Қазалы аудандық білім бөлімінің оқушылар үйі
КҚМК
Балалар қоғамдық бірлестіктері жұмысын дамыту,
жетілдіру жолдары жайлы
Педагог-ұйымдастырушы: А.
Демеуова
Әйтеке би кенті
Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта
болсын күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі
десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл мәселе қазіргі күні де
айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар,
қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп
жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.
Сонымен, қолдауға ие, ұйымдастырылған балалар
қоғамдық бірлестігі дегеніміз не, ол балалар мен қоғамға не бере
алады? Ол балаларды қоғам өміріне, ондағы әлеуметтік
мәселелерге араластыра отырып, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына
септігін тигізеді.
Бірлестік құра отырып, төмендегі қағиданы
естен шығармауымыз керек: балаларға нақты істерді жүктемей, бойына
сіңіре алғанда ғана, олардың белсенділігіне қол жеткізе аламыз,
алдыңғы буынның тәжірибесін игере отырып, тұлға ретінде қалыптасуға
жол табу мүмкіндігін береміз. Мұндай балалар ұйымы қоғамға жігерлі
тұлға, әлеуметтік белсенді, мемлекеттің заңына бағынатын азамат
тәрбиелеуге көмектеседі.
Өскелең жас ұрпақтың
бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі
жетілдіруге деген
құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз
Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу
мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасы бойынша Республикалық бірыңғай
"Жас
ұлан" балалар және жасөспірімдер
ұйымы құрылды. Бұл ұйым
қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр
Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын
біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар
ұйымының жаңа жүйесін құру
керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011
жылы
6 шілдеде "Елорда күніне" орай
"Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық
қоғамдық бірлестігі құрылды.
26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының құрылтайы өтті.
Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары
бекітілді.
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты
жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық
ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында
қалыптасқан ұйым.
Біздің Қазалы аудандық «Жас
ұлан» ұйымыда өз дәрежесінде жұмыс жасап
келеді. 2017 жылы жасұлан
ұйымында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасының
халыққа Жолдауы аясында
«Жас Ұлан жаңа
әлемде...» жылдық акциясы жүргізілді.
Акция бағыттары бойынша іс-шаралар өткізіліп, қорытындыланып,
әлеуметтік желілерге уақылы жарияланып
отырды..Белгілі тақырыпта ойларымен
бөлісіп,бір-біріне кеңес беру, ақылдасу, пікірлесу мақсатында әр
сыныптың көшбасшыларымен ай сайын «Сәлем, Әлем!»
көшбасшылар мінбері, сонымен бірге,
қайырымдылық, мейірімділік шараларын
ұйымдастыру мақсатында «Балалар әлеміндегі игі істер»
, «Жас ұлан сағаты», «Жас ұланның көңілді үзілісі», «Досыңа кітап
сыйла», «Медиа жұлдыз» акциялары мектептегі жасұландардың
күнделікті өткізілетін іс-шараларына айналды десек те болады. Қазақ
халқының асыл мұраларын насихаттау,балаларды біртұтастыққа
бейімдеу, қарапайым мәдениет дағдыларын қалыптастыру мақсатында
«Атадан қалған асыл сөз», «Ынтымақ ұйымы», «Әдептілік-әдемілік»
акциялары өткізілсе, ақпан айында Абайдың даналығы, Әуезовтің
ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлерің насихаттау
мақсатында «Бабалар үні» акциялары өткізілді. Наурыз айында «Алғыс
айту», «Наурыз почтасы» акциясы бойынша әр түрлі мекемелерге барып
түрлі маман иелеріне алғыс айтылды.Аудан көлемінде «Қазақтың 100
әні», «Үздік тәлімгер-2018», «Үздік ұланбасы » байқаулары
өткізілді. «Атажұрт: аңызға айналған атаулар», «Туған өлкем-тұнған
шежіре» атты акциялар бойынша туған жердегі тарихи-мәдени
ескерткіштерге саяхат жасалып, оларды зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, қазан айында «Алтын ұя» жанұялардың виртуалды
апталығы өткізіліп, онда « Бакытты отбасы-бакытты ел», « Қызықты
отбасы», «Әке мен сізді жаксы көремін..», «Жастық шаққа саяхат»,
жанұясымен бірге өздері туралы сурет салу, эссе жазу, қолөнермен
немесе жанұялық сүйікті істерімен айналысу мақсатында «Алтын ұя»,
жанұя мүшелерінің ас қайыру, бата беру, мерекелік тілектер айту
мақсатында «Мың бақытты тілек» атты бейнероликтер байқауы
өткізіліп, өткізілген шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Қазан айында ата – әжеден естіген тиым сөздерді насихаттау
мақсатында «Барымызды бағалайық» акциясы, қараша айында бабадан
қалған асыл сөздерді насихаттау шешендік сөздер, мақал-мәтелдер,
жұмбақ, жаңылтпаштарды көптеп жаттауға үйрету, әлем халықтарының
ауыз әдебиетінен үзінділерді оқып , жаттау, Түрлі халықтың
мәдениетін тану мақсатында «Жас ұлан жаңа әлемде» акциясы
өткізіліп, кеңінен насихатталды.
Сондай-ақ қараша айында ақын
,сыншы, аудармашы Жарасқан Әбірашовтың 70 жылдығына орай ақын
шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында, жасұландықтар
арасында «Дала, сенің
ұлыңмын!» атты фестивальдің аудандық
кезеңі өткізілді.
Сол сияқты, балаларды өз
Отанын, мәдениетін құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, білімге
құштарлыққа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықтық негіздерін
білуге, құрметтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын
қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты аудандық
жас ұлан ұйымының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының
слеті болып өтті. Слетке кент мектептерінен клуб белсенділері,
мектеп тәлімгерлері қатысты.
Қазақстанның қосымша білім беру жүйесіне 100 жыл,
оқушылар үйіне 40 жыл мерекесі аясында Жас Ұлан ұйымының «Ұланымыз
Ұлы елдің» атты слеті өтті. Шара барысында 100 оқушы ұйымға
мүшелікке қабылданды.
Осындай үздіксіз жұмыстар
арқасында жыл соңында жасұландардың жанашырлары бола білген
тәлімгерлерді республикалық «Жас ұлан » ұйымының марапатымен 4
тәлімгер, облыстық «Жас ұлан ұйымының» марапатымен 7 тәлімгер,
аудандық білім бөлімінің марапатымен 5 тәлімгер, облыстық «Жас
ұлан» ұйымының марапатымен 4 белсенді жасұлан марапатталды.
Облыстық «Үздік тәлімгер» байқауынан 1 орынды №17 мектептің
тәлімгері Сыдық Айнұр жеңіп алып,арнайы төсбелгімен дипломмен
марапатталып ,республикалық байқауға жолдама алды. Сонымен бірге
тәлімгерлердің «Құрмет тақтасы» дайындалып, оған үздік тәлімгерлер
ілініп, іс-тәжірибелері насихатталды.
Биылғы 2018 жылда аудандық
жасұлан ұйымы «Жасұлан жетістік жолында» тақырыбы бойынша жылдық
жоспарын қаңтардан бастап кетті. Бұл акция бағдарламасы аясында
жасұландықтар бір жыл колемінде түрлі акциялар, шаралар ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырып, жетістіктерге жету көзделуде. Биылғы акцияның
ерекшелігі өткізілетін акциялар облыс көлемінде, яғни барлық
аудандарда өткізілетіндіктен, «Медиа жұлдыз» жобасы қазан айында
Қазалы аудандық оқушылар үйінде өткізіледі деп
жоспарлануда.
Аудандық «Жас ұлан» ұйымының
жұмысын жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, кәсіби
тұрғыда өркендеуіне көмектесу мақсатында ақпанда «Тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда жетістікке жетудің педагогикалық әдістері»
тақырыбында тәлімгерлермен семинар-тренинг өткізілді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жастар жылы Жолдауының
аясында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды қамту
мақсатында жасұландармен бірлесе отырып, «Compassion Qazaly» атты
жоба дайындалып, сол жоба бойынша іс-шара жоспары жасалды. Бұл жоба
бойынша көптеген іс-шаралар өткізіліп, ол youtube каналдарына
жарияланып, әлем көретін деңгейге жеткізілу
көзделуде.
Қорыта айтқанда, Егеменді
еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,
ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Бұл жетістікке үздіксіз тәрбие мен қажырлы еңбек
нәтижесі арқылы жетеріміз хақ.