15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама. "Балаларды мектепке оқуға дайындаудағы қазіргі заманғы технологиялар"
Баяндама
Балаларды мектепке оқуға дайындаудағы қазіргі заманғы технологиялар
Тыңдаушы: Болатбекова А.Б
Атбасар ауданы,Сергеевка орта мектебіндегі
«Күншуақ» шағын орталығы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі уақытта педагогика
ғылымыныңбіререкшілігі -
баланыңтұлғалықдамуынабағытталғанжаңаоқытутехнологияларыншығаруғаұмтылуы.
Қазіргікезеңдебілімғылымсаласындаинновациялықпедагогикалықтехнологияларқаншалықтымаңыздыболса, мектепжасынадейінгібалаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалықтехнологияларұғымыкеңіненқолданылатынұғымдардыңбірінеайналды.
Мектепжасынадейінгібалалардыдамытумәселесімемлекеттіксаясаттыңажырамасбөлігіболыпотыр. Сондықтанмектепкедейінгібалалардыоқыту мен тәрбиелеудіңнегізгімақсаты–баланыңжекебасыныңқалыптасуы мен дамуыболыпотыр.
Жаңазаманбаласыертеңгіеліміздің болашағы. Жаңазаманбаласынқалыптастырып, дамытуүшін, тұлғаныңішкідүниесі мен оныңқырсырынанықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетініңдамуынажағдайтуғызуқажет.
Әрине, олүшінмектепкедейінгібілім беру мекемелеріндебалалардыңжекебасыныңқалыптасуы мен дамуындапедагогтардыңпедагогикалықтехнологиялардықолданабілусауаттылығынадабайланысты.
Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық технологияларды қолданудың міндеттері:
мектепке дейінгі ұйымда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы тәрбие және білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне талдау жасау;
инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру қажеттілігін негіздеу;
мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру процедуралары туралы түсініктеме беру;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие және білім беру үдерісінде заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын қолдану аясында тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтарында әртүрлі қызмет түрлерінде (ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек және т.б.) мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологияларды қолдану ұсынылады:
Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған);
Ойын технологиялары;
Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой);
ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған);
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;
Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау технологиясы;
Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи);
Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т.б.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л.С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский.
Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. Дамудың қол жеткен аймағы бала өзі істей алатын істерінен ынтымақтастықта істей алатын істерге өту мүмкіндігі. Дамыта оқытудың басты белгісі дамудың жақын аймағын құруы, психикалық ішкі үдерістерінің қозғалысқа келтіруі, туындауы болып табылады.
«Ойын педагогикалық технологиялары»ұғымыәртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі – оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:
балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;
оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;
дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;
оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.
Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:
оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;
танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы;
репродуктивті, өнімді, шығармашылық;
коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.
Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.
Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.
Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:
- заттық іс-әрекет;
адамдар арасындағы қарым-қатынас;
қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.
Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:
дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);
дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);
тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);
әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).
Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы: әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер, алайда оны барынша төмен шығын жағдайында барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек.
Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)
Ақпараттық технологиялар депоқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды.
Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;
- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.
Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді. Алайда бұл көздер негізінен бәсең қабылдау материалдарын береді. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың маңызды міндеті дербес бағалау қабілетін дамыту және алынатын ақпараттарды іріктеу болып табылады. Мұндай қабілеттің дамуына білім беру қызметіндегі және еркін қызметтегі балалармен алынатын білімдерді қолдану практикасы болатын ойын көмектеседі.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру сабағы, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, «Денсаулық» сериясынан сабақтар, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).
Түзету технологиялары:арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.
Проблемалық оқыту технологиясы Чикагода 1894 жылы оқытудың негізін оқу жоспары емес, ойындар мен еңбек іс-әрекеті құрайтын тәжірибелі мектептің негізін қалаған американдық философ, психолог пен педагог Дж.Дьюи (1859-1952 жж.) теориялық қағидаларына негізделеді.
Проблемалық технологияның мақсаты: өзіндік іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеру, білім, қабілет, дағдыларды игеру, танымдық және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту болып табылады.
Проблемалық әдістер – оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетіне, проблемалық жағдайды жасауға негізделген, күрделі мәселелерді іздеу мен шешуді қарастыратын, білім, талдау, жеке фактілері астарынан құбылыс, заң көру қабілеттілігін талап ететін әдістер. Проблемалық оқытудың заманауи теориясында проблемалық жағдайдың екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне қатысты болады, екіншісі оқу үдерісін ұйымдастыруын білдіреді.
Педагогикалық проблемалық жағдай – таным объектісінің жаңалығын, маңыздылығын, әсемділігін және басқа да айрықша қасиеттерін көрсететін педагогтың белсенді сұрақтары мен іс-әрекеттері көмегімен жасалынады. Психологиялық проблемалық жағдайды жасау жекелей жүреді. Өте қиын емес, өте жеңіл емес таным тапсырмалары балалар үшін проблемалық жағдай жасамайды.
Проблемалық оқытудың артықшылықтары:
балалардың жоғары деңгейдегі дербестілігі;
баланың танымдық қызығушылығын немесе тұлғалық мотивациясын қалыптастыру;
балалардың ойлау қабілеттіліктерін дамыту.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін.
Сонымен, ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген