Мақсаты:
Ата-аналарда өз балаларын олардың жеке ерекшеліктері мен
педагогтардың талаптарын ескере отырып тәрбиелеудің
белсенді бағытын
қалыптастыру.
Міндеттері:
Ата-аналарды балабақшадағы
мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің ерекшеліктерімен, біріккен
әрекет түрлерін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен таныстыру;
оқу-тәрбие әрекетінің қатынасушылары арасында сенімді қатынас
орнатуға мүмкіндік туғызу; педагогтарды, ата-аналарды командада
жұмыс жасауға үйрету.
Қажетті
құралдар:
тақта, екі ватман қағаз, екі
бет А3 қағаз, алты маркер, топтар үшін
барысы
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті
кешке қатысушылар! Біздің қарым-қатынасымыз толыққанды және жағымды
болуы үшін, бізге бәрінен бұрын жақынырақ танысу
қажет.
Танысу.Түсті карточкаға өз
есімдеріңізді жазып, оның айналасына сүйіп айналысатын істеріңіз
жайлы сурет салуларыңызды ұсынамын.
Тапсырма. «Серіктесіңді таныстыр»
Көршіңіздің есімін атау және оның сүйіп айналысатын ісі туралы не
білгеніңіз туралы айтып беру.
Сонымен бір-бірімізбен
танысып алдық.
Топтарға бөліну. Осы көтеріңкі көңілмен екі
топқа, түсті карточкаларыңыздың түсіне байланысты
бөлінеміз.
Семинарға қатысушылар өз
орындарына отырады.
Тәрбиеші: К.И.Чуковский: «Тек өз
еңбегіңізбен тапқан білім ғана құнды және берік болады. Кез-келген
білім сіздің өзіңіздің ашқан жаңалығыңыз болуы керек» - деген екен.
Сондықтан да мен сіздерді өз беттеріңізбен білім «тауып алуға»
шақырамын. Біздің міндетіміз –« Отбасы мен балабақша
ынтымақтастығы нығайту; бала тәрбиесіне қатысты
ата-аналардың сұрақтарына жауап табу; ата-аналармен педагогтардың
біріккен әрекетінің мүмкін болатын жолдарын
көрсету.
1. Жаңа
Стандартта «Отбасы – баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты»
екені айтылған («Отбасы» тақтасына көңіл
аударту).
Мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу, оның дене және психикалық саулығын қорғау және нығайту,
дара қабілеттерін дамыту үшін отбасына мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің жүйесі жұмыс жасайды
Тапсырма 1, бірінші топ
үшін (орындауға 7 минут беріледі).
«Бала» сөзін жазу (бұл сөзді
суретпен безендіруге болады).
Сұраққа жауап жазуда сөздік,
энциклопедияны қолдануға болады: Балалар жасы қандай болып
бөлінеді? Сіз «бала» деген сөзді естігенде, қандай сезім пайда
болатынын жазыңыз. Балалар туралы бір-екі нақыл сөздерді
естеріңізге түсіріңіздер. Топ басшысы топ жұмысының нәтижесін
тақтада көрсетеді
(2 минут)
Тапсырма 1, екінші топ үшін
(орындауға 7 минут беріледі).
«Ата-ана»
сөзін жазу (бұл сөзді суретпен безендіруге болады). Ата-ана сөзіне
сөздік, энциклопедияны қолданып барлық анықтаманы жазу. Ата-ана
туралы бір-екі нақыл сөздерді естеріңізге
түсіріңіздер.
Топ басшысы топ жұмысының
нәтижесін тақтада көрсетеді (2 минут)
Тапсырма 3 үшінші
топ(орындауға 7 минут беріледі).
«Тәрбиеші» сөзін жазу. (бұл сөзді суретпен безендіруге
болады).
Тәрбиеші
сөзіне сөздік, энциклопедияны қолданып барлық анықтаманы жазу.
Тәрбиеші туралы бір-екі нақыл сөздерді естеріңізге
түсіріңіздер.
-
Шешім шығару ( «Сөйлемді
аяқта» әдісі).
-
Сіз үшін
бүгінгі кездесу______________________________________
-
Біз
келесі сұрақтарға жауап
алдық_________________________________
________________________________________________________________
-
Біз
үйрендік ___________________________________________________
-
Кездесуді
ұйымдастырушыларға тілектер___________________________
-
Cенімдіміз_____________________________________________________
3.Ата-аналарға жаднама
Отбасында достық, қалыпты жағдай жасауға
тырысыңыз.
Балаға нақты талап қойып,
оның ұсынысын қадағалаңыз.
Шыдамды болыңыз.
Баланың өзіне өзі қызмет
етуін және жеке бас тазалығы дағдысын қалыптастырыңыз
Басқа балалармен ойнауын құптаңыз, ересектермен
қарым-қатынас аясын кеңейтіңіз.
Бала Сізбен сөйлескен кезде
оны мұқият тыңдаңыз.
Егер баланың бір істі бастағанын көрсеңіз, оны
қолдап, бірге сөйлесіңіз (оның істерін айта отырып).
Балаға қысқа сөйлеммен,
ақырын сөйлесіңіз; сөз арасында заттарды көп атауға тырысыңыз.
Қарапайым, ұғымды түсінік беріңіз.
Баладан «Не істеп жатырсың?» деп
сұраңыз.
Балаға күнделікті кітап оқып беріңіз. Оның әр
оқудан жаңа әсер алуын қамтамасыз етіңіз.
Баламен бірге шығармашылық
іс-әрекетпен айналысыңыз: ойнаңыз, құрастырыңыз, сурет
салыңыз...
Қызығушылығын
бағалаңыз.
Мүмкіндігінше мақтауға
тырысыңыз.
ӨЗ БАЛАҢЫЗ ҮШІН
ҚУАНЫҢЫЗ!!!
Өз
балаңды қалай жақсы көру керек
Жаднама
1. Ешқашан баланы жазалама
2. Бірімен бірін салстырмау керек
3. Басқа баланы мысалға
келтірмеңіз
4. Кешірім сұрауға мәжбүрлемеңіз
5. Балағаттамаңыз
6. Қатаң бұйрық беріп, талап қоймаңыз
7. Шын көңілмен мақтаңыз
8. Сөзсіз сеніңіз
9. Шын көңілмен сый жасаңыз
10. Келісімге келіп, ортақ пікірге
келу
11. Өзіне көбірек еркіндік беріңіз