жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МҰҒАЛІМНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МҰҒАЛІМНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ
Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Ағыбаева Самал Оразқызы
Авторлық оқу бағдарламасы - педогогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педогогиклық шығармашылықтың нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Кез келген бағдарламаның құрастырылуына қойылатын талаптар бар және кейбір міндетті атрибуттар болуы тиіс. Мектеп пәнінің кез келгені бойынша авторлық бағдарлама жасап шығуға болады.
Авторлық бағдарламаның алғашқы міндетті шарты – бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек.
Қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сәйкес келуі және жаңалығымен даралануы;
Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен әлеуметтік бейімделуіне;
жүйелілік талаптарына сай болуы;
психологиялық-педагогикалық негізі болуы;
басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуітиіс.
Осыған орай, өзім де осы талаптарды ескере отырып авторлық бағдармамды жасадым. Ол 10-сыныпқа арналған «Этнолингвистика» бағдарламасы.
Этнолингвистика – халықтың тілін, әдет-ғұрпын, салт-сана, дінін, мәдениетін рухани бірлікте қарастыратын жаңа қалыптасып келе жатқан ғылыми пән.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата- бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым - білім де осында, әулиелік те осында»,-деген болатын. Бұл этнолингвистика туралы пікір деп білеміз.
Халықтың тұрмысына қажетті заттар, бұйымдар, әдет- ғұрпына қатысты мәнері, салт- санаға байланысты қиялы жинақталып келіп тұтас халықтың өмірінен сыр ақтарады. Этнолингвистика сөздің шығуын емес, сол сөздің аталуына себеп болған заттың ара қатынасын зерттейді. Бұл бағдарлама аптасына 1 рет, барлығы 34 сағатқа бекітілген.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға халықтың тілін, әдет-ғұрпын, салт-сана, мәдениетін, сөздің аталуына себеп болған заттың ара қатынасын, олардың қолданылатын орнын талдау
Алдына қойған міндеттері:
Салт-сана, әдет-ғұрыпқа байланысты сөздер шоғырының орнын көрсету;
Қазақтың байырғы сөздерінің қолдану орнын, әдет-ғұрыпты білуге үйрету;
Өмірлік қажетті дағдыларды қалыптастырып, жан- жақты ойлауға машықтандыру;
Күтілетін нәтиже:
Қазақтың байырғы сөз қолданысын танып біледі.
Ұлттық әдет-ғұрыпты,салт-сананы, халықтың тұрмыс- тіршілігін танып біледі.
Туған жерге, туған елге, ана тіліне, салт—дәстүрге деген сүйіспеншілік сезімдері артады.
Сөздердің, ұғымдардың шығу тарихын зерттеп, зерделейді.
Халқымызға белгілі еліміздің үшінші жаңғыруы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр. Сонымен, елімізде қызу талқыға түскен мақалада атап көрсетілгендей, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Ұлттық код дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысы, құндылығы, мәдениетінде болса керек-ті.
Міне, осы айтылған ойларға «Этнолингвистика» бағдарламасы мазмұны жағынан да, тақырыбы жағынан да сәйкес келеді деп ойлаймын.
Мұнда оқылатын тақырыптар:
Этнолингвистика туралы түсінік және зерттелуі,
Топономика(жер-су аттарына байланысты этнолингвистика)
Жеті атаны білу, тарту, туыстық атаулар этнолингвистикасы;
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған. Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған.
Бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүр атаулары. Олардың сөзжасамдық қасиеті.
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Бала – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.
Қазақ ырымдары, қолданылуы Тиым сөздердің мағынасы (шығу тарихы)
Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз... Ырым деген біздің Ұлы Қазақ халқының (әрине басқаларда да бар) ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде жасалған дүние. Оның басты күші сенімде жатыр. Ырымды ұстап жүріп-ақ аузынан Алласын тастамаған
Өлшемдік ұғымдарды білдіретін бірліктер этнолингвистикасы (халық өлшемдері, мезгіл өлшемдері, салмақ, көлем өлшемдері)
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографииясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
Оюмен ой айтқан елміз
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері көпқырлы, және әрқайсысының өзіндік атаулары бар. Бүгінде өнертанушыларға ою-өрнектің 200-ге таяу түрлері белгілі. Мүйіз бейнелі оюларды қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің қайнар көзі деп есептеуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз,өркеш мүйіз,төртқұлақ, түйетабан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан т.б. ою- өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою -өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы араласып отырады. Сондықтан қазақтың ұлттық ою- өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны мүйіз тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенділер өмір салты бейнеленген. Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы - симметрия заңы. Симметрия кез келген ою - өрнекте болады.
Илей білген теріні тон етеді. Ағаштан түйін түйген, темірден бедер салған елміз (қол өнері туралы).
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, «ұста» атанаған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен да айналысты.
Мал сою, мүшелеу, аттарын білу, табаққа тарту халқымыздың ең басты құндылығы.
Мал сою - малды жансыздаңдырып етін алу. Мал сою кәсіби жұмыс, оған сәйкес білім мен тәжірибе керек. Әр түрлі түлік малын союдың өзіңдік ерекшеліктері бар. Көпшілігіне ортақ мал союдың тәртібі келесідей - малды жығып, аяқтарын бірге байлап, бауыздау, басы мен сирақтарын ажырату, терісін сыпыру, өкпе-бауыр, ішек қарындарын шығару, ұшасын алу, ұшаны мүшелеу (бөлу).
Малдың құлағына ен салу, сауырына таңба басу салттары
Ен – малдың құлағына тіліп немесе ойып салынған белгі. Енді жоғалған, араласқан малды тану, табу үшін салады. Тілік ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, кесік ен, тесік ен, т.б. түрлері бар. Соңғы уақытта малдың тұқымдық құндылығын (қой өсіруде) не реттік нөмір
«Ен салу, таңбалау» — дегендеріміздің түбірі тереңде.Негізгі шаруашылығы мал болғанан және ол маң далада төрт аяғымен қаптай жайылған соң қазақ халқының арасында малға талас даулары аз болған жоқ, әрі шешімі қиын, дәлелденуі күрделі болды. Осыны түсінген қазақ билері әр руға өз таңбасын, малдарына ен таңбасын белгілеп берді және ол кесіп тастауы мүмкін емес, өзгертуге оңайшылықпен келмейтін етіп жасалды. Егер малға ру таңбасын басатын болса оны жамбасына темір таңбаны қүйдіріп басу арқылы іске асырып отырған.Одан малға да еш зиян келмеген, біраз күнде — ақ жазылып кеткенімен таңба бадырайып көрініп, жылқы кімдіке екені білініп тұрған. Ал малдың құлағына салынған таңбаны ЕН — деп атаған. Еннің түрі өте көп, және бірін-бірі қайталамаған.Мысалы: ойык,қиық, шорт кесік, тілік т.т. с сияқтылар көп,әрі оныңи әрқайсысының бірнеше атауы. Тілік енін алсақ солақай тілік, оң тілік, қос тілік — деген сияқты белгілері көп болған. Олар малдың еш сәнін бұзбаған, қайта жарасым берген. Кейін келе КСРО кезінде арнайы мал шауашылығымен айналысатын ірі колхоз, совхоздар көбейген кезде ен салу құлаққа сырға салу тәсілімен ауысты.
Мал таңбалау, малға ен салу - малды есептеу, бір-бірінен ажырату үшін салынатын шартты белгі. Мал таңбалаудың құлаққа ен салу не сырға тағу, мүйізге, иыққа, санына, құлақ ішіне таңба салу, сирағына сақина кигізу сияқты түліктің түріне байланысты әр түрлі тәсілдері қолданылады. Бұларды қолданудың қайсысының өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар, оны мал мамандары біледі. Мал таңбалау табындағы малды ата-тегі мен өнімділігі бойынша сұрыптау мен жұп тандау арқылы тұқымын асылдандыруға аса қажет. Сонымен қатар, таңбаны мал араласқанда ажырату, жоғалғанда жылдам табу үшін салады.
Ұлттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Қорыта келе, этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан, дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Осы құнды да құнарлы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білсек, еліміз көркейіп, ұлттық кодымыз нығайып, жаңғырып, жаңарудың биік белестерін бағындыра алар едік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген