Материалдар / Баяндама: "Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желілер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсінік және түрлеріне сипаттама беру. әлеуметтік желінің пайдасы және кері әсері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
1743
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желілер.

«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда – қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивтімінез – құлық –

Адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.Аутодеструктивті мінез - құлық – қазіргітаңдакеңтаралыпкеткенкүрделі де қауіпті феномен. Аутодеструктивті әрекеттерді зерттеу үрдісі суицидология мен   клиникалық психологияның негізгі теорияларына сүйенеді, осыған орай,  Э.Шнейдман өз пікірін былай деп жеткізедi: "бұл әрекет, өзінің соматикалық немесе психикалық денсаулығына қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған". Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдыналу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Енді осы аутодеструктивтік мінез – құлықтың негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ:

1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және  парасуицидалды). Суицидаутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады.  А.Е. Личко  демонстративті, аффективті және шын  суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдыналу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез–құлық – өз–өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.

2. Тағам қабылдауға тәуелділікнемесе керісінше– адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез–құлқының бұзылуы.

3. Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі   деструктивті табыну. егер спортпен айналысу немесе  музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болып табылатын болса,  ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына қауіп, ерік бостандығына қауіп төндіреді. 

4. Аутистік мінез–құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан  көрінетін мінез–құлық. Аутистік мінез-құлықты   аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм –  әлеуметтік өзара қарым–қатынастықабылдаудың және қарым–қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы.  Аутистік мінез–құлық кезінде  психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай,  басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз–өзімен араласудыдұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету  мүмкін емес болса, ал  аутистік мінез–құлықта қауіпсіз жағдайда қарым–қатынас дағдыларын жаттықтыруда  психологиялық топ пайдалы  ресурс болуы мүмкін.

5. Виктимді мінез–құлық (ағылш. victim — құрбан) –адамның басқа біреудің   өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне  көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі  өз–өзін төмен бағалау, қарым–қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым–қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.

Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк – экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттерге қарқынды бейімделуі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Жасөспірімдер күйзеліске жиі ұшырап жатады.

Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет, соның ішінде әлеуметтік желі. Әлеуметтік желілердің адам психикасына әсеріне келетін болсақ, жалпы әлуметтік желіні«әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір – біріменғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір–бірімен қарым-қатынасы.Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.

Осы кезекте әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын тоқталып өтсек.

Бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып, олармен байланыста бола алады. Сондай-ақ қазір әлеуметтік желі арқылы өз

бизнесін жүргізіп отырғандар бар.

Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әрбір адам өзіне тиесілі ақпараттарын ешқандай шығынсыз жариялай алады. Мысалы: Жұлдыздар өздерін де болып жатқан жаңалықтарымен, суреттеріменбөліссе, ақынжазушыларымызоқырмандарынашығармаларынжариялап, әртүрлікомпанияларөздерінежұмысшыіздеудежелініңкөмегінежүгінеді. Сонымен қатар, желідегі қызықты топтарға тіркеліп, өзойларыңызбенқызығушылықтарыңызбенбөлісеаласыз.
Ал, зиянды жақтарына келсек, Қазірде әлем халқының 60%-ға жуығы бетпе – бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдесуді жөн санайды. Әлеуметтік желінің нақты зияны:

  • Когнитивті қабілеттерінің төмендеуі. Бала әлеуметтік желідегі ақпараттың көптігі мен әртүрлілігінен зейіннің шоғырлануы төмендейді. Ойлау нақты бір тапсырманы орындай алмайды. Ойы шашыраңқы келеді. Тек ұсақ түйек ақпаратпен ғана шектеліп қалады.

  • Ақпараттық тәуелділік. Интернеттегі әлеуметтік желілірдің көптігінен күнделікті, сағат сайын, тіпті әр сәт сайын ақпаратпен қамтамассыз етілуді әдетке айналдырады. Іс – әрекеті тұрақсыздана түседі.

  • Стресс және жоғары деңгейдегі шаршаңқылық. Әлеуметтік желідегі ақпараттардың әртүрлілігінен алған әсері үнемі өзгеріп отырады. Ал шаршаңқылықты компьютералдында немесе смартфон ұзақ пайдаланудан, яғни қарапайым әзіл, сурет, кино көрубарысында пайда болады.

  • Өз пікірінің жоғалуы, тұйықталу. Әлеуметтік желіде отырып, бір қарағанда ақылды, орында айтылған ақпарат оқыса, ол балаңыздың пайдалы интелектуалды іс – әрекетпен айналысып отырғанының білдірмейді. Бала сол ақпарттардың сүйемелдеуімен, пікірімен өмір сүре бастайды. Бала ол ақпараттың сапалылығың мән бермейді.Өзіндік пікірі жоғалады. Бұндай еліктіргіш ақпараттар өте көп. Бала сол әлемде өмір сүріп қалуы мүмкін.Бала зерттеушілікпен, шығармашылықпен жұмыс барысында басқалардың идеясын көшіріп алуға бейім келе бастайды. Өзі бір жаңашылдық жасауға қиналғысы, ізденгісі келмейді.

Ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Айта кетерлік бір жағдай, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.

Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.
Әлеуметтік желінің тағы бір кері әсері:

1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние - уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «агенттің гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
2. Шын өмірден алшақтау;

3. Шындыққа жанаспайтын ақпа­раттардың тез тарауы, т.б.
Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңі­рек. 

Әлеуметтік желілер - адамдар ту­ралы ақпарат жинау мақсатында ойлап табылған дүние. Әлеуметтік желіге тір­келу барысында біз есімімізді, лақап атымызды, фамилиямызды, туған же­рімізді, мекен - жайымызды, қызығу­шылықтарымызды, тіпті те­лефон нө­мірімізді енгіземіз. Өзіміз жай­лы бас­тапқы толық ақпаратты осылай өзіміз береміз. Мүмкін сіз мұ­ның бәрін жал­ған ақпаратпен тол­тырғыңыз келетін шығар. Бірақ ондай жағдайда достары­ңыз сізді қалай таппақ?

Одан кейінгі біздің әрбір әңгімеміз ақпарат. Өзіміз жайлы, өміріміз, қыз­метіміз, компания, мемлекет жайлы ақпарат. Мәселен, әлеумет­тік желісінде өз жазбаларыңыздың мұрағаттан көруге болады. Оны жоюға да мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол бәрібір сақталып қалады.Жалпы, сіздің әрбір әрекетіңіз, яғни кіммен дос болдыңыз, кімге не жаздыңыз бәрі де сақтаулы. Керек десеңіз, IP адресіңізге дейін. Оның бәрі сайт бақылаушыларының уысында. Демек, оларды қалаған кезінде пайдалана алады. Мүмкін сізге қарсы, мүмкін өзге мақсаттарда. Бір сөзбен айтқанда, олардың назарына іліге қал­саң, мұрағатыңды ақтарып жіберіп, шикілік таба салады.
Бір сәтке ойланып көріңізші, сіздің осы уақытқа дейін жазғандарыңыз­дың арасынан болашақта сізге қарсы қолданылуы мүмкін нәрселер табыл­май ма? Оны былай қойғанда, бірде – бір рет өзгелер білмегені дұрыс сайтқа кір­медіңіз бе? Әлеуметтік желі сіздің қандай сайтқа кіргеніңіз де қадағала­нылып отырады. «Маған ұнайды» де­генді басу арқылы мен осында келдім деп ақпарат бересіз.

Қазір әлеуметтік желілерге сурет қою сәнге айналған. Кез келген смарт­фон, i-phone немесе android жүйесін­дегі телефонмен түсірілеген сурет жай­лы толық ақпарат алуға болады. Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін.Картадан анық көрсетіп те бе­реді. 

Қорыта келетін болсам, өмір мен денсаулық – адамның ең қымбат байлығы. Балалардың денсаулығы – еліміздің болашағы. Әлеуметтік желіні тиімді, дұрыс пайдалана білейік және балаларымызға үйретейік.Әлеуметтік желіні пайдалануда балаларымыздың қауіпсіздігін бақылауда ұстайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!