400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Балалар ойның басқарудағы педагогтың ұстанымы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге өздерінің білімдерін көтеруге ықпал ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бесіктен бағу көрмеген, өмірден қағу көрер» , - дегендей

Егеменді еліміздің тәуелсіз Мемлекет мәртебесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты дамыған, парасатты бүлдіршін тәрбиелеу. Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады – деген сенімді сөз бекер айтылмаған.

Бала тәрбиесі – күн сайын жүргізілетін тынымсыз процесс. Республикамызда қазіргі таңда бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Еліме, жеріме деген сүйіспеншілік балабақшадан бастап қаланады. Қоғам талабына сай балабақшадағы тәрбиеші ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл деңгейде қызмет атқара алатын, мәдениеті жоғары, ізденімпаз, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең білімпаз, шеберліктің шыңына шыққан тәрбиеші болуы керек. Әрбір тәрбиеші бүгінгі күн талабына сай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ғылымилығын, міндеттері мен қағидаларын қайта қарас-тырып, әр түрлі пайда беретін тәсілдерді пайдаланудың мәні жеке тұлға ретінде дамуына, жалпы азаматтық, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға міндеттіміз.Ал мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің басты құралы – ойын. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- балаларға ақыл-ой, дене шынықтыру және сұлулық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын айналадағыны танудың тәсілі. Балалардың өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады, логикалық ойлауын дамытады.

Ойынды ұйымдастыру тәрбиешіден көп ізденісті талап етеді, себебі бала білімді игереді, ақыл-ой қызметі дамиды, өзара қарым-қатынас жасайды, белгілі бір нәтижеге жетеді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын үлкен жетіс-тіктер есігін ашады, бала еркін, қызығушылықпен ойнап қана қоймай ізденімпаздық, тап-қырлық т.б. сезім қабілеттерін қалыптастырады.

Әр түрлі және мазмұнды ойын әрекеті баланың қоршаған өмірдің жаңалығын ашуға, зерттеуге түсінуге деген құлшынысын оятады. Ойын әрекеті баланың :

-Әлемді тануда, ой өрісінің, тілінің дамуына;

-Адами тәртіптердің тәжірибесін игеруге;

-Ұжымдық тебіреністердің тәжірибесінің жинақталуында ;

-Әлеуметтік қарым-қатынас қалыптастыруда ;

-Дене дамуында ерекше рөл атқарады;

Мағжан Жұмабаев «Адам денесі қоз-ғалуды тілейді. Адам неғұрлым жас болса, соғұрлым қозғалуды көп тілейді. Екі жастағы дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмейді, ойнайды да жүгіреді» - деп бекер айтпаса керек. Балаларға алғашқы жеті жыл – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Ойын балаларға тән алуан әрекеттер сынды бір текті емес және оның әрбір түрі бала дамуында өзінің қызметін орындайды. Ойынды қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, педагог ойынның көмегімен баланың қоршаған әлеммен, үлкендермен, құр-дастарымен қарым-қатынас жасауына көмектеседі.

Қозғалыс және ойын – бала ағзасы үшін биологиялық қажеттілік. Баланың денесін, денсаулығын ойын арқылы шынықтыруға да әбден болатыны белгілі. Дене тәрбиесінің бас-ты міндеттері: балалардың денсаулығын сақтау және нығайту дене бітімін дұрыс дамыту, организмдерін шынықтыру, қимыл және мәдени гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Баланың денесін шынықтыру үшін қимылды ойындарды пайдалану керек.

Дене шынықтыру құрал-жабдықтардың дұрыс іріктеп және қозғалыс әрекет түрлерінде орынды қолдануы балалардың:

-шығармашылық қабілеттері және дене сапаларын дамытуға;

-түрлі қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға;

-дене және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге;

-дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;

Сонымен қатар баланың толыққанды психофизиологиялық дамуы мен олардың денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді; Жаттығу кешенін орындау үшін баланың дербестігі, өзіне сенімділігі және қиындықты еңсеру үдерістеріне жеткен нәтижесіне қанағаттанарлық сезімі жақсы стимул болып табылады. Түрлі сипатта туындаған қиындықты (кездескен түрлі кедергілер, жасқаншақ, тол-қу, қимыл-қозғалысты орындау тәсілін білмейтіні және т.с.с.) жеңу нәтижесінде ал-ған қанағаттанарлық ерік күшінің дамуына ықпалын тигізіп, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытады. Ойындық жаттығулар апталық тақырыпқа сай жинақталып, шығарма мазмұнымен тығыз өзара байланымда болады. Педагог оларды түрлендіріп, мазмұнын басқа да ойын тәсілдермен толықтырып қолданады. Қимылды ойындар баланың нервтік- психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Бұл ойындардан баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы, мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасып дамиды. Бұндай ойындарға: «Ханталапай», «Жасырынбақ», «Соқыр теке»,

«Сиқырлы таяқ», «Атқаума» т.б. көптеген ойындарды жатқызуға болады.

Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру, танымдық - психикалық процестерді, түйсікті, қабылдауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыту, интеллектуалдық іскерлікпен дағдыны дамыту, ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін ойын арқылы дамытуға болады. Ақыл-ойды дамыту ойындарына: «Не өзгерді?», «Артық затты тап?»,

«Жеміс дүкені». «Асық ату». және т.б. жатқызамыз. Бұл ойындар баланың танымдылық белсенділігін оятып, зейінін және ес процессін дамытады.

Балалар ертеден бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды. Тәрбиеші баланың сұлулық сезімін тәрбиелеп, эстетикалық ұғым, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруы керек. Бұл қасиеттерді де тәрбиеші ойын арқылы іске асырады. Мысалы: «Мен жақсы көремін», «Гүлдер», «Күзгі жапырақ» т.б.

Әр балада кішкене кезінен бастап-ақ темпераментіне байланысты мінез-құлық нормалары қалыптасады, қоғамға деген мінез-құлық мәдениеті көріне бастайды. Достарына, туыстарына, ата-анасына жалпы қоғамға деген дұрыс көзқарас қалыптастырып, баланы шеберлікке, ептілікке, қиын кезде жол таба білуге, ақылдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуді де ойын арқылы іске асыруға болады. Мысалы: «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып мадақтау», « Мен жақсы көремін», «Көмек», «Менің ең жақыным» және т.б. ойындарды ойнату арқылы нәтижеге жетуге болады. Әр бір топта міндетті түрде мінезі, темпераментіне байланысты болсын, үйіндегі жағдайға байланысты бір мазасыз, тым пысық немесе қорқақ балалар болады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те – дегендей бұндай балаға іші пыспайтын, мінез құлқын дұрыс қалыптастыруа көмек беретін, қорқынышы болса жеңе алатындай ойындар ойнатуымыз керек. Мысалы: «Анам мені не үшін жақсы көреді?», «Мақтаулар» ойыны, «Шыңқ етер», «Мүсін» т.б. Ойын ойнатқан кезде сыртта бір де бір бала назардан тыс қалмау керек, ойынға міндетті түрде бәрі қатысуы керек, ойынның шартын түсіндіріп, балалар түгел бәрі түсінгенде ғана басталуы керек. Тәрбиешілердің жылдық жоспарындағы ойындары бір ғана бағытта болмауы керек яғни, денсаулығын дамыту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлықты қалыптастыру, сұлулық тәрбиесін дамыту ойындары да болу керек. Біз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қана қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы ретінде қарауымыз керек. Міне осы кезде біз көздеген мақсатымызға жетеміз.

Баланың ой-өрісін ойын арқылы дамытуда халықтық педагогиканың, халық ойындарының маңызы зор. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен, балаларға ұнайтын санамақ, жаңылпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ, жұмбақ, жаңылпаш баланың ой-өрісінің дамуына ықпал етсе, сиқырлы таяқ, аударыспақ, ақсерек-көксерек, жасырынбақ зейінімен қатар дене тәрбиесіне де ықпалын тигізетіні сөзсіз. «Ойын арқылы баланы жан-жақты дамыту» деген сөзге үлкен мән бергеніміз жөн. Тәрбиедегі негізгі мақсат баланы жастайынан әлеуметтік ортада міндетті қарым-қатынас жасай білуге, елжанды болуға баулу. Бүгінгі бүлдіршіндер еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бұл тәрбие балабақшадан бастап беріледі, ал баланың біз жан жақты дамыту үшін әрі жеңіл, әрі қызықты, тез қабылдайтын тәжірибе жолын пайдалануымыз керек, ол – ойын. Ал ойын – тәрбие берудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Бала шырын, бала гүл, бала ізгілік,

О, адамдар қойыңдар, мұны біліп

Баланы күт, аяла баланы өсір.

Ол шығатын күнің ғой, ертең күліп, - дей келе еліміз егемендігін алып, мемлекет болып отырғанда, болашақ ұрпақты жан-жақты дамыған азамат ретінде тәрбиелеу біздің міндетіміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі