жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама «Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу арқылы туған еліне сүйіспеншіліктерін дамыту»
Ақмола облысы Целиноград ауданы
Талапкер ауылы МКҚК «Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасының
І- санатты әдіскері;
Сулейменова Айнагуль Усербаевна
Баяндама
«Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу арқылы туған еліне сүйіспеншіліктерін дамыту»
Н.Ә.Назарбаев өзінің кітабында «Тарихи ағымында» былай жазған: «Егер біз бір мемлекет болғымыз келсе және мемлекетімізді ұзақ құру үшін, ең алдымен халықтың рухани ағымын түсінуіміз керек».
Еліміздегі ертеңгі болашағы - бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер міндет болмақ.
Мектеп жасына дейінгі бала «тарыдай болып келіп, таудай Қазақстан Республикасының азаматы болуы үшін» біз не істеуіміз қажет? Ол үшін біз Қазақстан Республикасы туралы білім беріміз қажет, мемлекеттік рәміздерді үйретуіміз қажет. Отбасы туралы жүйелендіру және отбасына, балабақшаға, ауласына, қаласына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті мәселесі – ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз- болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасаттығымызға жүгінуіміз тиіс.
Ұлттық тәрбиенің негізгі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Ал, балабақшада балаға әрбір бүлдіршіннің тілге, ілім-білімге деген жеке дара бейімділігі мен қызығушылығын дамыта отырып, ойлау қабілеттерімен танымдық қажеттіліктерін қалыптастырады. Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы білінеді. Қандай да болмасын тәрбиенің ең алғашқы көзі- патриоттық сезімге тәрбиелеу.Балабақшадағы балалар – ең басты бағыт. Баланың айналаны танып,өзіндік көзқарас қалыптастыратын маңызды кезеңнің бірін бастаған шағы болып саналады. Ата- бабамыз:Баланы жастан - деп бекер айтпаған ғой. Ата – аналармен бірлесе отырып, баланың өз мемлекетіне, туған жеріне деген сезімдерінің қалыптасуына ықпал етіп, өзекті мәселенің бірін ана- тілінен бастаса нұр үстіне нұр болып, баланың тәлім тәрбиесіне ең мықты да, білікті жол болады.
Еліміздің бас қаласы – Астана туралы білімдерін кеңейту көрікті жерлерді көрсету, халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтары туралы түсінік беру. Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу – бұл өте маңызды педагогикалық ағым. Сонымен қатар танымдық сезімдерін дамыту, тілдік қорын молайту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елінің патриоты болуы үшін әрбір адам өзінің халқын, тілін, мәдениетін сезіне білу қажет.
Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу үшін , баланың танымдық дүниесін арттырып, даму негізін – баланың күнделікті өзара тығыз қарым- қатынас орталардан бастау қажет
Отбасы:
Өзінің тегі, есімі және жасы.
Отбасы мүшелерін атау.
Отбасылық мерекелер.
Балабақша:
Балабақша атын білу керек.
Балабақшадағы бөлмелерді атау: Ән-күй, дене шынықтыру, мейірбикелер , ағылшын тілі, асхана, логопед , психолог, әдіскер, меңгеруші бөлмелерін, қызметкерлердің қызмет мақсаты мен ерекшеліктерін түсініп,өз ойын еркін жеткізе білу.
Балабақшадағы тәрбиешілерді білуі керек.
Тұратын көше, қала:
Көшенің, қаланың аты.
Тұратын үйлерін білу керек.
Ересектер мамандығын.
Жақын маңдағы құрылысты білуі қажет.
Қазақстан Республикасының рәміздері, астанасы:
Қазақстан Республикасы Президентін.
Рәміздерін, олардың мағынасын.
Қазақстан Республикасының жетістіктерін.
Қазақ халқының тілін, тұрмысын, салт-дәстүрлерін білу қажет.
Астана – ең басты қала.
Көрнекті жерлер.
Конституция құқығы мен негіздері:
Конституция – еліміздің ең негізгі заңы.
Қазақстан Республикасының құқығы мен міндеті.
Мемлекеттік мерекелер.
Салауатты өмір салтын үйретуіміз керек.
Балаларды салт-дәстүрмен таныстырғанда тек қана көркем әдебиет емес, көрнекіліктер, қажетті құралдар, заттар қажет (ұлттық киімдер, ыдыстар, аспабтар, т.б.).
Ойын арқылы оқыту әдістері екі жолмен қарастырылады:1. Ойын сараптары.2.Дидактикалық тапсырмалар. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Мен өз тәжірибемде ойын арқылы өткізілетін сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, сол білім және ойын арқылы өз елін, тілін, жерін, отанын сүйе білуді үйретемін. Балаларға туған республикамыздың жер көлемі туралы түсінік беріп, астанамызды елтаңба, әнұран, жалау туралы түсініктерін шыңдау және халық ауыз әдебиетінің сарқылмас қазынасы – мақал-мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер, тақпақтар, әндерді айту арқылы отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Менім ойымша, өсіп келе жатқан жас буындырдың бойында Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттартекөзмәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп құрметтеуі тиіс. Сонымен қатар біздің балабақшада ұлттық дәстүрлерімізге арналған арнайы орталық бар. Балалар тек сабақ барысында ғана емес, кез келген уақытта барып ұлттық дәстүрлермен танысып, әр түрлі ойындар ойнай алады. Мысалы «киіз үй» ойынында (сюжеттік-рөлдік ойын) қазақтың тұрмыстық заттарын қолданып ойнайды (бесік, дастархан, самауырын, көрпе, қамшы, т.б.). Сонымен қатар балаларға қазақтың ұлттық аспабын ұстап ойнау қызықты болғандықтан, әуенге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кешкі уақытта балалармен бірге қазақтың ұлттық аспабтарымен қойылым қоямыз. Әрқашан бөлмеде балаларға қазақтың ұлттық ойындарына арналған заттарға қол жеткізілді. Балабақшада ертеңгіліктер өткізіледі. Наурыз мерекесі, 9 мамыр, Тәуелсіздік күні бұл мерекелер балаларды патриотизмге тәрбиелейді. Осы ертеңгіліктер арқылы балалар өздерінің отанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Көптеген ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. «Домбырамен саяхат» мұнда балалар домбыраның қасиетімен танысады. Өз ойларын ортаға салады. Басқа да ойын-сауықтар «Ауылда қонақта», «әжемді сағындым». Тек қана балалармен ғана емес,
ата-аналармен тығыз жұмыс жасаймын. Ата-аналарға арналған «Шаңырақ» сайысын өткіздік. Ата-аналар балаларымен бірігіп өз өнерлерін ортаға салды. Балаларға арналған көрмелер ұйымдастырылды. Бейнелеу, жапсыру, мүсіндеу арқылы өз қолдарымен жасаған ұлттық тұрмыстық заттарды көрсету.Осы уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Балалар мен ата- аналарды ұжымдық еңбекке баулу арқылы, ата-аналарда балабақшаға деген оңтайлы көзқарасы пайда болды.
Болашақта осы жасалған жұмыстарымды әрі қарай дамытып, қазақ атты халықтың көшін жалғайтын, ұлы мұрасын қадірлейтін ұрпақтар тәрбиелегім келеді. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген! – деп: Ата- бабамыздың салт дәстүрін, әдеп- ғұрыпын сақтап, тәуелсіздіктің шыңын әркез биік, нық ұстап , мемлекетіміздің жетістіктерін асқақтатып, шың ниетті алғыр азаматтар тәрбиелеуге бар күш жігерімді саламын.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға- әпкелерімізді еш уақытта ұмытпай, қыршыңнан кеткен ұл- қыздарымыздың тәуелсіздік жолындағы еңбегін, болашақ ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастырып, әрқашан Мемлекетіміздің жанашыр, әділетті, тілін- дінің құрмет тұтатын азаматтар тәрбиелеу арқылы жеткіземіз. Мен үшін « Тәуелсіздік»- Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабира.Әр кез «Тәуелсіздік, Егемен ел, Астана» деген сөздерді естігенде көз алдыма - ЖЕЛТОҚСАН- оқиғасы көз алдыма келеді.ол кезде мен он екі жаста болатынмын, теледидардан көрген сол кездегі оқиға күні кеші болғандай әлі көз алдымда. Мен желтоқсан оқиғасын ұмытпаймын. Мен- Қайрат, Ләззат, Ербол, Сабираларды құрмет тұтамын, олардың ерлігіне сүйсінемін, мәңгілік жүрегімнің төрінде, сана сезімімнің көгінде болады. Осындай азаматтардың ерлігін елеусіз қалдырмау керек.Мектепке дейінгі бүлдіршіндерге: Аға - Апаларының жігері, батылдықтары, намыстары мен отанға деген сүйіспеншіліктерін үлгі негізінде ала отырып, өз елін , жерін мақтан тұтып, патриоттық сезімдері жоғары сатылы балалар тәрбиесіне ықпалымды тигіссем. Отанымның, Тәуелсіз елімнің азаматшасы ретінде бала тәрбиесінде өз үлесімді қосып, мемлекетіміздің болашағының бастамасын – балабақша табалдырығынан бастау, патриоттық тәрбиенің алғашқы нық қадам басуының кепілі деп білемін
Желтоқсанның болса желі ызғарлы.
Қарлы боран қатса дағы мұздары.
Мәңгі естен кетпес азап шеккені
Қайрат, Ләззат сынды жастар жандары.
Тәуелсіздік келген жоқ қой құрбансыз
Үнсіздікпен құрбандарды есімізге аламыз.
Жатса жастар сол бір күні уайымсыз
Боларма еді бүгінгі күн –ашық, әрі алаңсыз.
Желтоқсан құрбандарына арнаймын : Айнагүл Сулейменова.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген