«Бала тәрбиесі ортақ
ісіміз»
Бала - басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел
тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан
сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын
мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек
келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты
әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны
анық.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол
тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,
ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны
белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі
ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде
басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және
қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік
педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен
кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере
бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар
жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал
сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді,
қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады?
Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да,
қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын
аттаған оқушылар бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін
тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар
б
олсақ 5 сынып оқушыларымен « Дос болайық бәріміз »
атты тренингте бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа өткеннен бері
достарының арасында кездесетін қиыншылықтар жайлы айтылды. Дос
таңдауда қателеспеу, қолыңнан келсе көмек беру. Бір – біріне
мейірімді, кішіпейіл, кешірімшіл болудың маңыздылығына тоқталып
өтті.

9 – сынып оқушыларымен
«Мамандық таңдау» тренингі өткізілді.
9 – сынып негізгі орта мектеп
бітірушілері болғандықтан, өз болашақтары өз қолдарында екеніне
тоқтала келе, мамандықтың маңыздылығы айтылды. Оқушылар
пікірталасқа түсіп өздерінің жанына жақын мамандықтың жақсы жақтары
мен қиыншылықтарына тоқталды. Өз ойларын еркін, ашық
жеткізді.

11 – сынып оқушыларымен
«Жауапкершілік» тақырыбында жаттығулар, пікірталастар өткізілді.
Жауапкершілік сөзін оқушы қалай түсінеді? Оқушылар өз ойларын
жеткізді. Пікірталасқа тусті. ҰБТ – ның, мектеп бітіру емтихандарын
дұрыс, жақсы тапсыру мектеп пен ата – ана алдында жауапкершілік
екеніне айтылды. Мамандық таңдауда адаспаған адам, өз болашағында
қиыншылыққа кездеспейтіні жайлы
талқыланды.

Көп балалы ата – аналармен
«Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам» атты тренинг өттім.
Бұндағы басты мақсатымыз отбасындағы сыйластықты, балалардың
үлкендерді құрмет тұтып қана қоймай, олармен сырлас бола білуге
тәрбиелеу.
«Жанұя бақыты» жаттығуында ата
–ана өз отбасының суретін салу, бақытты отбасы екендігін суретпен
көрсету, сөзбен жеткізу. Өз отбасындағы сыйластықты, мейірімділікті
өзара татулықты көрсету, постер қорғау.

Бала тәрбиесі ортақ ісіміз,
сондықтан балалар арсында қиын бала атанып кеткен балаларда
кездеседі. Біздің мектебімізде де қиын бала кездеседі. Мысалы
үшін:
-
Тәрбиесі нашар, үлкендер
балаға қамқорлық көрсетпегендіктен.
-
Отбасында ата – ананың
тәжірибесінің аздығынан.
-
Балада елестудің, қиялдаудың
жеткіліксіз дамуынан мінез – құлқындағы
т.б.
өзгерістерден қиындықтар
тұындайтын оқушылармен жеке жұмыстар мектебімізде жүргізіледі.
Тоқталып өтетін болсақ, Олар:
-
4 «А» сынып оқушысы Манабай
Мейірбек
-
6 «Ә» сынып оқушысы Манабай
Гүлшат
Мектеп психологтары көптеген
жұмыстар жүргізілуде. Бұл балалардың отбасындағы ұсақ әлеуметтік
факторлар мінез – құлықтарының өзгеруіне әсер
етуде.
Осы оқушылардың көпшілік
ортада өздерін дұрыс ұстау, тәртіпті болу, достарымен ашық – жарқын
тілдесу, өз ойын күмәнданбай жеткізу үшін Жанар Дүкенбаеваның «Құм
терапиясы» үйірмесінің көп көмегі тиюде деп
ойлаймын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын
негізге ала отырып мектебіміз әр сәрсенбі күні улкен үзілісте,
көркем әдебиеттерді мұғалімдерімен бірге оқиды. Оқыған көркем
әдебиеттерінің мазмұнын пән мұғалімдеріне айтып беруі керек. Сынып
болып кезінде сахналық қойылым көрсетуі тиіс. Бұл бағдарламаны
орындаудағы басты мақсаты, баланы ұялы телефоннан алшақтату. Осы
негізде мектебімізде тиянақты жұмыстар
жүргізілуде.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен
тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында
ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі
тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені
түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы
тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді.
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты
нығайтқанда ғана
ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты
болмақ.
«№ 123 жалпы орта
мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Баяндама
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесі ортақ
ісіміз»
Дайындаған:
Ж.Нусерова
2017 – 2018 оқу
жылы