400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Баяндама «Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы


Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер т.б.
Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:
- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;
- Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;
- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
- Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.

«Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсек,егер дыбыстыстардан бала адам сезімінің сан қырлы реңкін сезіне білсе,ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі.Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес,алдымен адамды тәрбиелеу» деуінде үлкен шындық жатыр.

Балабақшада музыкалық тәрбие берудің басты міндеті – балаларды музыканы дұрыс тыңдап,түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу.

Баланың музыкалық қабілеттерін дамыту,өнерге баулу шығармашылығын дамыту процесі ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында жүзеге асады.Музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде, берілген әнді үйренгенде барлық балалардың әннің сөзін жақсы жаттауларына тәрбиешілер жоғары көңіл бөледі.

Сөзін жақсы жаттап болған соң,музыка жетекшісі орындаушылық шеберлігімен жұмыс істеп, әнді эмоционалды түрде,вокалды дұрыс айтқызу дәрежесіне көңіл бөлінеді.

Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отан сүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

«Өнер – ағып жатқан бұлақ,ғылым – жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.Біздің балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың өз – өзіне сенімді,әнімен танымал,орындаушылық өнерімен көпшіліктің көңілінен шығып,келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сеніміміз мол.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қыркүйек
1087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі