Баяндама "Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы."

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы."
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы.

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғабиден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті мен ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Алдыма қойған міндеттерім:
1. Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.
2. Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру.
3. Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.
4. Үлгілі ата – аналарды насихаттау.
5. Ата – аналар бұрышын жасау.
6. Ата – аналармен біріге отырып құрылған оқу – тәрбие жоспарын жасау.
7. Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.
8. Күнделікті оқу – тәрбие жұмысына ата – аналарды тарту.
Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс – әрекеттерді ұйымдастырдым:
Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата – аналарға топта «Сіздер үшін ата - ана» бұрышын жасадым. Онда ата – аналар «Бізбен бірге оқыңыз» айдарынан күнделікті жүргізілген тәрбие жұмыстары бойынша толық мағлұматтар алады. Сонымен қатар балабақша күн тәртібімен танысады. Сонымен бірге әр тоқсан сайын «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады. Мұнда ата – ана баласының жетістіктерін немесе қиындықтарын көреді, жәнеде балада қиындық тудыратын мәселелерді, үйде ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық ойындар пайдаланатын әдебиеттер секілді кепілдемелер алады
.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі