400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Бәйшешек" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама.


Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру,біліктілігімен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы ,ертеңгі жас маман екенін ескере

отырып,оларға кәсіби білім беріп ,қаблетін,дарынын аша білу,шығармашылыққа бағыт –бағдар беру әр мұғалімнің мақсаты болып табылады.


Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбекпен мамандықтар әлемін ашады .Сондай пәндердің бірі-технология.Технология-шеберлік,іскерлік,білгірлік мектебі.Технология сабақтарында оқушылар жан-жақты дүние танымын қалыптастыра отырып болашақта өмірге ,өндіріске қажетті мамандық алып шығады,саналы,сұлулық сезімін түсінетін, шебер, заман талабына сай өм ірге бейімделген,еңбекті бағалайтын ,үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді.Еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі.


«Алғашқы бәйшешектер» тақырыбында ашық сабақ өтілді.

Сабақтың мақсаты:заттардың үлгі бойынша пішіліп,түсін ескере отырып салады.Балаларға көктем туралы,гүлдер жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.Сурет салудың әдіс тәсілдерін арттыру.


Тәрбиелілігі:Ұқыптылыққа,мәдениеттілікке,табиғатты аялауға үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер және фотосуреттер.


Қажетті материалдар:Қатырма қағаз ,қайшы,желім,түрлі-түсті қалам,түрлі-түсті қағаз.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру және сарамандық жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер

Жайқалады бәйшешек,

Жайқалады қызғалдақ,

Су құямыз себелеп

Өссін биік,биіктеп

Біз гүлдерді жұлмаймыз

Қамқор болып қорғаймыз

Әсем болып өскенде

Үлкендерге сыйлаймыз


Топқа бөлу:

  1. «Бәйшешектер»

  2. «Жауқазын»


Қауіпсіздік ережесімен таныстыру:

1.Қайшыны лақтырма,сермеме,қайшының аршасын ашық тастама.

2.Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.

3.Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.

4.Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.

5.Желімді аузына,көзіңе апарма.

6.Жұмыстан соң қолды жуу керек.


Үй тапсырмасы:Қатырма қағаздан жұмыс(«Су асты тіршілігін» ) сұрақ-жауап арқылы сұрау.


Видео ролик көрсету(Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті) тақырыбында.


Жаңа сабақ

Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді.Ең бірінші бәйшешекті көреміз.Қар ериді,күн жылынады,,жер көктейді.Талда бүршік ата бастайды.Яғни,тіршілік иесінің бәрі ояна бастайды.Малдар төлдейді.Сиыр бұзаулайды,ат құлындайды,түйе боталайды,қой қозылайды.Адамдар көшет еге бастайды.Көптеген жеміс ағаштарын егеді.Ең бастысы наурыз мейрамы келеді.Бұл мейрамды жақсылап қарсы аламыз.Ауыл болып наурыз көжеістейміз,тоқаш,қаттама,жұқпа нан,құрт,май,ірімшік,қазы-қарта,тары,талқан,қымыз қойылады.Мал сойылып,тамақ пісіріледі.Наурызда күн мен түн теңеседі.Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосылып дайындалады.Сол күні араздасқан адамдар қайта жарасып жатады.Сонымен қатар аналарымыздың,әпке-сіңілдеріміздің мейрамы.Сол мейрамда аналарымызға гүл сыйланады.Енді гүлдерге тоқталайық.Гүл адамға керемет көңіл-күй сыйлайды.Гүлдің үш түрі болады.

1.Дала гүлдері

2.Бөлме гүлдері

3.Емдік гүлдері

Дала гүлдеріне:бәйшешек,бақ-бақ,райқан,раушан,астра,сарғалдақ тағы басқалары жатады.Дала гүлдеріқырда өседі немесе арнацы егіледі.Даланың немесе ауланың сәнін келтіріп тұрады.


Бөлме гүлдері:кактус,фикус,жасмин,әйел бақыты,алоэжәне тағы басқалары.Бөлме гүлдері үйдің сәнін кетіріпқана қоймай ,микробтарды жойып оттегін бөліп тұрады.Гүлдің өсуі үйдегілердің көңіл-күйіне және махаббатына байланысты.Сосын гүлге жақсы күтім керек.Түбін қопсытып,су құйып қарап тұрса,гүл жайқалып өседі.Бұл гүлдер жылдың төрт мезгілінде де өсе береді.


Емдік гүлдері:адыраспан,алоэ,дермана,киік оты,түймедақ тағы басқалары.Алоэны жараға таңсан тез жазылады,дермананы жөтелге,түймедақты асқазанға және адыраспан өте киелі.Әжелеріміз бәле-жәленің алдын алу үшін ырымдап аластайды.


Топтық жұмыс:

1-топ «Көктемде қандай өзгерістер болады,қандай мейрамдар болады»-тақырыбында постер қорғау.


2-топ «Гүл түрлерін атап және олардың қасиеттерін атап жазу»-тақырыбында постер қорғау.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз соллға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз тату боламыз

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.


Жеке жұмыс:

Оқушылар өз қалауынша гүл жасап береді.


Қорытынды бөлім:

Күн мен түн қай кезде теңеседі?

Бәйшешек қай кезде шығады?

Емдік гүлдердің қасиеттері?


Оқушыларды бағалап мадақтау


Үйге тапсырма:Гүлдер тақырыбында мақал-мәтелдер жаттап келу.


Оқушыларды рухани жаңғыруға тәрбиелеу.Ұлттық салт дәстүрді және

ұлттық қол қол өнерді үйрету.Оқушылардың кәсіптік деңгейлігін,шығармашылық шеберлігін,еңбек іскерлігін,икемділігін

дамыту.Ой өрістерін дамытып,өз бетінше жұмыс істей білуге баулу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі