Материалдар / Баяндама "Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек."
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесі.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, жанында жүрген достарына дейін мән беру,табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айгерим Нуртазина

Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің

Әлеуметтік педагогі

Шал ақын ауданы,Солтүстік Қазақстан облысы



Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек.



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»

Әл-Фараби


Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп. Отбасын ата – ана  және бала құрайды.  Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді білгені жөн. Баламен сөйлесу арнайы уaқытты қажет етпейді, балаларды үй шаруасына араластырып, іс арасында әңгімелесуге болады. Әңгімелесе отырып баланыздың араласатын ортасын білесіз, қандай қызығушылығы бар, ақыл- кеңесінізді бересіз. Сонымен қатар баланызды еңбекке баулыйсыз. Баланы күн тәртібіне уйрету баланың бойында жауапкершілік пен жинақылықты қалыптастырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, жанында жүрген достарына дейін мән беру,табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сол себепті ата-ана өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсіргісі келсе, ең бірінші өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қaсиеттерден арылып дүниегі сәби келгеннен-ақ дайын болуы керек. Екіншіден бaланың көзінше өзіңіз оғаш, дөрекі іс-әрекет жасамау және де баланы да оған мәжбірлемеу. Мысалға әкесі телефон шылдырлағанда баласына мені үйде жоқ деп айта салшы деген бір ауыз сөзімен жаңадан дамып келе жатқан балаға өтірік айтуды бойына сіндіреді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ана бойында жақсы, жаман әдеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпауы тиіс.

Отбасында балаға қатысты қандай да болсын жағдайда баланың ойын сұрау және де оның ойымен бөлісу керек. Осылай сіз балаға өзінің ойын қоршаған ортада ашық түрде жеткізуді қалыптастырасыз. Баламен сөйлескен кезде жоғарыдан төмен принципі бойынша емес, керісінше тең дәрежеде дос ретінде сырласу керек. Баланың сырын сақтай білу қажет, сонда балада сенім артады. Баланызға берген уәдеде қашанда тұруды және оны орындауды ата-ана жадында сақтау керек. «Айтылған сөз атылған оқ», «Жігіттің екі сөйлегені өлгені» деп дана бабаларымыз айтқандай өз іс-әрекетінізбен сөзінде тұратын нағыз азамат тәрбиелейсіз.

Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң, деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, адам баласының жаман мінез-құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі болуынан. Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен.

Егер жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көрініске, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда байтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны бәрімізге мәлім.
Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Мұғалім оқушыға оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етеді. Алтын бесік отбасы болса, алтын ұя- мектеп. Егер отбасы баланы дүниеге әкеліп, дамытып, қалыптастырып, жетілдірсе, мектеп балаға білім беріп, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп шығарады. Екі ортанын да мақсаты – ортақ, міндет – біреу.

Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалайық.
Ж
ас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!