз ой-тәжірибелерімен алмасқан ата-аналарға және  сарапшы Ұлмекен апайға  алғысымды айта отырып,«Ардың шыңы –Ата Заң» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!