400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Баяндама Бала тәрбиесіне ата-ана мен психологты тарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада сынып жетекші мектеп психологымен бірлесе отырып ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының тиімді тұстары және олармен байланысудың әрқилы түрлерін қолдана біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



1. Баяндама авторының фотосуреті: Picture 10

1. Баяндаманың аты:Бала тәрбиесіне ата-ана мен психологты тарту

2.Баяндама авторының тегі,аты,әкесінің аты: Сағындықова Динара

3. Жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы: «Бөген» жалпы орта мектебі,

10 сынып жетекшісі

4. Бағыты «Сабақ аяқталған соң...»

5. Пошталық мекен-жайы:Түркістан облысы,Бәйдібек ауданы,

Мыңбұлақ ауылы . Dikosha-dina@yandex.ru

6. Телефонының номері: 8 702 992 68 01





Аннотация

В данной работе рассматривается совместная работа родителей – психолога-классного руководителя.Также при работе с детьми на какие правила и аспекты должны опираться классные родители и родители. Отмечены работы психолога, проводимые с помощью уроков – тренингов пользующих популярностью



Бала тәрбиесіне ата-ана мен психологты тарту

"Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш - жігерді

біріктіру арқасында мұғалімдердің балаларға
үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін

В.А.Сухомолинский

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде ата-ана + сынып жетекші + психолог бірлесіп атақаратын жұмыстарының оқу тәрбие ісіндегі баланың тәлім-тәрбиесіне әсері зор.

Осы байланысты нығайтудағы тиісті кісілер атқаратын жұмыстары.

1. Сынып жетекшінің күнделікті жүргізетін жұмысы:

1.1. Баланың мінез құлқымен жүріс тұрысындағы өзгерісті қадағалау;

1.2. Баланың оқу үлгеріиі мен тәртібінің барысын бақылау;

1.3. Сыныптағы оқушыларды үнемі "Мектеп", "Өмір", "Қоршаған орта" туралы еркін әңгімеге тарту және әңгімелесу;

1.4. Пән мұғалімдерімен сыныптағы оқушылар туралы пікірлесіп отыру;

1.5. Жоғарыдағы мәселелер бойынша психолгпен және ата-анамен кездесулер, сұхбаттар, пікірлесулер өткізу.

2. Ата-ананың баламен күнделікті жүргізетін жұмысы:

2.1. Баланың үйдегі жүріс - тұрысын бақылау;

2.2. Баламен ортақ түрлі тақырыптарда әңгімелесу;

2.3. Мектеп өмірі және достары туралы пікірлесу;

2.4. Егер бала бойындағы белгілі бір өзгеріс не бір әректті байқаса бірден шешім шығармау;

2.5. Бала тәрбиесіне байланысты керек деп тапқан кез келген мәселе бойынша психолог пен сынып жетекшімен кездесулер, сұхбаттар, пікірлесулер өткізу.

3. Психологтың күнделікті назарда ұстайтын жұмыстары:

3.1. Мұғалімдермен, сынып жетекшілермен сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың жекелеген көңіл - күйлері туралы, ондағы өзгерістер туралы пікірлесіп, сұхбаттасып отыру;

3.2. Ата-аналармен байланыс орнату мақсатында "Сенім сымтетігі", "Сенім почтасы" арқылы тиісті кісілердің өтініштерімен жұмыстар жүргізу;

3.3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;

3.4. Баланың зерттеу картасына байланысты ата-ана мен сынып жетекшіні байланыстырып жұмыстар жүргізу.

4. Ата-ана + сынып жетекші + психолог бірлескен жұмысында есте сақтайтын міндетті қағида:

4.1. Баланың жеке өміріне байланысты жағдайларды жария етпеу;

4.2. Жеке кездесулер мен сұхбаттар туралы тек өзара ата-ана + сынып жетекші + психолог ортақ шешімде жұмыс жүргізу;

4.3. Керек деп тапқан жағдайда ғана мектептегі штаттық қызметкерлер мен әкімшілікке шығу;

        Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарымен барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Сыныптағы ата-аналар жиналыстарына мектеп психологын қатыстырып өту және одан бала тәрбиесіне байланысты әдістемелік көмек алу үрдіске айналу керек.

Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жұмыстарды барлық сынып жетекшілері ата-анамен бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

Оқушының жанұясына байланыста болу. Бұл, ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде, сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

     Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық  пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Есте сақтау керек:

1. Жетекші үйге барғанда ата-анамен баланы қатыстыра отырып сұхбаттасатын уақыт не тақырып болады;

2. Жеке әкемен не шешемен сұхбаттасатын кез болады;

3. Мектеп психологын отбасына бірге апаратын уақыт болады;

4. Тек баланың теріс әрекетіне байланысты отбасына бармайды үздік, үлгілі баланың да үйіне барып ата-анасымен сұхбаттасу керек.

  Сынып ата - аналарының ортақ әлеуметтік желідегі чатында хабарласу ережесі:

1. Тек көпшілік сынып оқушыларына байланысты тәлім - тәрбие, оқу туралы мәселе қозғау керек;

2. Жекелеген баланың жағдайы бойынша жеке хабарласу;

3. Чатта қозғаған мәселе бойынша ата-аналар балалармен сауатты сұхбат құруын сұрау;

4. Мектеп психологын міндетті түрде чатқа қосу;

Ескерту: Сынып ата - аналарының ортақ әлеуметтік желідегі чаты туралы ережені сыныптың жалпы ата-аналар жиналысында көтеріп жоғарыдағы ережелер бойынша қаулы алу.

     Жалпы сыныптың ата-аналар жиналысында ортақ бала тәрбиесіне байланысты қабылданатын ережелер:

1. Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес мектеп психологымен сынып жеткешімен бірігу;

-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

-Қателігін түсіне білетін, дұрыс жүріп, күтіне білетін, үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін десеңіз мына байланысты ұстану ата-ана+ сынып жетекші + психолог бірігіп бала тәрбиесіне күш салу.

  2. Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.

11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ойын еркін айта алады. Соған, ата - ана үнін қосуға тырысыңыз.

14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын  мәселе жағдайларды мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:


Shape1 1. Сынып жетекші



Shape4 Shape3 Shape2 3 Пән мұғалімі 2 Директордың тәрбие ісі

Shape5

Бала

жөніндегі орынбасары


Shape8 Shape7 Shape6


4 Әлеуметтік педагог 5 Мектеп басшысы


6 Ата-ана

    Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата – анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі – стандрат талаптарын орындау, ал стандарт талаптарын орындау – күнделікті дайындық пен қатемен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады, қатемен жұмыс кезінде оқушыға мұғалім мен ата - ана көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет. 
    
 «Тек қана ата – аналармен бірге, жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар. 
     Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі. Стандарт талаптарын орындау кімге жүктеледі? Осыған жүгінсек ата – анамен істелетін жұмыстың сапалылығы. 

Осыған байланысты өз сынбында өткізген мектеп психологымен бірлесе отырып «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тренинг сабағымның бір түрін ұсынғалы отырмын.

Мақсатым: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.



І. Тренинг мақсатымен танысу.

ІІ. Топқа бөлу. Ата-аналарға 4 түрлі шарлар ұсынылады, шардың түстері бойынша топқа бөлінеді.

Тренинг ережесі:

ТЫҢДАЙ БІЛУ.

СӨЗДІБӨЛМЕУ.

БЕЛСЕНДІЛІК.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.

ТӨЗІМДІЛІК.

СЫЙЛАСТЫҚ.

ТҮСІНІСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.

ТОПТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУ. 


Picture 11 Picture 29

1. «Ой қозғау»

2 тапсырма. Мақалдардың мәнін аш

І топ. Жақсы бала сүйініш, Жаман бала күйініш

ІІ топ. Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі

Picture 32 Picture 26


3 тапсырма. Ситуациялық сұрақтар

1. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз;

2. Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз;

3. Мектептен тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз;

4. Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз үзілген түймесін қадап беруді өтінді, не істейсіз?

Picture 14 Picture 50


4. "Қызықты сұрақтар" сергіту сәті. Ата - ана сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.

