Балабақша мен отбасының
ынтымақтастығы.
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу
қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы
ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен
балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның
ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол
болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя –
отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының
мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон
пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата – анасының өнегесі, өнері
балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе
ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары
сөзсіз. Ғабиден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала
халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да
қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін,
тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше
«жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе
ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің,
халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз
еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған
кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде
ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры
болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие
жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті
мен ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым:
балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және
тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде
қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы
құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата – ана арасындағы
ынтымақтастықты құру. Алдыма қойған міндеттерім:
1. Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
педагогикалық кеңес беру.
2. Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру.
3. Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.
4. Үлгілі ата – аналарды насихаттау.
5. Ата – аналар бұрышын жасау.
6. Ата – аналармен біріге отырып құрылған оқу – тәрбие жоспарын
жасау.
7. Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.
8. Күнделікті оқу – тәрбие жұмысына ата – аналарды тарту.
Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс – әрекеттерді
ұйымдастырдым:
Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата – аналарға
топта «Сіздер үшін ата - ана» бұрышын жасадым. Онда ата – аналар
«Бізбен бірге оқыңыз» айдарынан күнделікті жүргізілген тәрбие
жұмыстары бойынша толық мағлұматтар алады. Сонымен қатар балабақша
күн тәртібімен танысады. Сонымен бірге әр тоқсан сайын «Ашық есік
күндері» ұйымдастырылады. Мұнда ата – ана баласының жетістіктерін
немесе қиындықтарын көреді, жәнеде балада қиындық тудыратын
мәселелерді, үйде ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден әдістемелік
нұсқаулар, дидактикалық ойындар пайдаланатын әдебиеттер секілді
кепілдемелер алады.