Баяндама. «Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама. «Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу» «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухамлинский). Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу»

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В. А. Сухамлинский).

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.

Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті,оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау  мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті  

Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына  мақсатты түрде  білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет.   Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына  дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2021
2803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі