15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Балалар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу жолдары»
Тақырыбы: «Балалар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу жолдары»
Өркениет жолында алға ұмытылған ұлт ең алдымен балаларға оқу- білім тәрбие беру ісін дұрыс қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, келешегі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін сәби бойына ең алдымен Отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруден бастағанымыз жөн болар.
Қазір әлемдік жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүниежүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, Отаншылдық сезімдерін, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында :»Біз Қазақстанныі барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз!» - деп атап өткен болатын. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі- Қазақстандық патриотимзге төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарынқұрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Әрбір халықтың ерекшелігі- оның рухани мәдениетінің сапа дәрежесімен таразыланып, танылады. Әрбір адаи ең алдымен өз халықының перзенті, өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.
Рухани – адамгершілік тәрбие- бұл ұлт психологиясының өзегі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы.
Мектапке дейінгі рухани- адамгершілік тәрбие- балалардың адамгершілік сана – сезімін, мінез- құлқын өалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адамдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалылық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі түрде сатылап қамтитын мәселелері болып табылады.
Қазақ халқы ата – бабамыздың байтақ жерін тұмсықтыға шоқыттырмай, қанағаттыға қақтырмай ұстап, ұрпаққа аман- сау жеткізуінің өзі бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана емес, Отансүйгіштікке, еліне, жерін қорғауға тәрбиеленуінің негізгі дәйегі.
Бүгінгі таңда рухани бастаулар мен имансыздық арасында жанкешті күрес жүріп жатқанын ешкімде шындыққа жанаспайды деп айта алмайды. Жандары нәзік балаларды адамзатқа жат құбылыстардан қорғап, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, адамгершілікке баулуға бар күшімізді жұмсауымыз керек.
Ұрпағымызды, болашағымызды Отансүйгіштікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу- мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі десек, қазіргі заманға лайықты білім беруге қабілетті мамандарды дайындау-мемлекетіміздің басты мақсаттарының біріне айналуы керек деп ойлаймын. Өйткені , ұстаз, тәрбиеші болу – кездейсоқ таңдай салатын мамандық емес.
Елбасының осы тапсырмасын негізге ала отырып, күнделікті мектепке дейінгі мекемелерде бүлдіршіндерге заманауи жаңа технологияларды пайдалана отырып, баланың жан – жақты дамуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Жас ұрпаққа мектепке дейінгі білім мен тәрбие ұясынан бастап заманауи білім бере отырып, ұлттық дәстүрлі тәлім- тәрбие беру арқылы ғана біз өзіміздің ұлттық бітім- болмысымыздың, өзге жұртқа ұқсамайтын ұлттық ойлау машығымыз бен дүниетанымымызды қорғап қалып, жаһандану үрдерісіне бейімделе аламыз.
Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт- дәстүрі мен әдет- ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмыстарында адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру арқылы рухани жан дүниесі бай, Отансүйгіш, ұлтының жанашыр азаматын тәрбиелеу жұмыстарын кешенді ұйымдастырамыз.
Балабақшамыздың алдына қойған мақсаты- ұлттық сана сезімі қалыптасқан, Отанын сүюге, туған жеріне, деген құрмет сезімі, шығармашылық қабілеті дамыған, елінің атағын биіктерге асқақтатар, рухани йлау дәрежесі биік салауатты өмірге сүруге бейімделген, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
«Отаншылдық сезімді орнықтыру қай заманда да, қай қоғамда да маңызды. Бұл ,әсіресе, жас мемлекеттер үшін ерекше мәнге ие. Біз патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлуге тиіспіз. Мұның бір қайнар көзі тарихты білу, одан тағылым алу, бабаларымыздың даңқты істері үшін мақтану екендігі анық»,-деп ЕЛбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, өткеніміз бен бүгініміздің қазақстандық жас ұрпаққа ауыз толтырып, мақтанышпен айта алатын тағылымды тарихымыз, тәуелсіздігімізбен бірге келген жетістіктеріміз мол. Демек , өткен тарихымыз бен бүгінгі табысымыз ел азаматтарын, әсіресе, жас буын өкілдерін отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып, үздіксіз қызмет ете бермек.
Елін сүймеген ешкімді де сүймейді. Ел дегеніміз- Отан. Ал Отан – оттан да ыстық. Адам бақсыз да, тақсыз да, тіпті баласыз да, баспанасыз да өмір сүре алады. Ал Отансыз өмір сүре алмайды. Н.Ә.Назарбаевтың «Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» деген өсиетін басшылыққа алып, тірбие жұмысын жүргіземіз.
Бұл жұмыстарды оқу – тәрбие үрдісі барысында өз тәжірибемізде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу іс- әрекеттері,мерекелік іс –шаралар, байқаулар, сайыстар, кездесулер,пікір таластар, ашық есік күндерін жүйелі түрде жүзеге асырамыз.
Біздің білімді де білікті педагогкалық ұжым үшін Жаңаөзен қаласындағы № 18 «Мереке» балабақшасы- еркіндіктің тынысы, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі , бейбітшіліктің тілеулесі , елдіктің бастауы іспеттес.
Сәбилердің алаңсыз өмір сүруі үшін жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбастан, бар күш – жігерін, салып, үнемі ізденісте жүретін, ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін маңдай терін төгіп, оқу- тәрбие жұмысында ақылымен де, біліктілігімен де, парасаттылығымен де өз үлестерін қосып жүрген тәжірибелі педагогтарымызды ұжымымыз әрқашанда мақтан тұтып, үлгі етеді. «Бірлік болмай – тірлік болмас», «Келісіп пішкен тон-келте болмас», дегендей ауызбіршіліктің арқасында көптеген нәтижелі жетістіктерге қол жеткізудеміз.
Балабақшамызда бүкіл тәрбие жұмыстары жүйелі жоспармен іске асырылады. Ұжым педагогтары әрбір педагогкалық кеңестер мен әдістемелік отырыстарда, сонымен қатар, кезектен тыс – өткізілетін жиналыстарда бір- бірімен тәжірибе алмасып отыруды жолға қойған.
Бүлдіршіндердің әрбір іс- әрекеті тәрбиешәлердің ғана емес, сонымен бірге балабақша әкімшілігінің, психологтың және медбикенің басты назарында болатыны бәрімізге белгілі.
«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, бүлдіршінден бойында туған өлке, табиғаты, бақытты балалық шақ , ата-аналары, ұстаздары туралы әндердің сөздерін жатқа үйретіп, оны нақшынына келтіріп, орындатудың өзі үлкен тәрбие . Ән мазмұнының әр жолы бала санасынан орын тауып, көкірегінде еліне, ата-анасына, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.
Адамның Отансүйгіштігі ісінен, Отанына сіңірген еңбегінен көрінеді емес пе ? Балабақша қабырғасында жүріп –ақ бүлдіршіндердің өз еліне адал еңбек етуіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыра бастауымыз керек. Әр азамат еліне еңбегін сіңіру үшін алуан түрлі мамандықтардың арасынан өзіне жақын мамандықты тақдайды. Ал мамандықты таңдау мектеп түлектерінің ең қиын мәселесі десек, ол туралы алғашқы пікірлердің сәби ойында балабақша қабырғасынан басталатынын ескере отырып, жыл сайын мектеп табалдырығына аттандыратын түлектерімізге мамандықтарға байланысты көптеген шаралар өткізіп, саналарына аз да болса түсінік қалыптастыру- біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі. Бұл ойындар арқылы балалардың болашаққа деген көзқарастары қалыптасып, сенімдері арта түседі.
Отанды қорғау – Отан алдындағы адамзаттың парызы. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- дегендей, ардагер- ұстазымыз П.Қ .Бектемисова әр ұлт ертегілерін теледидар арқылы мазмұнымен таныстыра отырып, жаман мен жақсыны, қайырымдылық пен қатыгездікті ажыратуға, ертегі кейіпкерлерінің жағымды мінез- құлықтарын бала бойына сіңіріп, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке және рухани- адамгершілікке тәрбиелеуге сәби болашағы үшін жанын аямайтын ата-анамен ынтымақтастықта болу үлкен рөл атқарады.
Ең алдымен бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасында берілмеген тәрбиені сәби басқа жерден таба алмайды. Сондықтан балабақшамызда ұйымдастырылатын әрбір шара кезінде ата-аналарды міндетті түрде белсенділікпен қатыстыру күнделікті күн тәртібінде жолға қойылған. Білім мен тәрбие екі жақтан болған кезде ғана сапалы нәтиже алармыз анық. Осы мақсатта ата-аналармен жұмыс, ата-аналар кеңес пунктінің жоспарларына сәйкес жиналыстар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, тренингтер, ашық есік күндері, сайыстар өткізу арқылы жан – жақты тәрбиенің нәтижесін көріп отырмыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады»,- деген. Бұл деңгейге қол жеткізуімізге бізден ұмытылыс болса, мемлекеттен қолдау болатынына сенімдіміз.
Егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ екені баршамызға мәлім. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сиқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным- Қазақстан» деп ойлайтын, жүрегі «Елім, жерім» деп соғатын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізу- ұстаздарға жүктелген міндет деп түсінемін. Осы міндеттерді орындау мақсатында балабақшаішілік емес, сондай-ақ педагогтарымыз және бүлдіршіндеріміз қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Егеменді еліміздің салауатты да саналы ұрпағын тәрбиелеуге өзіміздің бар білімімізді, күш- жігерімізді аянбая жұмсай отырып, болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыра алатынымызға сенімдіміз!
Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады. Болашақ ұрпағымыз мүсінімізді соғатындай өз ескерткішіміздің тұғырын биікке орната алатын, ұлы ұстаз болайық, әріптестер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген