Ата-ана беделі және перзент
парызы.
(баяндама)
Адамның жеке басының алғашқы
қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы
адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады,сондықтан да туған
үйдің жылуы-оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде
жүреді . Ақын сөзімен айтқанда: « Отбасы-табиғат сыйлаған
керметтердің бірі».Жеке адамды басқа адамдармен қарым-қатынасқа,
мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам қадам. Сондықтан
ол өте қажетті,басқа еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ.
Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта.Бала тәрбиесінің алғашқы
ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын
діңгегі –бала. Балның тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының
әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі,өзара сөйлесіп,не болмаса
ата-ананың,баланың міндетін атқару ғана
емес,береке-бірлік,сүіспеншілікпен араласса,босағасы берік,шаңырағы
биік айналары сөзсіз.
Қазақ отбасында әуелі
әке,содан кейін шеше-отбасы мектебінің ұстаздары. Әке мен шешенің
баласына қоятын ең бірінші басты талап тілектері-баланың «әдепті»
болып өсуі.
Сондықтан қазақ отбасы
әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген
сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып
өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын
мейірімділікке,имандылыққа баулып өсірген. Үйінде үнемі осылай
тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл
алғыш,адал,тиянақты,ұқыпты болып шыға
келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп
білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,өзгелерге
әсіресе үлкендерге сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.
Сонымен қатар,балаларының ер –азамат болып, халқына еңбек етулерін
басты міндет етіп қойған.
Отбасының
ұйытқысы,берекесі,мейір-шапағат көзі-әйел.Әйелдің бұл рөлі
отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген
сүйішпеншілігімен,қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан
танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық
борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату
сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта
түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы
балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға
тиіс. Мұның өзі, бір жағынан,үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені
анық. Демек, балалар үшін әке беделі,аналарының сөзі ,
іс-қимылы,қас – қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайптылар
балаларының көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ
түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде , өз
беделдерін жоғалтудың,бала-шағаның жүрегін шошытып,зәресін ұшырудың
үстіне,олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын
жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың
балаларға:»әкеңмен ақылдас»,»әкең біледі»,»әкеңнің айтқанын істе»,
т.б сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет!
Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі
дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод
бар.
«... Семей қаласында үш жыл
оқып,жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен,» 13 жасар шәкірт
бала-Абай аттан түскен бетте, мандасу үшін, шешеге қарай жүреді.
Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер
тұр,әкеңе барып,сәлем бер!»,-дейді. Бір сәтке балалық сезім
жеңіп,қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт
бұрылып,ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа
қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың
жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес,
оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп
отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-
қасиетін осылайша ардақтап,беделін өсіруі,араларында
өкпе-наз,кикілжің туа қалғанда,оны балалардан оңашада, екеуара
шешіп отыруы – шынайы
инабаттылық,әдептілік.
Сайып келгенде,қоғамда әдеп
–инабат өлщемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының
маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі- ерлі- зайыптылар
өздеріне қатысты әдеп- адамгершілік талаптарын, құқықтары мен
міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкңр қоғамда, елде бейбіт те
берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс,
жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
«Баланы- жастан» дегенге мен
де толық қосыламын.Бірде Бернард Шоудан:”Маған ақылыңызды айтыңызшы
баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?” деп сұрамай ма,сонда атақты
драматург қарсы сауал қойыпты: “Балаңыз қанша жаста?”.”Өмірге
келгеніне екі апта болды”,-депті оған сауал қоюшы.Сонда Б.Шоу:”Сіз
дәл екі аптаға кешіктіңіз”деген екен.Мұның өзі достық нақышта
айтылғанмен,астарында шындық жатыр.
Бүгінде кейбір жастар
ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын
өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып,атын ізін салмай
кеткендер мен жалғыз басты қарттарың кәрілер үйіне тапсыруға дәті
барған жүзіқараларға қарағанда адамгершілікке балсақ та,оның да
оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті – баласынан
күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата- анасы
баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі – жиі көрісіп, жүзбе –
жүз отырып әңгмелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен
немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый- құрметін көріп,
тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма ? Дүниеге бала әкеліп, оны
азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызыметін көре алмай, тірідей
суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай – аңсай ,дүниеден өткен
кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар
ма?!
Баланың ыстық-суығына
күймейтін,жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл
ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге
қарап өседі,бойын түзейді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға
ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші-
ата-ана.