1. Балаңыздың сүйікті асы?

2. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?

3. Балаңызды қалай еркелетесіз?

4. Балаңыздың сүйікті фильмі қандай?

5. Балаңызға ашуланған кезіңізді көрсетіңіз

6. Балаңыздың жақын достарын атаңыз?

7. Балаңызды күніне неше рет құшақтайсыз және не үшін?

5) Сауалнама

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2. Бала үшін ата-ананың қайсысы ыстық деп ойлайсыз?

3. Баламен қандай тақырыптарда пікірлесесіз?

4. Үйдегі шаруалар туралы баламен ақылдасасыз ба?

Picture 59 Picture 56

6.Педагогикалық ойын.

(2минут ішінде жазып оқу).

1топ: Мақтау сөздерін жазу.

2топ: Ұрсу сөздерін жазу.

2. Педагогикалық сұрақ . ( Балаға мақтау сөздер айтып , 2 – ден жарысады).
Сіздің баланыз сізді қатты қуантты?, Сіз не айтасыз?, Қалай қолдайсыз?
3.Ата – ана пікір ойыны. (Төмендегі сөйлемге жауап беріңіз). Бала тәртіпсіздік жасай қалса, төмен баға алып келсе ата – ана не істейсіз?
Тренинг сабақты қорытындылау сәтінде

1.Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? , әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
2. Сіз қандай ата–анасыз?

3. Қайтсек ұлымыз – ұлағатты,қызымыз инабаты болады?

4.Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүріңізді қалай насихатсыз?

5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз?

Қорытындылай келсек, ата – ана + жетекші+ психолог осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтежеге қол жеткізе аламыз. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысың осылай ата – анамен бірлескен әрекеттер негізінде құру – білімнің жаңа түріне көшуге әзірлік ретінде оқыту үрдісінде жаңа құрлымның түзіліуіне негіз болды

Қазіргі құрылым: *Өзін – өзі тани білу;

*Сенім почтасы(көкейінде  жүрген сұрақтармен бөлісу);

*Үйлестіру кеңесі сұрақтарға жауап береді.

Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл ата – ана + психолог + сынып жеткші екеніне көз жеткізеді. Ата – ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?

1.Ата – ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба білді.
2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.
3.Жантану ерекшеліктері , қабілеттерінің әр түрлі болатыны туралы ата – ананың әуел өзін тануы туралы мағлұмат берілді. 
4.Мектепке, педаготарға деген сенімі күшейді.

5.Тәрбие шараларын өздерінің өткізуі (тәрбие сағаттары, мұражайға бару, серуенге шығу, шырша тойы, сынып бөлмесін безендіру, қосымша әдебиеттер, ақпараттар әкелу).

6.Тікелей жұмысына араласуы арқылы ата – ананың педагогикалық – психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.

7.Ата – ананың жиналысқа қатысуы, белсенділік деңгейінің өсуі байқалды.

Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген тренингтің бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.
         Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Қорытындылай келе, белгілі жауынгер жазушы Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.













































Пайдаланылған әдебиеттер




1. "Сыныптан тыс жұмыстар" әдістемелік журналы

2. Сабақ KZ сайты материалдары

3. Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігінің үлгілері А.С.Мокаренко

4. "Ата-ана махаббатының бет-жүзі" сауалнама тесті Мектеп психологы журналы №21 1999жыл





































Жоба тезисі


Бұл жобада сынып жетекші мектеп психологымен бірлесе отырып ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының тиімді тұстары және олармен байланысудың әрқилы түрлерін қолдана білген. Сынып жетекші сынып оқушыларының ата-аналарымен және мектеп психологын қосып чат ашып, әлеуметтік желі арқылы үнемі байланыс жасайды.






Бұл жобаның негізгі басты мақсаты:


  1. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.

  2. Мектеп психологымен бірлесе отырып тренинг сабақтар өту.


  1. «Үлгіліотбасы», «Мен және менің отбасым» тақырыптарына стендлер жасау.

  2. «Үштік ұйымның» тығыз байланысы арқылы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қыркүйек
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі