400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Арестотель 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 жыл, Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 жыл 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 жылСтагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 жыл 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философыПлатонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие[2][3].

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерттеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физикаметафизикапоэтикатеатрмузыкалогикариторика (шешендік өнері), саясатэтикаэстетикабиологиязоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көз тоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.

СократПлатон, Аристотель үштігі ежелгі Грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.

Аристотель ең алғаш этикаэстетикалогикағылымсаясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.

Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизмге және Түркілер философиясына зор ықпал етті. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің пәлсапасына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель пәлсапасының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғасыр ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияныңзоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын[4][5].

Аристотель Түркі-Парсы ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Түркі-парсыдан шыққан Шығыс ойшылдары Әл-КиндиӘл-ФарабиИбн-СинаИбн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар шығыс перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен»[6] деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған[7]. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның МетафизикаЭтика секілді еңбектері аударылды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі