жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Арт терапиясы
Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек»бөбекжайы МКҚК
Баяндама: «Жаңа технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалану»
Орындаған:
Таменова Г.А
2020ж
Мақсаты: Балаларға
күнделікті ҰОІӘ – де жаңа технологияны
қолдану арқылы, балалардың сабаққа
деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың
тілін дамытудағы жаңа технологияны
қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған,
тәрбиелі, білімді, заман талабына сай
белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Бала
өмірінің алғашқы мектепке дейінгі
кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең
жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы,
қабілеті, қасиеттері және эстетикалық
сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде
жан-жақты қалыптасады.
Балабақшада
ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында
білім мен біліктілігін арттырамын.
Тәрбиенің
алдағы міндеттерінің бірі балалардың
ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса,
ойын – осы мәселенің шешімі. Балада
ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге
дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде
суретті әңгіме, дидактикалық ойынды
сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып
таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына
дейінгі балаларды тіл мәдениетіне
тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет
қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу,
құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау
әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін,
қызығушылығын арттырады. Сызба, тақпақ,
жаңылтпаш, ертегілер балалардың
іс-әрекетке қызығушылығын арттырады.
Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы
балалардың жаттауға, есте сақтауға
деген ынталарының дамуына, тілдерін
машықтандырғанына көз жеткізеді.
Күнделікті
жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің
бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске
аспайды. Мен әр тақпақ пен жаңылтпаштарға
сызба-сурет салып көрнекілік ретінде
пайдаланамын.
Ойын түрінде өткен бұл
әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп,
таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет,
денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің
дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын
баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру,
қиялдау, еркін сенінуге, еркін сөйлеуге,
жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.
Ең
алдымен ТРИЗ – педагогика түсінігін
анықтап алайық.
Бұл ең жас, әрі кең
тараған таныс педагогикалық инновациялық
жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу
теориясына және шығармашылық тұлға
дамыту теориясына негізделген. Оны
Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы
Генрих Альтшуллер жасаған.
ТРИЗ
- дің мақсаты -
тек қана балалардың қиялын ғана емес,
сонымен қатар шынайылықты түсініп
жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған
ортаның қиындығын байқауға және де
өздерінің шағын қиындықтарын шешуге
баулу болып табылады.
Тризшылардың
ұраны – «Барлығын айтуға болады!».
Көркем
әдебиет арқылы балалардың тілін ТРИЗ
технологиясының әдісін қолдана отырып
дамыту.
Балабақшадағы
балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең
өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған
асыл мұра. Балаларды адамгершілікке
тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында
көркем әдебиет асыл-мұралары – жұмбақтар,
ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз
әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы
зор тиімді тәсіл екені белгілі.
Мен
баланың тілін дамытуда көркем әдебиет
жұмбақ түріне негізделіп жүргізген
өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен
бөліскім келеді. Жұмбақтар тіл мәдениетін
тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар
баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа,
баулып, ой-қиялын ұштастыра көр әсер
етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін
дамытады. ҰОІӘ-де жұмбақтарды балаға
үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының
әдіс-тәсілдерін қолдандым. Осы
технологияның жұмбақпен жұмысты үш
әдіс арқылы айтып кетейін.
1. Тақырып таңдап алынады.
2.
Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.
3.
Объектінің әр түрлі қасиеттері мен
белгілерін айқындау арқылы абстракты-
жалпыдан дербеске ауысуы. Мысалы
өсімдіктерге байланысты жұмбақтар
алатын болсақ, тақырып тандалып
алынады
Мысалы: Ағаш
Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.
Воскобовичтің ойындары –ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көп атқарымдылық. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.Сандар құрамы бала үшін қиын, бірақ оны игеруге Кюизенер технологиясының көмегі зор. Кюизенер таяқшалары – түстер саны, қол арқылы әртүрлі дерексіз түсініктерді ұғынуға мүмкіндік беретін көпсалалы математикалық нұсқаулық болып табылады. Кюизенер таяқшалары санауға пішіндерді орналастыруда тиімді.
Денештің логикалық ойындары баланың логикалық ойлауын, епшілдігін, талдау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын логикалық тапсырмалар арқылы қалыптастырады, объектілердің әртүрлі қасиеттерін атауға, жоқ затты сөз арқылы көрсетуге, айқындауға үйренеді, есте бір мезгілде дерексіз заттың бірнеше қасиетін сақтап тұруға үйретеді.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз,мұғалімдер қауымы әр сабақта жаңа технологияларды қолдануымыз қажет.Себебі,жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуі. Яғни,тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,танымдық процестерін (есту,көру),өзін – өзі өзектендіру,бекіту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру,әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.
Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз, соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бақылауда орын алады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесін қолданып жүрмін. Бұл технологияны пайдаланудағы мақсатым – әр оқушыны оның қабілеиі мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытудың оқушының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ынғайлау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта талаптылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады, оқушылардың оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдетеді.
Сонымен қатар бұл технология сынып ішінде дарынды балаларды анықтауға көмектеседі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тәрбиелік мәні ерекше. Деңгейлік тапсырмаларды орындау процесі кезінде оқушылардың ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, ұйымшылдық, эстетикалық тәрбиесі қалыптасып отырады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Мен өзім көбіне І-ІІ-ІІІ деңгейдегі тапсырмаларды алып отырамын.
І деңгейде жаттап алуға лайықты ережелер, пысықту сұрақтары болады.
Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек»бөбекжайы МКҚК
Баяндама: «Балабақшада ертегі терапиясын пайдалану»
Орындаған: Султанова С.М
2020
Атақты
педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3
жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті
нәрсенің бәрінде ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау,
ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,
ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттер қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани
тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани
ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін,
жас баланың рухының өсіп жетілуіне
қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани
азық»,-деп атап көрсеткен. Сондықтанда
да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін
мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің
бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре
білу маңызды болып табылады.Мектепке
дейінгі кезеңде бала әр нәрсеге құмар,
қызыққыш, өзінің айналасында болып
жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды
сезінуге бейім болып келеді. Әр түрлі
рөлдерде ойнап көруге тырысады. Жоғары
белсенділікті байқататыны белгілі.Қазіргі
уақытта,мектепкі дейінгі кезеңнен
бастап баланың дарындылығын дамыту
және әлеуметтік ортада жағымды
қарым-қатынас орната білуі өзекті мәселе
болып отыр.Осы мақсатта, яғни мектепке
дейінгі балалардың жан-жақты дамып,
жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілдік
қабілетін жетілдіре отырып, өзара
қарым-қатынасын дамытуда театрландырылған
ойындардың маңызы ерекше
зор.Ал,театрландырылған ойындарды
балалар қызықтап ойнайды.
Театрландырылған
ойындар желелі рөлдік ойындардан тек
желісі ғана емес,сондай-ақ ойнау
іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіндігі
іс-тәжірибемізден белгілі.
Театрландырылған
ойындар-«ойын – қойылымдары» болып
саналады, бұл жерде балаларға арналған
көркемдік шығармаларды сахналық
қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер
ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы
сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып,
оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту.
Оның бойында әдебиетке, мәдениетке,
өнерге деген құштарлықты ояту.
Эмоционалдық-психикалық күйінің жағымды
болуына жағдай жасау, мимикалық қабілеттің
дамуы мен эмоцияны жеткізе білуі, ішкі
«Мені» мен сыртқы жеке адамдық қасиетінің
үйлесімділігін қалыптастыру және дамыту
болып табылады.Бүлдіршіндер сахнада
шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра
сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге,
үлкендермен және өзге де балалармен
тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген
диалог балалардың өз пікірін жеткізе
білуге жетелейді.Ойын барысында ойын
ситуациясына бейімделу, алғашқы да
жекелеген элементерді, кейінен рөлді
толығымен ойнау арқылы баланың
ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы
өз кейіпкерін алдына елестетіп қана
қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін
сезінеді.Осындай эмоциялық күйлер
баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне
таң қалдырып,өз сезімін мимика,ым-ишара,тағы
басқа көріністер арқылы біреуге
үйретеді.
Театрландырылған
ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді,
балаларды әңгімеге араласуға,спектакль
туралы ата-аналарына, жолдастарына
әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның
бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог
түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін
монолог түрінде сөйлеп жеткізуге
септігін тигізеді.
Ф.А.Сохина:
“Байланыстырып сөйлеу дегеніміз –
белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық
тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі
түрде жеткізу болып табылады” деп
қарастырады. Сонымен байланыстырып
сөйлеу – отбасында және балабақшада
іске асатын бала тілінің дамуының
тиімділігінің көрсеткіші. Баланың
сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту
үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық
білім нормаларын игертуге байланысты
болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен
дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау,
айту жазумен байланысты болады.
Сондықтанда қатысымдық икемділік пен
дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне
мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп,
екінші жағынан әлеуметтік нормалар,
яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру
болып табылады[2, 112-146 б.].
Баланың
тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін
жүргізуге болады.
1.
Айналадағы бар, күнделікті өмірде
пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек,
ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп,
атын сұрап айтқызу.
2.
Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан,
шыныдан, жүннен, темірден
жасалғандығын)түсіндіру.
3
Ойыншықтары жайында, жақсы көретін
ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе
жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол
- жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп
келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру
мектеп жасына дейінгі баланың тілін
дамытуға баға жетпес нәтиже береді.
Балаларға жасына қарай көркем әдебиет
шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал
- мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты
жұмыстарды да жүргізуге болады. Кез-келген
балада адамның мәдениетіде ойын арқылы
дамиды.
Театрландырылған
ойын кез келген өмірлік мән жайда өз
құрбыластарымен және үлкендермен
қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген
жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға,
эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез
құлқын дамыту.Дене қозғалысының
нақтылығымен еркіндігін дамытуда,
өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен
байланысқан қарым-қатынасын сезінуге
балаларды эстетикалық, психологиялық
қабілетін дамытады. Сөз мәдениеті және
техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу
логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын
меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін
айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған.
Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар
кіргізілген.Бейнелеу арқылы сөйлетуін
дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту,
шағын әңгіме және ертегі құрастыра
білуге үйретеді.
Драматизация
түрлері: жануарлар,адамдар,ертегілер
бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;мәтін
бойынша негізделген диалог,монолог,рөлдік
ойындар; шығармашылық көрсетілім;бір
немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым
қою.Ал,драматизация ойынның екі түрін
қарастыруға болады. Саусақтар ойын
драматизациясы. Балалар атрибуттарды
саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін
айта отырып саусақтарын қимылдатып
сюжет жасайды. Көріністі ширманың
сыртында тұрып, немесе топта еркін
қозғала жүріп көрсетеді.Қуыршақ бибабомен
ойын–драматизациясы.Бұл ойында
саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді.
Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі
қуыршақтардан жасауға болады.Режиссерлық
ойында балалар әрекет етуші бейне
болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы
рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында
болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер
және ойыншықтармен әрекет етеді,сондықтан
ойында интонация мен мимика ерекше орын
алады. Балалар театрының бірнеше түрлері
бар: Ең көп тараған түрі:ойыншықтар
театры.Бұнда балалар қысқа тақпақтарды
жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен
бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер
ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар
орындайды.
Саусақ
театрында– саусақтардың көмегімен
қандайда болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын саханалау болып
табылады.Саусақ театры арқылы баланың
сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті
дамып, ынтасы артады және шығармашылық
әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын
ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,
құстарды және ағаштарды бейнелей
алады.Саусақтарының қозғалыс қимылына
қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға
тырысады және өлеңде үйренген сөз
шумақтарын қайталап айта отырып, есінде
сақтайтын болады.Сонымен қатар балалар
екі қолын қимылдата отырып, оң, сол,
жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай
алуда үйренеді.
Үстел
үстіндегі театры-сәбилер тобынан
бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді
айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу
үшін стол үстіндегі театрды қолданған
жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және
қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін
ойыншықтар қолданылады.Суреттер
(картиналар) театры-Декорация мен
кейіпкердің – суреттері.Олардың
әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс
ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің
мінез-құлқы беріледі.Кейіпкер әрекет
барысында пайда болады, балалардың
қызығушылығын арттырады. Стенд-кітапша
театры. Бірін-бірі ауыстыратын
иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі.
Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы
жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді
(оқиғалар, кездесулер).
Фланелеграф
театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда
көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап
тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен
бірге ескі кітаптардан, журналдардан
қиып алуға болады.
Трафарет
театры -Трафарет театры арқылы сөз
құрамының байлығын, диалог, монологты
дамытуға болады. Балалар дайын
трафареттердің көмегімен болашақ
кейіпкерлердің суреттерін жасайды.
Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды,
дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл
жерде балалардың шығармашылық ойлау
қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс
істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген
бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын
өзгерте алады.Үстел үстіндегі қозғалмалы
ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттінен кейін ойнатуға болады.Онда
балалардың өздерінің шығармашылықтары
арттады.Театрландырылған ойынды басқару
негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен
жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда
әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу
керек.Балаларға арналған қөркем шығарманы
оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса,
мектеп жасына дейінге балалардан
эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым
табысты болады.Тәрбиеші, дайындық
топтарының балалары сәбилерге кішігірім
спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі
театр түрлері қолданылады: бәрімізге
таныс картиналар театры (фланелограф),саусақ
театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі
түстерді ажырата алуына көмектеcеді.
Сәбилер
тобындағы балалар ертегінің мәтінін
өздері қайталамау үшін, олар берілген
іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші
2-3 рет оқу қажет. Рөлмен ойнау балалардың
елестету белсенділігін арттырады, өз
бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға
көмектеседі.Театрландырылған ойынға
қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ
театрының қойылымын көру көмектеседі.Оны
тәрбиешінің өзі немесе дайындық топ
балалары көрсетеді.Күнделікті ойнайтын
ойындарды кеңейтіп, драматтизация
ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы,
балаларды қатыстыра отырып ойын
тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу
керек.Адамдар, жануарлар және құстардың
әрекеттерін ойын арқылы келтіру.Адамның
негізгі эмоциясы (күн көрінді–балалар
қуанады, күледі, алақандарын соғады,
орындарында секіреді), кезекпен тартымды
рөлдер ойнау. Ортаңғы топтағы балалар
«өз үшін» ойынан бала біртіндеп
көрермендер үшін жасалған қойылымға
ауысады. Бұл жастағы балалардың
театрландырылған ойынға қызығушылықтары
тереңдей түседі.Ортаңғы мен ересектер
тобының балалары саханалық өнерді
үйреніп, сезіне бастағанда олардың
тілі, ойлау түйсігі,өнерге құштарлығы
арттады. Қандайда да саханалық қойылымның
алдында балалармен бірнеше кіріспе
жұмыс жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер
балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не
әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің
мінез-құлқына, дауысының ырғағына,
қимылдарына назар аударылады.
2.Әр
кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді.
Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі
өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ
– жауап арқылы кейіпкердің қимылын,
іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл
мен сөз арасындағы байланысын қадағалау
үшін, талмай жаттығулар жасау керек.
«Бала ойынының қарапайымдылығы –алдамшы
құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны бәрі
түсіне бермейді» -деп,П.Ф Каптерев
айтқандай, ойын бала дамуының негізгі
құралы ғана емес, сондай-ақ,өзін-өзі
тәрбиелеп, әлеуметтендіруіне мүмкіндік
жасайтын , отбасынан кейінгі, әлеуметтік
ортаны қалыптастыратын негізгі
іс-әрекет.
Сондықтанда,
мектепке дейінгі кезеңде балалардың
ойындағдыларын және шығармашылығын
дамыту үшін, театрланғанбалалардың
ойын бала өмірі үшін алатын орны ерекше.
Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек»бөбекжайы МКҚК
Баяндама: «Арт терапия»
Орындаған:
2020ж
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде.
Яғни
бұл терапия адамның шығармашылық
жағдайын дамытып қана қоймай, адамның
бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін
түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт
терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен
креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен
үйлесімділігі, кез-келген жағдайды
шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік
өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің
табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия
терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл
енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен
аударғанда шығармашылық терапия деген
ұғымды білдіреді.
Артерапия
шектеусіз және психотерапияның барлық
бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік
жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін,
өз сезімін және өзінің жағдайын әуен,
дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете
алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге
өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін
танытудың жалғыз ғана әдісі болып
табылады. Қажет ететіндерге мұндай
мүмкіндікті беру- арттерапияның
ерекшелігі.
Сіздерді енді
Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін
ортаға Әйгерімді шақырамын.
II.
Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу.
Арт
терапияның ерекшеліктері- музыкалық
терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма
терапиясы, ертегі терапиясы, ойын
терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл
терапиясы, фото терапия, оригами,
этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы,
артсинтез терапиясы, библиотерапиясы,
маска терапиясы т.б.
Музыкалық
терапия
Музыка трапиясы – бұл
психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын
емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда
музыка емдік, дәрілік зат ретінде
қолданылады.
Музыканың терапевтикалық
әсері бұрынғы заманнан бері белгілі.
Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің
әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі
қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден,
ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне
әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне
көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың
өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі
бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса
отырып, бізге белгілі бір эмоцияның
пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу
терапиясы
Бейнелеу
терапиясын қолданудың негізгі мақсаты-
баланың немесе ересек адамның қандай
да бір қимылды таңдауына қарамастан,
баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде
өмір сүруіне демеу беру болып
табылады.
Сурет салу- ешқандай
ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін
таныту түрімен байланысты болады. Өзінің
ішкі сезімі мен өзін теңестіруді
көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін
сурет салу арқылы бейнелеу әдістері
шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып
қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді.
Бала бояу түрін өзінің жай күйіне
байланысты таңдайды. Бояудың түстері
сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ
живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз
тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың
әрбір саусағын әр түске матыру арқылы
парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер,
саусақ ұшы таңбасының, алақанның
көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика
мен арттерапияда белсенді қолданылады.
Себебі баланың қателік жасаудың алдында,
сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты
жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу
терапиясының түрлері: 1.Поролон
бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен
сурет салу.
3.Щеткамен
сурет салу.
4.Майшаммен сурет
салу.
АРТ-терапия:АВТОПОРТРЕТ
БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий
Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.
Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.
Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.
Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.
Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.
КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).
Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.
КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.
АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.
Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.
Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.
Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.
ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.
ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.
МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,
Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның
қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.
ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.
АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.
ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.
ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.
Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.
Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.
Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.
Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді
«Үй салыңыз» тесті
Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.
Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.
Қалалық үй.
Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.
Кішкентай аласа үй.
Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.
Сарай (замок).
Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.
Кең ауылдық үй.
Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.
Терезелер.
Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.
Есіктер.
Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.
Мұржалар.
Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.
Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек»бөбекжайыМКҚК
Баяндама: «Балабақшада санамақтарды модуль технологиясы бойынша оқыту әдісі»
Орындаған:
Таменова Г.А
2020ж
Баланың
ақыл-ойын жүйелеу, қабілеттерін жетілдіру
дәлдікке баулу, шындыққа тәрбиелеу және
салауаттылыққа баулу бүгінгі күннің
негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Осы қасиеттерді бала бойына
сіңірудің басты жолдарының бірі және
бірегей ойын. Әр ойынның өзіне тән үш
мақсаты болады, санамақтың да мақсаты,
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық. Ойынды
ұйымдастырудың жаңа технологиясын
меңгеру әр тәрбиешінің шығармашылығына
байланысты. Технология деген ұғым- өнер,
іскерлік және шеберлік деген ұғымды
білдіреді, технология-білім мазмұнын
жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Осындай тәсілдің бірі- халықтық
санамақтарды моделді түрде оқыту.
Санамақтар
арқылы елестету және қиял болжамдарын
дамытып, тіл байлығын, таным өнерін,
сөздік қарым-қатынастарын халықтық
педагогиканы негізге ала отырып
байыту.
Қазақ
халқында «Баланы ойын өсіреді» деген
даналық сөз бар. Иә бала ойнап жүріп
ойланады, жүйкесі тынығады. Көңілі өсіп,
ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын
арқылы әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік,
дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады.
Сан
алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден
бастап-ақ қоғамдық құбылыс ретінде
баланың ақыл-ойын дамытуда, жас
жеткіншектердің бойына адамгершілік,
сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге
құрмет көрсету секілді
жақсы
қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны
ерекше. Сондықтан да «Ұлттық ойын»-
тәрбиеші деуге болады. Соның ішіндегі
бір бөлігі санамақ.
Санамақтар
бірнеше түрге бөлінеді
1.Саусақ
санамақ
2.Сан
санамақ
3.Ұлттық
санамақ
4.Күн
санамақ
5.Тағы
да басқа
1.Қол
маторикасын дамытуға арналған санамақ
Кел
санайық санамақ
Саусақтарды
даралап.
Бас
бармағым алғашқы,
Балан
үйрек жалғасы.
Ортан
терек атасы,
Шылдыр
шүмек анасы.
Шынашағым
балапан,
Бәріне
ортақ алақан.
2.
Мен базарға бардым,
Ысқырық
сатып алдым.
Қызыл,
жасыл, көгілдір,
Қайсысын
алсаң өзің біл.
Оң
қолымда бес саусақ,
Сол
қолымда бес саусақ.
Екеуін
қосқанда,
Болады
рн саусақ.
3.Ойын
ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын
санамақ.
Бірім,
екім,
Алма
текім.
Сапар
айым,
Сар
шымшық.
Балтаңды
алда,
Жүгіріп
шық.
4.Тұрақты
сөз тіркестерінен құралған санамақ
Бір
ауыз сөз,
Екі
айтпайтын адам,
Үш
қайтара сәлем,
Төрт
түлік мал,
Бес
уақ намаз,
Алты
алаш,
Жеті
қабат жер асты,
Сегіз
қырлы жігіт,
Тоғыз
торау жол,
Он
сақа қой.
5.
Жаңа санамақ.
Бір-таңертең
тұр.
Екі-
шынығып бекі.
Үш-тазала
тіс.
Төрт-сабындап
жу бет.
Бес-сүртін
тез.
Алты-үйді
жина жалпы.
Жеті-киін
енді.
Сегіз-асыңды
жеп іш.
Тоғыз-ыдысты
жу тегіс.
Он-сабақ
оқы.
Осыдан
соң
Бұл
санамақ жаңа
Күнде
өстіп сана.
6.Бір
аптада
Бір
аптаның күндері өтті:
1.Дүйсенбіде
гүлдер ектім.
2.Сейсенбіде
алма тердім.
3.Сәрсенбіде
су әкелдім.
4.Бейсенбіде
бақша баптап,
5.Жұма
күні тақпақ жаттап,
6.Сенбіде
мен саған бардым.
7.Жексенбіде
бір демалдым.
7.
Ойын өлеңдері.
Санамақ.
Бір,
екі, үш,
Бір,
екі, үш,
Ал
кәнекей ұш.
Төрт,
бес, алты, жеті,
Төрт,
бес, алты, жеті
Мынау
ауыл шеті.
Сегіз,
тоғыз, он,
Сегіз,
тоғыз, он,
Ал,
кәнекей қон.
8.Санамақ
1.
Бірім-бір, Алтым-алты,
Екім-екі,
Жетім-жеті,
Үшім-үш,
Сегізім-сегіз,
Төртім-төрт,
Тоғызым-тоғыз,
Бесім-бес,
Оным-он,
Он
бірі- оны тапшы ай күнім?
2. Бір
дегенім-білеу,
Екі
дегенім-егеу
Үш
дегенім-үскі,
Төрт
дегенім-төсек,
Бес
дегенм-бесік
Алты
дегенім-асық,
Жеті
дегенім-желке,
Сегіз
дегенм-серке,
Тоғыз
дегенім-торқа,
Он
дегенім-оймақ,
Он
бір қара жұмбақ
Баланың
тілінің мезгілімен дамуына көп көңіл
бөлу қажет. Қолдың ұсақ бұлшық еттерінің
дамуымен тілдің дамуының байланыстығы
айқын. Саусақ жаттығуларының серпінді
орындалуы артикуляциялық мүшелері
қозғалуының жетілуін дайындайды. Бірінші
баланың қол қимылы дамиды, сосын сөз
буындарының артикуляциясы дамиды.
Тілдің дамуы саусақтардың жақсы дамуымен,
жаттыққандығымен байланысты. Сондықтан
да, балалармен саусақ ойындарын өткізуге
көңіл бөлу қажет.
Саусақ
ойындары мектеп жасына дейінгі сәбилердің
дүниетанымын кеңейтіп, сөз қорына жаңа
сөздер еңгізіп, ойын өрістетіп, баланың
тілін ұстартып, жүйелі сөйлей білуге
баулиды, тіл байлығын жетілдіру ісіне
көмектеседі. Баланың есте сақтау
қабілетін және шығармашылық ойын
дамытады. Қолдың ұсақ моторикасын
жетілдіруге ықпал етеді. Өлең жинақтарының
тәрбиелік маңызы бар. Шығармалар баланы
достыққа, айналасындағыларға
адамгершілікпен, мейірімділікпен,
бауырмалдықпен қарауға үйретеді.
Ұсынылған
саусақ ойындарының жинағы мектепке
дейінгі жастағы балаларға арналған.
Оларды сабақ кезінде, ойын әрекеті
кезінде, баланың күнделікті өмірінде
пайдалануға болады.
Саусақ
ойындары әр тақырыпқа жазылған.
Саусақтармен орындайтын қимылдардың
түсініктемесі берілген
Саусақ
ойындары балалардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып құрастырылған. Өлең
сөздері жеңіл қабылданады, жаттауға
жеңіл. Саусақ ойындарын тәрбиешілер,
ата-аналар да қолдана алады.
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
«Балбөбек»бөбекжай-бақшасы»
Педагогикалық кеңес:
Баяндама: «Балабақшада санамақтарды модуль технологиясы бойынша оқыту әдісі»
Орындаған: Әдіскер
Таменова Г.А
2017ж
Біздің ана тіліміз-қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым-қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
«Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі
білмеген ел болмайды. Тілінен
айырылған жұрт-жойылған жұрт.
... баланың тілі дұрыс болса,
елдің тілін көркейтіп, байытып
гүлдендіреді ...»
Х.Досмұхамедұлы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты.
Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену - балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым-ишара, бейне арқылы түсінеді.
Кіші жастан-ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз-өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.
Қазақ мәдениеті мен білім-ғылымында ана тілі - сөз мәдениеті туралы едәуір зерттеулер жарық көрді. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн-жосығын көрсету, дұрыс-бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағы әлі де жеткіліксіз. Тілдің қызметі қандай күрделі болса, оны үйретудің әдістері де сондай күрделі.
Кез келген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу – нағыз шеберлік. К.Д.Ушинский «адамның ынтасы – оның санасының есігі», -деген екен. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Балаға берілген үлгі-өнеге оның санасына сіңіп, ой ұшқырлығы, тіл көркемдігі арқылы ортаға шығады. Олай болса, жас ұрпаққа өнеге боларлық ұстаздың да тіл біліміне, сөйлеу мәдениетіне, тіл үйрету біліктілігіне қойылар талаптар да жоғары болмақ.
Тіл дамытудың басты мақсаттарының бірі балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына баса назар аудару қажет.
Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары деп біз тілдік жаттығуларды, саусақ ойындарын, сондай-ақ сөздік жұмысқа бағытталған өлең жолдарын айтып отырмыз.
Тілдік жаттығуларға тыныс алу жаттығуларын, артикуляциялық жаттығуларды, фонетикалық жаттығулар мен дикциялық жаттығуларды жатқызамыз.
Жаттығуларды жүйелі қолдану ана тілінің ережелері мен нормаларын игеруге, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға көмегін тигізері анық.
Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде қолдана отырып, оның қызықты, әрі пайдалы құрал екендігіне көз жеткізесіз.
Өз тарапымыздан жүргізген тәжірибе жұмыстарымыздың барысында ойындар мен жаттығуларды тілдік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында тиімді пайдалануға болатынын аңғардық. Әсіресе, сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін көрсетті.
Олай болса, ойындар мен жаттығуларды бірге орындайық!
Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ.
Тілдік жаттығулар
Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады.
Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.
Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз.
Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулартілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.
Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.
Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:
мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,
қысқа терең дем алу – ақырындап дем шығару,
ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару
Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай-қысылмай денесін тік ұстайды. Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға көшкенде) санауды онға дейін ұлғайтамыз. Кері санауға да болады.
Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы – жүрісі - аяқталуы) алдын-ала келісіп алады.
Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.
Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
1. Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:
- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;
- оның орындалу ретін көрсетеді;
- жаттығуды барлық балалар орындайды;
- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.
3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.
Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет.
Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығулардыфонетикалық жаттығулар деп атаймыз.
Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.
Мәселен, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:
Кім қалай дыбыстайды?
(баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту)
- А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен).
- Ааа, аа, а, а, ааа .... (аянышты дауыспен).
- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.
Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.
Фонетикалық жаттығуларды екінші тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі т.б) үйрету мақсатына қарай да қолдануға болады. Ол үшін педагог қандай дыбысқа аса мән беру қажет екендігін анықтап алуы тиіс.
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет.
Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді.
Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Тілдік гимнастика
Сымбаттылық әліппесі
«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет.
Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.
«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз.
Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз.
«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою) Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).
«Шаршасақ, дем алайық» - бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох»деп қалған ауаны шығарамыз.
Дене босаңсиды және төмен түсе береді.
«Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі - 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).
«Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш – ұшағымыз ұш. (Б.қ. – аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1 – оңға бұрылу, 2 – б.қ., 3 – солға бұрылу, 4 – б.қ. және т.б.)
«Қаңғалақ» - (алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз) Жел ұрып, біздің қаңғалағымызды айналдырып жіберді. Бір, екі, үш, төрт – қаңғалақ айналады. (б.қ. - алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз; 1 – оң қолымызды еденге тигіземіз; 2 – сол қолымызды еденге тигіземіз).
Тыныс алу жаттығулары
Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз
деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкер-
лерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз.
Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын
арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.
Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан
кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.
Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.
Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.
Ыстық сүт (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше
алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үріп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Футбол ойнаймыз. Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де,
үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады.
Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады. Балалар 1 мин. ойнайды.
Сабын көпіршігін ұшырайық. Бұл жаттығу алдыңғы 3-
жаттығуға ұқсас. Сабын көпіршігін елестетіп, болмаса, дайын сабын көпіршігін қолдануға болады. Жаттығу 3-4 рет орындалады.
Қолымызды жылытайық. Балалар, біз қыс мезгілінде далаға
ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады
Артикуляциялық жаттығулар
Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар
Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты.
Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады.
2) Көңілді тіл.
а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.
ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады.
Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
3) Қазы-қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге не айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.
Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.
4) Саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.
5) Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.
Ұртыңа қара. Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.
Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар
(Әр жаттығу 4-6 рет орындалады)
Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік.
Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.
Балапанның тұмсығы
Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.
Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан
тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.
Қақпа Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу)
көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.
Балапанның тұмсығы Томпиған ұрт
Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң
алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.
Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарының алар маңызы зор. Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – бұл өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант.
Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бала тілінің даму деңгейі олардың саусақ қимылдарының дамуымен тікелей байланысты. Саусақтың тіл дамытудағы маңызына мән берген халқымыз түрлі балалар өлеңдерін, тақпақтарын ауыз әдебиетіне үлгі етті.
Физиологтардың арнайы эксперименті бала саусақтарының сөйлеу мүшесінің қозғалтқышы ретіндегі ролін дәлелдеп, осы құбылыстың себебін түсіндіріп берді. Мәселе мынада, адамның бас миында жалпы қозғалтқыш аймақтың бөлігі болып табылатын қозғалтқыш сөйлеу аймағы орналасқан. Осы аймақтың үштен бір бөлігі қол қимылын «басқарады» және сөйлеу мүшесінің қимылын басқарушы аймақтың жанында орналасқан. Сондықтанда саусақ қимылын жаттықтыру сөйлеу қимылын да жаттықтырып жетілдіреді.
Саусақ қимылын сөзбен, сөйлеммен, өлеңмен біріктіре орындайтын ойындар баршылық. Сөзбен қостамай-ақ орындалатын жаттығуларды да орындауға болады. Кейбір саусақ ойындары кішігірім ертегілерді еске түсіреді, мәселен, «Екі лақ», «қоян мен кірпі». Осы орайда саусақпен орындалатын көлеңке театры да септігін тигізеді.
Ерте кезден-ақ әр халықтың өзіндік саусақ ойындары кең тараған. Қытайда таспен және металл шармен жаттығулар жасауды меңгерген. Осы жаттығуларды үнемі қолдану адамның жадын, жүрек қан тамырлары мен ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартады. Ал Жапонияда грек жаңғағымен алақан және саусаққа арналған жаттығулар орындайды. Алты қырлы қарындашты алақан арасына салып домалату да керемет әсер береді. Бәрімізден бала кезден «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын үйреніп өстік. Саусақ ойындары әр бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Тіптен кішкене сәбилерде ересектердің қол қимылын бақылап, «қоянның құлағын қозғалтқанына», «өрмекшінің жүгіргеніне», «құстың ұшқанына» т.б. қызыға қарайды. Баланың тілін дамыту үшін саусақ ойындарын қимылға еліктіретін өлеңдермен жүргізудің маңызы зор. Өлеңдер баланың зейінін аударады және жеңіл жатталады. Сөз қатарының ырғағы және оның өзгеруі бала үшін ғажайып әсер береді, жұбатады, тыныштандырады. Қандай ойын және қанша ойнағысы келетінін баланың өзі қалайды. Педагог не ата-ана баланың қалауын тез табады. Балаға ойынның ұнау не ұнамауы ересектердің осы ойынды орындауына байланысты. Бүгінде мамандар ескінің көзі ретінде осы ойындарды қолға алып, жаңа ойындарды ойлап шығарды.
Саусақ ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде ұсынуға болады.
Саусақ ойындарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Ойынды бастар алдында баламен бірге оның мазмұнын талқылап,осы орайда қажетті ым-ишара, саусақ, қимыл үйлесімділігін игеруге болады.
Жаттығуды бастамас бұрын алақанды жылуды сезінгенге дейін жеңіл сипай отырып қыздырады.
Барлық жаттығулар 3-5 рет жай қарқынмен, алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бірге орындайды.
Жаттығуларды баламен бірге орындаңыз, осы жерде ойынға еліктегеніңізді, қызыққаныңызды көрсете біліңіз.
Жаттығуларды орындау барысында мүмкіндігіңізше қолыңыздың барлық саусақтарын қатыстырыңыз. Бір қимылдан екінші қимылға ауыстыру үшін қол білезігін дұрыс қоя білуіне көңіл бөліңіз.
Балалардың барлық жаттығуларды жеңіл, қол бұлшықеттеріне шектен тыс күш түсірмей орындауына көңіл бөліңіз. Бұл жаттығулар оларды шаттық сезіміне бөлеуі тиіс.
Барлық нұқсаулар жәй, мейірімді дауыспен, артық сөз қолданылмай, нақты беріледі. Қажет болса балаға көмек көрсетіледі.
Дұрысында әр жаттығудың өз атауы болады және бірнеше минутқа созылады.
Ойынды қайталап өткізу барысында балалар кейде мәтінді үзік-үзік (әсіресе сөйлемнің басы мен соңын) айта бастайды. Біртіндеп мәтінді жатқа айтады және сөзді қимылмен сәйкестендіріп тұтас айтатын болады.
Екі немесе үш жаттығуды орындаған соң, біртіндеп оларды жаңа жаттығулармен алмастырыңыз. Ең ұнамды, ұтымды ойынды өз қоржыныңызға қалдырып, балалар қалауына қарай қайта ойнауға болады.
Баладан бірнеше күрделі міндетті бірден шешуді (мәселен, қимыл мен көрсету және мәтінді айту) талап етпеңіз. Баланың зейін көлемі шектеулі, әрі орындалмаған міндеттер баланың ойынға деген қызығушылығын жояды.
Балаға жаттығуды ешқашанда мәжбүрлеп орындатпаңыз. Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға тырысыңыз, оларды жөнге келтіріңіз, қажет болса тапсырманы өзгертіңіз.
Саусақ ойынын қолдану технологиясы
3-4 жас
Балалар жануарлар бейнесін алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бейнелеп орындайды.
Содан соң осы ұстаныммен екінші бейнені жасап үйренеді.
Әрі қарай бір қолымен бірінші бейнені, келесі қолымен екіншісін орындайды және екі бейнені екі қолға ауыстырып бейнелейді.
Балалар оң және сол қолын кезектестіріп саусақтарын бүгіп және жазып үйренеді.
Балаларға өлең, тақпақ не санамақ үйретіледі. Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен қалай бейнелегендерін еске түсіру ұсынылады. Содан кейін кейіпкердің басты іс-әрекетіне көңіл бөлінеді. Балалар қимылды орындау барысында саусақтарын қажетті қалыпта сақтай білуі тиіс.
4-5 жас
Балалар оң және сол қолымен алуан түрлі жануарлардың т.б. бейнелерін және қимылдарын орындайды.
Балалар екі қолының саусақтарын бүгіп қысады, яғни жұдырықтайды және кері жазады.
Балалар екі қолының саусақтарын біріктіріп қандай да бір бейне құрайды.
Бейнені құрып орындау барысында қол білегінің, саусақтардың дұрыс қалыпта тұруына көңіл бөлінеді.
5-7
жас
Балалар қолдарын көрсетіп, бейнелерді ауыстыра отырып, өлең, тақпақтарын айтады.
Бір қолының саусақтарын кезектестіріп біріктіреді (1-2, 1-3, 1-4, 1-5). Содан соң екінші қолымен және екі қолымен қатар орындайды.
Қосымша материалдарды (шар, орамал, қарындаш) қолдана отырып жануарлардың бейнесін саусақпен құрады.
Қолмен, саусақпен құрылған бейнелердің сапасына, жеке саусақтардың қимыл үйлесімділігіне және затты ұстау ептілігіне көңіл аударылады.
Саусақ гимнастикасы
Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату қажет. Саусақтары жаттыққан бала сөзді немесе өлеңді ойын қимылдарын тез орындап үйренеді.
1. Барабанда ойнаймыз. Балалар саусақтарын бүгіп, яғни жұдырықтарын түйіп, кеуде тұсынан сәл төмен ұстайды. Содан соң сұқ саусағын жазып, тік ұстап көрсетеді де, «барабанда ойнаймыз» деген тәрбиешінің белгісі бойынша сұқ саусағын жоғары төмен қозғалтады.
2. «Біздер – ұстамыз». Балалар екі қолын түйіп, сол қолымен «шеге», ал оң қолымен «балға» ұстап, балғамен шегені ұрады.
3. «Дүрбілер». Балалар бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп шеңбер жасайды да, тәрбиешінің «дүрбімен қарайық» деген белгісі бойынша саусақ шеңберімен жан-жағына қарайды.
4. «Кір жуамыз». Балалар жұдырығын қысып, «кір жуамыз» дегенде екі жұдырығын бір-біріне тигізбей қарама-қарсы қозғалтады.
5. Тары мен күрішті жинау. Балаға кішкене кесеге араластырылып салынған тары мен күріш беріледі. Тарыны бір кесеге, күрішті екінші кесеге салу тапсырылады.
6. Қуыршақтың белбеуін байла. Балаға қуыршақ және үш өрімді белбеу беріліп, «қуыршақтың белбеуін байла» деп тапсырма беріледі. Алғашында қиынсынса көмектесу керек. Біртіндеп жаттығу күрделенеді. Әрі қарай баланың өзі де қуыршақтың, кейін өзінің белбеуін, аяқ киімінің бауын еркін байлайтын болады.
7. Тасбақа.
Тасбақа, тасбақа,
Тас астында тұрады.
Басын баяу шығарып,
Тиіссең кері тығады.
Жұдырықты түйіп, бас бармақты шығарады да, тасбақаны бейнелейді.. Өлең мазмұнына қарай саусақты кері жасырады. Осы тектес келесі өлеңдерге де қимыл жасауға болады.
Қоян
Айнаға қоян қарады,
Құлақтарын санады.
Ешкі.
Мүйізді ешкі қарады.
Қаш, қаш сүзіп алады.
Шөп жұлу.
Оң қолыммен шөп жұлдым,
Сол қолымен шөп жұлдым
Шөпті жинап қораға,
Бабын таптым жылқымның.
Саусақ ойынына арналған өлеңдер
Қазақтың халық тәрбиесінде ойын-өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын-жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.
Бірқатар саусақ ойынына арналған өлеңдерге назар аударайық.
Бас бармақтай балақай
Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл-желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.
Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:
Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)
Қайда болдың?
Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)
Орманда болдым бүгін мен.
Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)
Ас пісірдім бүгін мен.
Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)
Ботқа жедім мен енді.
Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)
Айттым ән мен өлеңді.
Тәрбиеші бұл тақпақты екі-үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке-жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір-бірлеп өздері ашып отыратын болады.
«Қуырмаш»
«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр, қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек,
- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады:
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
– деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйде жат!
- дейді де, оны «жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан» қызық іздейді:
Мына жерде қант бар,
Мына жерде жент бар,
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар!
- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алма жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды ...
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ....
М.Әлімбаев
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш.
Мынау тұрған – бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы,
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар,
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа.
Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май.
Е. Ашықбаев
Балалардың тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс мазмұнын өлең жолдарымен толықтыруға болады. Өлең жолдары балалардың танымына, қабылдауына жеңіл болғандықтан сөздік қорын байытуға көмектеседі. Ендеше педагог шығармашылығынан туындаған өлең жолдарын ұсынамыз.
Қызыл алма, көк алма
Қызыл алма, көк алма,
Мен де алмайын, сен де алма.
Бақшамызда көбейсін
Дәрумендер-деді Алма
Кіші екен көк алма,
Үлкен екен қызылы.
Көк болса да бұл алма
Тіл үйірер қызығы!
Жылқы сүті қымызды
Ішсең ем, тіл үйірер.
Жылқылардың тобырын
Ата-бабам үйір дер
Қысқы киім
Бөрік, қолғап, тон кисек
Қыстық киім болмай ма?!
Жұқа болса бәтеңкең
Аяқтарың тоңбай ма?!
Жылы шұлық, қысқы етік
Керек екен ондай да.
Тігінші
Киімді әсем тігеді,
Ине-жіппен бүгеді.
Бұл адамның еңбегін
Барлық адам біледі.
Бұл кім?
Тігінші.
Ұлттық киім
Тымақ киіп басыңа,
Иыққа шапан жабайық.
Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық.
Етек жеңді жинақтап,
Төрден орын табайық.
Ұлттық ыдыс
Қолымызда тостаған Қара қазан - тайқазан
Қонаққа құр тоспаған Емес сірә жай қазан.
Ішіне ас салайық Әжем асар қой етін,
Кәне, дәмін қарайық. Кейде дәмді дәу сазан.
Зергерлік бұйым
Қос бұрымға тағылған Сырғаларың селт етсе,
Шашбау сылдыр етеді. Сыңғыр-сыңғыр етеді.
Шолпыларың лағылдан Қос білезік, жүзігің
Бір ырғалып өтеді. Көзді тартып өтеді.
Ұлттық аспап – домбыра
Қолымызда домбыра, Пернелерін терейік,
Құлағын сен оң бұра. Тағы шертіп көрейік.
Пернелері ерке ғой, Төрге ілсін қастерлеп,
Ішегін сен шерте ғой. Үлкендерге берейік.
Жорға жарыс
Ат ерттеуге жарайық,
1, 2, 3 санайық
Жонына қамшы салайық.
Кім озады қарайық.
Жорға мініп жарысып,
Мәреге жетсе жорғалар
Көрші ауылға барайық.
Бір тынығып алайық.
Дидактикалық ойындар
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Мозайка» т.б.
Сөздік дидактикалық ойындар - жұмбақтар т.б..
Дидактикалық ойындарға жетекшілік жасау үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.
Тәрбиеші дидактикалық ойындарға жетекшілік ете отырып, ойната отырып оқыту қағидалары айқын көрініс табатын дидактикалық міндеттерді жүзеге асырады және балаға әсерлі ықпал жасайтын ойынға қатысушы болып табылады.
Ойынға жетекшілік жасауда тәрбиеші сөзінің айтарлықтай маңызы бар. Балаларға қарап сөйлеуі, түсіндіруі, қысқа әңгіме желісі ойын мазмұны мен ойын әрекетін аша түседі. Сөздік түсіндіру, нұсқау көмегімен тәрбиеші балалардың зейінін аудара отырып, олардың ұғымдарын бекітіп, тәжірибелерін кеңейтеді. Сонымен қатар балалардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Тәрбиешінің көптеген бағыттаушы сұрақтары ойынды дамытуға кедергі келтіреді. Сондай-ақ ескертпелер мен қателіктерді түзету, оны баланың санасын жеткізуге және ойынды түзетуге деген тәрбиешінің ұмтылысы ойынның шырқын бұзады.
Тәрбиеші ойындарға жетекшілік ете отырып, балаларға әсер ететін түрлі құралдарды пайдаланады және өзі де түрлі рөлдерді ойнауына тура келеді. Бірде ол тікелей ойынға қатысушы болса, бірде ойынды қолдап сырттай бақылаушы болады. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жете көңіл бөлу керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға ойын түсінікті болады.
Дидактикалық ойындардың ерекшелігі және оның соңғы қорытындысы дидактикалық міндеттерде, ойын міндеттерінде анықталатын нәтижесі болып табылады. Тәрбиеші үшін ойын нәтижесі балалардың жетістік деңгейі не білімді меңгеруі, ойынды қолдана отырып балалардың өзара қарым-қатынасын орнату. Балалар үшін ойын нәтижесі нақты жетістік, мысалы ойын барысында жұмбақты шешуі, тапсырманы орындауы болып табылады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру үшін мына үш ереженіесте сақтаған жөн.
Бірінші ереже: сәбидің қызығушылығын жоймау үшін дидактикалық ойынға арналған ойыншықтарды үнемі қолдануға бермеңіз.
Екінші ереже: ойын барысында бала басқа, өзге заттарға көңіл аудармауы үшін артық заттарды көз алдынан алып тастаңыз.
Үшінші ереже: ойындардың қарапайым да, қысқа болғаны жөн. Тіпті 5 минут та жеткілікті! Бірақ баланың бастаған істі аяқтауына көңіл бөліңіз. Содан соң ойынды басқа жаңа ойындармен алмастыруға болады – сол сәтте баланың зейіні қайтадан жанданғанын байқайсыз.
Балалардың таным қабілетін, тіл байлығын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған ойын-сабақ балалар үшін қашанда қызықты, ал тәрбиеші үшін мақсатқа жетудің бірден-бір кепілі.
Кіші топ балаларына арналған ойындар
Қай ұлттың баласы болмасын ерте сәби шағында дыбыстармен ойын ойнағанды жақсы көретінін байқап жүрміз. Бала әлі сөзді айтып білмесе де, кенеттен дыбыс шығарады да, әрі қарай осы дыбысты гуілдеп қайталайды. Сол сәттегі бала көзіндегі шаттықты айтсаңызшы!
Содан соң бала сөзбен ойын ойнай отырып, ана тілін түсіне бастайды, оның құрылымын меңгереді, сөйлеуге үйренеді. Міне, халықтық жаттамақтардың барлығы диалог түрінде берілуі де осыдан.
Балалар ұйқасты сөздерді, олардың айтылуын ерекше қабылдайды, оларға ұйқасты өлең оқып берсеңіз, серпіліп тыңдайды.
Сәбилерге арналған ойындарды таңдауда халық ауыз әдебиеті үлгілерін ойынның қайнар көзі ретінде қолдануға болады. Өйткені осы ауыз әдебиеті үлгілерінен ең ерте жастағы балаларға арналған шығармалардың мазмұны мен формасына қойылатын талаптарға жауап беретін материалдарды табуға болады.
Ойынды өткізу әдістемесі тұрғысынан мына кеңестерді ескерген жөн:
«Қандай да болмасын тақпақты, жаттамақты оқымас бұрын балаларды осы жаттамақта кездесетін тірі нысандармен немесе олардың бейнеленген суреттерімен: ешкі, торғай және т.б. үлгілермен міндетті түрде таныстыру қажет. Балаға айтылатын жанды сөз оның жеке танымы, жан-күйзелісімен байланысты, таныс болуы тиіс.
Сәбилерге арналған сөздік ойындардың басты мақсаты – сәбилердің сөйлеу белсенділігін дамыту, тақпақтағы, жаттамақтағы сөздерді қимылмен сәйкестендіруге, сөздің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс айтуға үйрету.
Кіші топтардың тәрбиешісі ойын барысында ойынды басқарады, балаларға ойынды үйретеді. Тәрбиешінің сөзі сауатты, эмоционалды және байсалды болғаны жөн. Ым-ишараға көп көңіл бөлу қажет. Тәрбиешінің бет-әлпеті кішкентай балаға қаншалықты әсер етерін көрсеңіз! Міне, тәрбиеші таң қалып ауызын кең ашты делік, балалардың көз шарасы да кеңейе түседі. Тәрбиешінің бет-әлпеті мұңая түссе, балалар да жабырқап қалады. Қасқырды, аюды, ешкін қимылмен бейнелеп көрсеткенде, бетіңізді қорқынышты кейіпке түсіріп, тым дөрекі дауыс шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кішкене балалар қорқып қалуы, тіпті ойыннан бас тартып жылауы да мүмкін.
Ойын барысында балалар тәрбиешінің бет-әлпетін, оның аузын, көзін көріп отыратындай арақашықтықта тұрады не отырады. Тәрбиеші тақпақты не жаттамақты оқығанда, бала бір өзіне қарата оқып не айтып отырғандай әсерде қалуы тиіс, яғни, өз көзқарасын әр балаға аударып отырғаны жөн. Осы себепті тәрбиеші тақпақты, жаттамақты жатқа білуі тиіс.
Алақан мен балақан
Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, жаттамақ сөзімен өз қимылын сәйкестендіруге, сұраққа жауап беруге үйрету.
Сөзі: Қимылы:
Бала, бала, балақан, Тәрбиеші мен балалар жаттамақ
Қане, қайсы алақан? сөзіне сәйкес алақандарын көрсетеді.
Саусақтарың әйбат, Алақандарын ашып, саусақтарын
Былай, былай ойнат. қозғалтады.
Тәрбиеші ойынды қайталап, балаларға сұрақ қояды: «Қане, қайсы алақан?», «Саусақтарың қандай?».
Келесіде балалар жаттамақты тәрбиешімен бірге айтады.
Қарағайлы ормандағы аю
Ойын мақсаты. Балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең сөзімен өз қимылын сәйкестендіре білу икемділігін дамыту, р дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Ойын барысы. Балалар орындықтарына отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы отырады да: «Балалар, біз бүгін «Қарағайлы ормандағы аю»» деп аталатын ойын ойнаймыз. Мына суретке қараңдаршы (аю бейнеленген суретті көрсетеді). Орманда жүрген аю үлкен екен. «Р-р-р» деп гүрілдейді.
Осы аю туралы өлеңді тыңдаңдар:
Аю жүрген орманнан,
Жидек тере мен барғам.
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Аю қалай гүрілдейді? Келіңдер ойнайық. Қазір біз аюды таңдаймыз. (Санамақтың көмегімен аюды таңдайды. Балаларды ұзақ күттірмеу үшін санамақ әрқашанда өте қысқа болуы тиіс. Тәрбиеші аю-балаға бет-перде кигізеді.) Міне, аю қандай! Ал ол гүрілдеп дыбыс шығара ала ма? Аю-бала: «Р-р-р» деп гүрілдейді.
«Балалар, аю осы жерде, орманда тұрады (аюды бір орынға отырғызады). Біз орманға барып, жеміс-жидек теріп келейік. Аюдың гүрілдеген дауысы шыққанда, біз барлығымыз мына үйімізге қашамыз», - деп тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.
Сөзі: Қимылы:
Аю жүрген орманнан, Тәрбиеші және балалар жеміс-жидек теріп
Жидек тере мен барғам. жүргендей қимыл көрсетеді де, аю тұрған
орманға қарай жақындайды.
Аю отыр гүр-р-рілдеп, Тәрбиеші және балалар қашады, аю оларды Жарамайды мұның деп. қуады.
«Р-р-р!»
Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар
Иә немесе жоқ
Ойын мақсаты. Балаларды тәрбиешінің сөзін тыңдауға, берілген сұраққа жауап беруге үйрету.
Көрнекі құралдар. Ойыншық - қонжық.
Тәрбиеші қонжықты алып, оның негізгі дене бөліктерін: басын, аяғын, құлағын, мұрынын, көзін және т.б. көрсетіп атайды. Содан соң балалардан қонжықтың құлағын, мұрынын, көзін көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Содан соң тәрбиеші балаларға ендігі сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап беруді ұсынады.
- Қонжықтың мұрыны бар ма?
- Қонжықтың құлағы бар ма? т.б.
Жауап беру үшін балалар сұрақты мұқият тыңдауы тиіс.
Тәрбиеші белсенділігі төмен, сондай-ақ немқұрайлы немесе жәй сөйлейтін балаларды жиі назарға алады.
Осы тектес ойындарды басқа да ойыншықтарды (мысалы доп) қолданып өткізуге болады.
Бұл қалай аталады?
(оқу жылының басында жүргізіледі)
Көрнекі құралдар. Қуыршақ, ойыншық жануарлар: ит, мысық, сиыр, ешкі және т.б.
Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші кез келген баланың біріне жақындап оның есімі кім екенін сұрайды. Бала өз есімін атайды. Егер бала өз атын атамай үнсіз қалса, онда тәрбиеші «Сенің атың Айгүл ме, Әсет пе?» - деп оны сөйлетуге көмектеседі. Тағы бірнеше баладан өз атын атауын сұрайды, содан соң екі-үш баладан топтағы басқа балалардың (мысалы, қызыл көйлекті қыз баланың, ақ жейделі баланың) есімі кім екенін сұрайды. Содан соң тәрбиеші қуыршақты көрсетіп: «Бұл қуыршақтың есімі Айжан. Оның аты кім?». Балалар жауап береді. «Ал енді мынау мысық. Қайталайық, мысық. Бұл мысықтың есімі Мырр». Балалар мысықтың есімін қайталайды. Содан кейін педагог итті, сиырды, басқа да жануарларды көрсетеді де, оларға ат қоюды ұсынады немесе өзі оларды атайды және үш-төрт баладан қайталап сұрайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Тәрбиеші балалардың өз есімін, құрбыластарының есімін, қуыршақтардың, жануарлардың атын анық және дауыстап айтуын қадағалайды.
Тапсырманы орында
Көрнекі құралдар. Ойыншықтар: қуыршақ, қоян, қонжық, доп, керует, қоянға арналған телпек және жейде, үлкен машина.
Тәрбиеші ойыншықтарды үстел үстіне және топтағы көрінетін жерлерге қояды да, олармен қандай да бір қимыл әрекетті орындауды ұсынады. Мәселен, «Сәуле, үстелге жақында да, қуыршақты ал және оны керуетке жатқыз; Асқар қонжықты машинаға отырғыз да, оны ойын бұрышына апар; Дидар қуыршақты ал да, Майраға бер; Гүлнұр, Майраның қасына бар да, одан қуыршақты ал және оны орындыққа отырғыз; Марат, допты алып кел де, оны үстелдің астына қой; Жанар, допты ал да, оны Серікке бер».
Тәрбиеші барлық балалардың ескертусіз тапсырманы дұрыс орындауын қадағалайды және белсенділігі төмен балаларды ойынға тартуды көздейді.
Кім не істейді?
Көрнекі құралдар. Қимыл әрекеттер бейнеленген сюжетті суреттер: ер бала гүлге су құяды; қыз бала қуыршақтың шашын тарайды, қонжық балы бар бөшкені кеудесіне қысып құшақтайды, қоян шелекпен су тасиды т.т.б.
Тәрбиеші үстелінің үстіне сюжетті суреттер, ал екінші үстелдің үстіне суретте бейнеленген заттар мен ойыншықтар қойылады.
Тәрбиеші кез келген бір баланы шақырады. Бала суретті таңдап, онда не бейнеленгенін әңгімелейді де, суретті барлығына көрсетеді. Содан соң бала суретті тәрбиешіге беріп, келесі үстелден қажетті затты не ойыншықты табады және суретте бейнеленген қимыл әрекетті өз қимылымен көрсетеді.
Ойын аяқталған соң балалар осы заттармен және ойыншықтармен еркін ойын ойнайды. Заттар не ойыншықтардың саны бала санына сәйкес болуы тиіс.
Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз
Көрнекі құралдар. Қуыршақ, ойыншық – жиһаздар.
Балалардың алдына екі үстел қойылады. Бір үстелде балаларға таныс қуыршақ Айжан отырады, ал екіншісіне қуыршақтың мөлшеріне сай келетін жиһаз бұйымдар қойылады.
«Біз қуыршақ Асқарға арнап бөлме дайындадық. Ал қуыршақ Айжанның бөлмесі жоқ. Айжан өкпелеп отыр. Енді не істейміз?» - деп тәрбиеші балаларға сауал қояды.
Дұрыс, Айжанға да бөлме дайындап берейік.
Бөлмеде не тұру қажет?
Әрине, керует қажет. Олай болса, Дархан ойыншықтар бұрышынан
керует тауып әкелсін. Енді Дархан қуыршаққа не, қандай зат әкелгеніңді және ол не үшін қажет екендігін түсіндірші. Мысалы, «Айжан, бұл керует. Керуетке жатып ұйықтауға болады» немесе «Міне саған, Айжан, керует. Бұл енді сенікі» т.т.б. Осылайша балалар бөлмеге басқа да жиһаздарды орналастырады.
Содан соң Айжан балаларға «Мен жасырынамын, ал сендер менің қайда жасырынғанымды табыңдар». Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші санамақ айтады. Санамақ аяқталған соң балалар көзін ашып, Айжанның қайда жасырынғанын айтады.
- Айжан, шық, сен үстелдің (керуеттің, шкафтың) астына (үстіне, ішіне, артына) жасырындың. Осылайша балалар Айжанды бөлмесіне орналастырады.
Ғажайып қоржын
Көрнекі құралдар. Қоржын: жануарлардың төлдері бейнеленген ұсақ ойыншықтар-балапан, күшік, піл, бақа, торай және т.б.
Барлық жоғарыда аталған ұсақ ойыншықтар қоржынға салынады. Тәрбиеші қоржынды қолына алып, бірнеше (3-4) баланың жанына келеді де, қоржында көптеген қызықты ойыншықтар бар екендігін айтады. Содан соң қоржыннан бір ойыншықты алып, оны барлық балаларға көрсетіп, дауыстап атауын сұрайды.
Тәрбиеші балалардың ойыншықты дұрыс және анық атауын қадағалайды. Егер балалардың кейбірі жауап беруге қиынсынса, тәрбиеші оған көмектеседі.
Кімге не қажет?
Көрнекі құралдар. Фланелеграф және суреттер (қолшатыр, себет, ешкі, қоян, маймыл, жұлдызша)
Тәрбиеші фланелеграфқа суреттерді іледі және онда бейнеленген затарды атауды ұсынады. Балалар барлық заттарды дұрыс атағаннан кейін оларға мынандай жұмбақ тапсырмалар беріледі:
Айгүл серуенге шықты, ал далада жаңбыр жауып тұр. Ол үсті су
болмауы үшін өзімен бірге ..... (не?) алып шықты. Не? ( осы жерде тәрбиеші суреттелген қолшатырды көрсетеді). Балалар «қолшатыр» деп жауап береді.
Асқар мен Серік аңдар бағына барды. Олар бақтан пілді, аюды,
түлкіні және қасқырды көрді. Оларға барлық аңдардың ішінен ....(кім? не не?) ұнады. Кім? не Не? (қоянды көрсетеді) – Қоян.
Тағы кімді (нені?) көрді? (маймылды, ешкіні көрсетеді) – Маймыл,
ешкі.
- Ораз анасымен дүкенге барды. Анасы Оразға дүкеннен .... (не?) сатып алып берді. Не? (жұлдызшаны көрсетеді) – Жұлдызша.
- Балалар тоғайда серуендеп, саңырауқұлақ жинады. Қайда жинады? (себетті көрсетеді) – Себетке.
Шешуін тап та, ата
Көрнекі құралдар. Алуан түрлі суреттер – тышқан, мысық, шелек, шана, т.б.; фланелеграф.
Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен фланелеграфқа бекітеді де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, фланелеграфтан қажетті суретті табуы және онда бейнеленген заттарды атауы тиіс.
Тәрбиеші: Балалар:
Інде кім тұрады? Тышқан
Тышқан кімнен қорқады? Мысықтан
Суды қайда құямыз? Шелекке
Қыста немен сырғанаймыз? Шанамен
Қуыршаққа не тағамыз? Моншақ
Алманы (гүлді) қайда жинаймыз? Себетке.
Тәрбиеші барлық балалардың сұрақтарға дәл жауап беруін, яғни фланелеграфтан сәйкес келетін заттарды табуын және сөздегі ш, сдыбыстарын дұрыс айта білуін қадағалайды.
Осы тектес ойын арқылы сөздегі ж, з дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыруға болады.
Ойыншықты ал
Көрнекі құралдар. Атауы 3-4 буыннан құралған ойыншықтар немесе заттар: қуыршақ, машина, пирамида, балапан және т.б.
Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші жанында отырған балаға заттардың бірінің атауын сыбырлап атайды, ал бала әрі қарай көршісіне сыбырлауы тиіс. Сөз тізбек бойымен жалғасады. Сөзді соңғы естіген бала орнынан тұрып, үстелге жақындайды да, осы затты іздеп табады және оны дауыстап атайды.
Тәрбиеші барлық баланың сөзді сыбырлап айтса да, оны анық айтуын қадағалайды.
Қатені тап
Көрнекі құралдар. Ойыншықтар: ешкі, сиыр, ит, тауық, түйе, кірпі және т.б.
Тәрбиеші ойыншықты көрсетеді де, осы жануарлардың әрекетіне қайшы келетін іс-қимылдарды атайды. Балалар бұл дұрыс па, жоқ па, жауап береді, содан соң осы жануарлардың іс жүзіндегі іс-қимылын атап береді. Мысалы, тәрбиеші: «Ешкі кітап оқиды. Ешкі кітап оқуы мүмкін бе?» Балалар «Жоқ!» - деп жауап береді. – «Ал ешкі не істей алады?» - деп тәрбиеші сұрайды да, ойыншықты көрсетеді. Балалар: жүреді, сүзеді, шөпті жейді – деп жіктеп айтады. Содан соң балаларға келесі сөзтіркестерін ұсынуға болады: сиыр үреді, ит мяулайды, тауық мөңірейді, түйе маңырайды, мысық ұшады және т.т.б.
Тәрбиеші балалардың тапсырманы мұқият тыңдап, жануарлардың қимыл әрекетін дұрыс атауын, сөздерді анық және таза айтуын қадағалайды.
Құпия
Тәрбиеші мына сөздерді: қасық-асық, ит-кит, кесе-шеше, сөз-көз, түйе-күйе, ауыл-ауыр сыбырлап айтады да, осы сөздерді балалардың қайталап айтуын сұрайды.
Тәрбиеші барлық баланың сөздерді мұқият тыңдап, тек сыбырлап, таза және анық айтуын қадағалайды.
«Сөз баста»
Педагог балалардың алдына бірнеше әртүрлі ойыншықтар немесе суреттер қояды.
Балалар суреттерге немесе ойыншықтарға қарайды да, олардың ішінен атауы педагогтың айтқан дыбысынан басталатын ойыншықты немесе суретті табуға тырысады.
Нұсқа: педагог балаларға атауында аталған дыбыс кездесетін заттарды атауды ұсынады.
«Не жоғалды?»
Педагог балалардың алдына ойыншықтарды (немесе суреттерді) шығарып қояды. Балалар қарап алады, содан кейін педагогтыңКөздеріңді жұмыңдар! деген белгісі бойынша көздерін жұмады. Сол уақытта педагог бір ойыншықты алып тастайды. ПедагогКөздеріңді ашыңдар! – деп белгі береді. Балалар көздерін ашады және қандай ойыншықтың жоқ екендігін айтады.
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
«Балбөбек»бөбекжай-бақшасы»
Педагогикалық кеңес:
Баяндама: «Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудағы логикалық ойындар қолдану жолдары»
Орындаған: Әдіскер
Таменова Г.А
2017ж
Баланың
жас ерекшелігін ескере отырып қазақ
тілінен түрлі логикалық тапсырмалар
беру арқылы, білімнің беріктігін
қамтамасыз ету, баланың шығармашылық
қабілетін дамыту, интелектуалдық
деңгейін көтеру.
«Логикалық
тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін
ескере отырып құрастырылды. Теориялық
білімдерін кеңейтіп, оны практикада
қолданылуына ықпал етеді. Логиканың
дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына
мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар
баланың интеллектуалдық деңгейін
көтереді.
Оқу материалын балалардың
ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса
ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші
балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы
тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,
оқу іс – әрекетінде бала логикасын
дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол
пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс
ойлаудың формалары мен заңдары туралы
ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының
обьектив пікірлерге негізделетін
процесі логикалық ойлау деп
аталады.
Логикалық ойлаудың
ерекшелігі – қорытындылардың
қисындылығында, олардың шындыққа сай
келуінде. Логикаға түскен құбылыс
түсіндіріледі, себептері мен салдарлары
қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы
байланыстар мен қатынастар логикалық
ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар
мен қатынастардың дұрыстығын теріске
шығаруға болмайтыны пікірлерде
көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар:
Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев,
«логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама
берген. Олардың пікірінше «логикалық
ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын
пайдалана отырып ой-пікірлерді,
тұжырымдарды қолдануға негізделген
ойлаудың бір түрі.
Балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С.
Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы
авторлардың пікірлерінше «Логикалық
ойлауды дамыту» дегеніміз:
•
барлық логикалық ойлау операцияларын
(талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
•
ойлау белсенділігін, өз беттілігін
дамыту.
«Логикалық ойлау –
логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға
тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Мектеп
жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын
дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі.
Өйткені логикалық ойлау кейінірек
бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады,
ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге
ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік
береді.
Балалардың ойлауын дамыту
туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ:
«Ойлау
жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға
ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс
істеу керек. Оқулықтағы берілген
тапсырмалар, суреттер баланың жанына
дұрыс әсер ететіндей, білімге деген
ынта – ықыласы, құштарлығы болуы
керек».
Баланың логикалық ойлауы
арқылы тілін дамыту үшін , тәрбиешіге
оның ториясын терең білу міндеті
жүктеледі.
Логикалық ойлауды
дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту
жолдарының кестесін жасауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады .Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет.Өйткені, бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда –балаға құрметпен қарау қажет.
Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың , заттарды әр-түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың , ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Біздің балабақшаның тәрбиешілері логикалық ойлау қабілеттерін жоғарлатуда.
Логика - дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі.
Бұл ғылым адамдардың өмір сүру қызметінің әр түрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік тарихи қүрылым. Бүл логикалық ойлау ғылымы көптеген басқа ғылымдармен байланысады. Философиямен, психологиямен, жоғарғы нерв қызметі, физиологиямен, кибернетикамен, математикамен байланысын зертгейді.Логика - талқылау кезіндегі ойдың дүрыс қүралуын зерттейтін ғылым. Еінші сұрақта формалды және диалектикалық логика туралы түсініктердің мазмүнын анықтаудан бастау керек. Формалды және диалектикалық логиканың ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына тоқталған жөн. Формалды логика жаңа білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады. Формалды логика білімнің қүрылымдық жағын жеке-жеке көрсетуге, олардың элементтерінін формалды байланыстарына көңіл аударады.
«Логика» ұғымына түсінік
Білім берудің басты мақсаты-үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау.Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады.Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада,білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда,жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады.Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді,оқуға деген құлшынысы төмендейді.Бала логикалық операцияларды меңгергенде,анық және дәл ойлай алады,амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді,өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады.Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.
Логикалық тәсілдер-салыстыру,талдау,жіктеу,дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады.Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді.Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Бұл жөнінде адамдық ойлаудың түрлі бағыттары бойынша:
Сократ,Аристотель,Декарт,Гегель,М.Берцфаи,М.Монтессори,Ж.Пиаже,П.П.Блонский,Л.С.Выготский,П.Я.Гальперин,В.В.Давыдов,А.В.Запорожец,Г.С.Костюк,А.Н.Леонтьев,А.Р.Лурия,А.И.Мещеряков,Н.А.Менчинская,Д.Б.Эльконин,Н.Н.Семёнов,Б.М.Кедров,Н.В.Григорян,Л.М.Фридма,Н.А.Подгорецкая және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Логика ғылым ретінде дүниеге келіп,қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады , ал оның негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикасы»деп атаған екен.Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған Демокрит.Сондай-ақ Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Плотон да айналысты.Бірақ , олардың ешқайсысы да логика ғылымын жасай алмады.Тек бұл міндетті Аристотель іске асырды.
Логика гректің logos – «ойлау», «сөз», «ақыл-ой», «заңдылық» деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан.Осыған сәйкес «логика» термині,негізінен,мынадай үш мағынада қолданылады: 1) шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін; 2) ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын,дәлелділігін білдіру үшін; 3) логика ғылымы-ойлау логикасының теориялық,ғылыми бейнесі ретінде қолданылады.
Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ХVII ғасырдағы озат ойшыл,ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның еңбектерінде маңызды рөль атқарды.Ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылық әдісі», «ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі», «бірге болатын өзгерістер әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми-индукцияның бес әдісін жасап берді.
Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұңғыш рет Гегель жасады.Ал,диалектикалық логиканы жасаған К.Маркс пен Ф.Энгельс болды.Логикалық сөйлемдерді геомитриялық фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г.Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі.Сөйтіп ,логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды.Қазақстанда логиканың дамуына академик А.Д.Тайманов зор үлес қосты.Ол логиканың ойлау формаларын(ұғым,пікір,ойқорытынды)зерттеп,олардың мәнін ,түрлерін,арақатынастарын,олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып,оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады.Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі,математикалық әдістер,логикалық есептеулер қолданылады.Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға,ойлау процесін автоматтандыруға,сөйтіп,осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды.Қазіргі кезде логика,негізінен ,үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы,математика және логикалық методология)тұратын ,жан-жақты тармақталған ғылымға айналды.
Ә.Тұрғынбаевтың анықтамасында «Логика дегеніміз-ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары,ережелері туралы,философиялық ғылым» делінген.Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау.
Баласын
жан-тәнімен сүйетін ата-ананың міндеті
– бөбегін таным жолына жетелей отырып,
оның өздігінен әрекет жасау құқығын
қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына
мүмкіндік беретін орта қалыптастыру
болып табылады.
Ондай
орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар
өздеріне ұнаған ойыншықтарымен,
ата-анасымен, бауырлары, сыныптастарымен
бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп,
қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы
шығармашылық әрекеттерге қадам
жасайды.
Бала ең алғаш
мектепке келген кезде, біршама уақыт
өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған
достарын ұмыта алмай ойы соларға бөлініп
жүретіні түсінікті жай.
Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.
Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала - өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» - деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
Қызығушылығын арттыру;
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
Машық. Сергіту;
Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
Іздену тапсырмаларын орындату;
Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
Көру қабілетін дамытатын ойындар.
Ж
амауды
таңдап ал.
Келесі тұратын суретті таңдап және орнына қой.
Көлеңкесін тап.
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
Математикалық жұмбақтар.
Неше алма?
«Бес» алған Асанға –
Бес алма.
«Төрт» алған Досанға –
Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға –
Үш алма.
«Екі» алған Болатқа –
Неше алма?
(2)
Інісі мен досын
Сыйлау үшін Қасым
Алма сатып алды.
Әрқайсысына:
Інісімен досына,
Өзіне 1 алмадан болды.
Ол неше алма сатып алды? (3)
Өлең есептер.
Күн шуақтап күшік отыр,
Құйрығын күнге қыздырып.
Жанына бір күшік келіп,
Отыра қалды жылынып.
Асан жеді бір кәмпит,
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын,
Болады екен неше кәмпит?
Екі шаршы Саматта,
Біреуі көрші Маратта.
Бұл шаршыны балалар,
Кәні, қосып санаңдар!
Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1. Оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығы артады;
2. Ой-өрісі дамиды;
3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.
Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.
Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.
Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, балалардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана
«Бір сөзбен ата» әдістемесі
Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.
«Не артық» әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.
Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.
Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.
«Қисынсыздықтар» әдістемесі
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесі
Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.
Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.
«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі
Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.
Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді
«Белгілерді қой» әдістемесі
Мақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп,онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мынадай: әрбір шаршыға,үшбұрышқа,шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек.Бала тапсырманы 2 минут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды
«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді.Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген.Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек.Орындау уақыты-30 секунд
Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда балалардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір балалардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.
Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған логикалық тапсырмалар, тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар бала білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген