жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың маңызы.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың маңызы.
Музыкалық және эстетикалық тәрбие ісіне әр халықтың мәдениеті мен өнеріне дұрыс көзқарасты қалыптастыра отырып, оның прогревссивті элементтерін анықтап, оқу орындарына қазіргі уақыт талабына сай қолдана білу керек. Мүның бәрі музыкалық – эстетикалық тірбиенің жаңарған түрін қажет етеді. Ерте кезден бастап-ақ мәдениет, архитектура, ою-өрнек, көркем өнер, халықтың сурет өнері, халық ауыз әдебиеті (эпос, жыр, айтыс, ертегі, т.б.) би, музыка өнері ерекше дами бастаған. Біздің заманға дейін сақталып қалған мәдени құрылыстар, мазарлар мен мешіттер және басқа сарайлар халық өнер шығармашылығының, эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесін паш етеді. Қазақ халқының мәдениеті небір алуан түрлі оқиғалардың куәсі болған тарих пен тығыз байланысты. Өмірдің сан оқиғалары күмбірлеген күй мен шырқата салған әндерден өз көрінісін тауып отырған. Өмірдің әр бейнесінде осы күйлерді, әндерді дүниеге келтірген халық композиторлары өмір сүрген. Халық осындай өнерпаздардың музыкалық мұрасын көзінің қарашағындай сақтап, біздің заманымызға асыл қазына ретінде жеткізді. Олар өмір шындығынан туған өлмес туындылар. Әр шығарманың астарында терең ой мен мән жатыр. Қазақ композиторларының қай шығармасы болмасын халық тағдыры мен ел өмірін бейнелейтін философиялық толғанысқа құрылған. Әр композитордың шығармасында өзіне тән ерекшелік бар.
Олар мазмұнының тереңділігімен, қағыстарының күрделі тісілдерімен, көркемділігімен ерекшеленеді. Музыка материалдарын асықпай өрістете келіп, барлық образдарды философиялық оймен астарлап, әр ойдың дұрыс түйінін тауып отыру қазақтың күйші композиторларының басты ерекшелігі.
Ансамбль – әншілер немесе аспапта ойнаушы шағын топтан құралған орындаушылар. Ансамбльдің дуэт (екі кісі), трио (үш кісі), квартет (төрт кісі), квинтет (бес кісі) сияқты түрлері бар. Ансамбльдер біртектес аспатрадан да, әр түрлі аспаптардан да құралады. Домбыра ансамблі, қобыз ансамблі т.с.с. Екі скрипка, альт, виолончель – төртеуінен құралған квартет болады. Ондай квартет, квинтеттер үрлейтін аспаптардан да құралады; кларнет, фагот, гобой, флейта тағы да сол аияқтылар. Ансамбльдің квинтеттен көбірегі де болады; секстет, октет т.с.с. Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері, жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалары саласындағы ансамбльдердің жұмысы балаларды әсемдік әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдай мектептерде, бала бақшаларда ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырылып, оларды оқу процесінде және сабақтан тыс жұмыстар жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тудырады.
Бұл күндері республикамыздың мектептерінде, бала бақшаларында фольклорды – этнографиялық ансамбльдермен жұмыс жүргізу жөнінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, оркестр ұжымдарының құрудың кейбір мәселелеріне , жеке аспаптарды ойнап үйренуге арналған жинақтар мен әдістемелік оқу құралдары бар.
Қазір республикамыздың түпкір – түпкіріндегі музыкалық, жалпы білім беретін мектептерде, бала бақшаларында балалардың орындау мүмкіншіліктері бар.
Үйірме мүшелері оркастрге қатысу арқылы тиянақты музыкалық білім алып, жақсы ән-күй ойнап білумен қатар рухани талап – тілегін қанағаттандыра алғаны жөн.
Бала бақшадағы көркемөнерпаздар халық аспаптары оркестрін немесе ансамбльін құру үшін ең алдымен үйірмені басқаруға өзі ісін жақсы білетін білімді жетекшіні қабылдау қажет. Ол өзінің ісін ұйымдастыру жұмыстарынан бастауға тиіс. Ең алдымен оркатрге керекті музыкалық аспаптарды сатып алуға жете көңіл аударғаны жөн. Жетекші сапалы, ойнауға ыңғайлы аспаптарды сұрыптай отырып, олардың әрқайсысын тікелей өзі тексеріп алуға тиіс.
Сол себепті жетекшінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
Ұжымның шығармашылық қабілетін дамуына, көркемдік мәнерінің қалыптасуына, ансамбльдің ойнау мүмкіншілігіне орай жетекші жылдың оқу – тәрбие жұмысы мен репертуар жоспарын жасайды.
Үйірмедегі жақсы оқитын балалармен бірлесе отырып, ансамбльдің жаңа мүшелерін іріктеу жұмысын ұйымдастырады.
Оқу жоспары бойынша оқу кестесіндегі белгіленген күндері жеке-жеке және топталған түрде ансамдбльдің дайындық сабақтарын өткізеді.
Бала бақшаның жоспарына сәйкес концерт бағдарламасының дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұжымның түрлі байқаулармен сайыстарға, фестивальдар мен концерттерге қатысуын ұйымдастырады.
Істелген жұмыс туралы мәліметтер дайындайды, үйірме мүшелерінің ұдайы сабаққа қатысуын тексеріп, күнделікті өткізген дайындықтың мазмұнын дәптерге жазып отырады.
Ансамбль жетекшісі туралы әдістемелік және оркестрге рналған оқулықтармен танысып, үнемі өз мамандығын жетілдіріп отыруға тиіс.
Бала бақшадағы ансамбльдердің жұмысы балаларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің тәсілдерінің бірі болып, әсемдік әлеміне жетелеп, табиғат құбылыстарын тану құралы ретінде адамның рухани болмысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ансамбльдерде тәрбиелеу мен аспапта ойнауды үйрету ісі бірін-бірі толықтырып отыратын тұтас процесс. Осы процестің негізгі мақсаты – эстетикалық тәрбие беру, қазақтың халық аспаптарын да көбейту, олардың музыкалық сауатын жоғарылата беру мен тыңдаушылық шеберлікті қалыптастыру. Музыкалық шығармаларды тыңдаушылырға жеткізу, орындаушылардың шеберлігінің қалыптасуына көңіл аудару керек. Осы ансамбльдің алдына қойылатын міндеттердің бірі – қатысушылардың жалпы мәдени деңгейін арттыру, музыкалық ой-өрісін кеңейтіп, көркемдік таным-талғамын дамыту, жалпы эстетикалық тәрбие беру
Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар.
Балалар эстетикалық тәрбие беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай – ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында семьяда да, балабақшада да кеңінен қолданылады. Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекеселерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестіріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады. Музыка жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді, «музыкалық жаңғырықта» ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т.б. үйренеді.
Бұлардан басқа, кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық – сенсорлық қабілетін дамуына, музыкалық сауаттылықтың жекелеген элементтерімен таныстыруына көмектеседі. Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
Өндірісте және дүкендерде қазіргі бірқатар музыкалық ойыншықтар мен аспаптар шығарылып жүр. Оларды қалай пайдалану керектігін білу үшін оның құрылысымен, дыбысталуымен және ойнау тәсілдерімен таныс болуы керек.
«Музыкалық ойыншықтар», «балалардың музыкалық аспаптары» деген атаулар жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық ойындарда қолданылады. Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады. Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кәдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады. Әрине, олар кәдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы көрінісі мен дыбысталуы жағынан ұқсас болғанымен, мейлінше қарапайым болғандықтан, кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды.
Музыкалық аспаптардың түрлері. Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады:
Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті домбыра, жарғақты баян және т.б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін «музыкалық жетекші» дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, домбырашы болады, таныс әндерін орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі, сөз жоқ, балалардың түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.
Дыбыс шығаратындар. Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық ойыншық – аспаптар: сылдырауықтар, үшбұрыштар т.б.
Бір ғана дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық – аспаптар – сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады. Шектеулі әуені бар ойыншықтар – кішкентай органдар, музыкалық жәшіктер т.б. Оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат алады.
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншықтар-аспаптар -- металлофон, баяндар, қоңыраулар, домбыралар және т.б. Бұл музыкалық ойыншық – аспаптар бұрынғылардан өзгеше. Оларды әсіресе хроматикалық дыбыстары қатар орналасқан аспаптарда ойнай отрып, әр түрлі әуендерді салуға болады. Сондықтан біз оларды толығырақ қарастырамыз.
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар ойыншық – аспаптар. Барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар – олар шекті, үрмелі және соғып ойнайтын болып бөлінеді. Мұндай классификацияны кейбір шарттылығына қарамастан, балалардың музыкалық аспаптарына пайдалануға болады.
Шекті, яғнижетігендер, домбыралар, цитралар және басқа аспаптар халықтық болып табылады. Бала саусақтарымен немесе медиатормен шегін қаққанда оның дыбысы шығады.
Клавишті – тілді, яғни баяндар, аккордеондар, гармоникалар. Клавиштерді басқан кезде дыбыс шығады.
Соқпалы – клавишті, яғни ойыншық рояль, пианино. Темір басқыштарды балғамен соққанда, тілі басылып, дыбыс шығады.
Соғып ойналатын, яғни дауылпаздар, тұяқтар, үшбұрыштар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таяқшамен соққан кезед дыбыс шығарады.
Музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны қандай да бір жастағы топтарға арналған ойыншықтардың топтарын белгілейді. Музыкалық – дидактикалық ойындарда музыкалық аспаптардың ролы арта түседі. Балаларға дауысты жоғарылығы, созыңқылығы, тембрі, динамикасы бойынша айыру ұсынылады.
Жоғары дыбысты есту қабілетін жетілдіру үшін дыбыс жоғарылығы әр алуан болатын қоңырауларды пайдалануға болады, сонда балалар қандай қоңыраудың жоғары, қайсысының төмен «шырқайтынын» біледі.
Ырғақты сезімді дамыту үшін соғып ойналатын барлық музыкалық аспаптарды немесе тек белгілі биіктегі дыбысы бар кез келген аспапты пайдаланған жақсы. Мәселен, балалар «музыкалық жаңғырықта» ойнайды: бір бала өзінше ырғақ ойап табады, ал басқа біреуі оны қайталайды.
Тембрлік есту қабілетін жетілдіру үшін сан алуан топтардың «өкілдерінің» дыбыстарын ғана салыстыру емес, сонымен қатар біртектес аспаптардың дыбыстарының тембрі мен сипаты жағынан ұқсастығын көрсетіп отыруды балаларға ұсыну өте пайдалы. Бұл жаттығулар музыкалық жұмбақ түрінде жақсы өтеді.
Динамикалық есту қабілетін жетілдіру үшін ойын жағдайына қарай балалар дыбысты өздігінен күшейтіп, бәсеңдете алатын музыкалық аспаптар қолданылады.
Оркестрді немесе ансамбльді құрастырған кезде белгілі ережеге сүйену қажет: онда мүмкіндігінше аспаптардың барлық топтарының болғаны жөн. Дегенмен, олардың құрамына дыбысы жұмсақ та ақырын шығатын аспаптардың көбірек болғаны дұрыс, өйткені олар өзінің құрылымы жағынан дәл әрі ойнауға қолайлырақ. Соғып ойналатын, үрмелі және аккордеон мен сыбызғылардың аз болғаны жақсы. Олардың дыбыстары дара, ашық, қатты, сондықтан жетігеннің, домбыраның дауысын басып кетеді.
Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: домбыра 6-8; жетігендер 2-3; аккардеон 1-2; үшбұрыштар 2-3; дауылпазда, тұяқтар бір-бір аспаптан.
Оркестрде балаларды жетекшінің оң жағынан төменгі дауыстағы, ал сол жағында жоғары дауыстағы аспаптар орналасатындай етіп отырғызылады. Тек біртекті музыкалық аспаптардан ғана, мәселен, біріңғай домбыралардан тұратын ансамбль құруға да болады. Ондай ансамбльдік құрам фортепианоның сүйемелдеуімен, сондай-ақ сүйемелдеусіз дыбыс шығара алады.
Оқытудың міндеттері. Әр жастағы топтардың музыкалық аспаптарымен танысуы әр түрлі формада өткізіледі. Егер ең кішкентай үшін негізінен музыкалық ойыншықтар пайдаланылса, ал ересек топтағы балалар түрлі музыкалық аспаптармен танысады да, содан кейін онда біртіндеп ойнау дағдысын игереді.
Дайындық тобындағы бағдарламада балалардың музыкалық аспабында ойнау «сабақ» бөліміне енгізілген. Бағдарламада талабы мынаған негізделген: «күрделі емес әуендерді жеке және ансамбльде ойнауды үйрету».
Осыған байланысты балалардың оқу процесінде игерген білімі мен шеберлігінің ауқымын қарастырамыз.
Балалар мынаны білуге тиіс; аспаптардың аттарын, аспаптардың дыбыстау сипатын, аспаптарды пайдалану және оларды сақтау ережелерін, оларда ойнау тәсілдерін, әр түрлі аспапатрдағы жоғары және төменгі дыбыстардың орналасуын, ноталардың аттарын және олардың аспаптардың тілдеріндегі орындарын.
Балалар мыналарды үйрену керек: әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін (мәселен, домбырада ойнаған кезде саусақтарды жеңіл қимылдата білуді, үрмелі аспаптарда ойнағанда, дұрыс дем алуды, баянда, пианинода ойнағанда саусаұтарды қолайлы орналастыруды, үшбұрышта, дауылпазда ойнағанда қолды дұрыс ұстауды); ансамбльде ортақ динамиканы, ырғақты сақтап ойнауды, музыканы орындауға дер кезінде кірісіп, дер кезінде аяқтауды; қарапайым динамикалық реңктерді пайдалануды, қарапайым ән, өлеңдерді дербес орындауды; есту арқылы жақсы таныс әндерді, әзілдерді талғап алуды; ырғақтық және әуендік әндерді жағынан шығарып айтуды үйренуге тиіс.
Музыкалық репертуар. Балалардың музыкалық аспаптарына арналған музыкалық репертуар көркемдік сапасымен және қолайлығымен ерекшеленуге тиіс. Ол классиктердің, қазіргі композиторлардың, халық музыкасының тақырыбы, жанры және ерекшелігі жағынан алуан түрлі шығармаларынан немесе олардың үзінділерінен құрылады.
Балалардың музыкадан алған сезімдері көп жағдайда әлеументтік сипат алады. Репертуарға балалардың көңіліне жақын шығармалар да енгізіледі. Олар – жануарлар мен құстар әлемі (Б. Дәлденбаевтің «Балдырғандар әні», Е.Хсанғалиевтің «Анашым» әндері), табиғаттың поэтикалық суреттері (Д. Ботбаевтің «Күз - жомарт», «Күз ырғағы» әндері). Дегенмен, ең бастысы, Д Кабалевскийдің «Үш кит» деп бейнелеп айтқан ән, би, марш болып табылады. Егер балалар репертуарын түгел талдап көрсек, онда бұл пікірдің ақиқаттығына көз жеткіземіз. Мәселе көптігінде емес, жанрлардың өзара байланысында, олардың алуан түрлерінде. Мәселен, марштар сипаты жағынан әр түрлі болуы мүмкін. В. А. Моцарттың «Түрік рондасы» - жарқын да тамаша марш, әні жеңіл, қарапайым.
Әр түрліліктің біразын биден көруге болады. Оған П. Чайковскийдің ширақ, ырғақты «Кішкентай аққұлардың биі» көптеген туындылар мысал алуға болады. Бірақ, музыкалық репертуардың талабынан басқа, балалардың аспаптық музыкасына тән сипаттағы талаптары да бар. Балалар оркестріне арналған музыка өзіндік ерекшелігімен айырықшаланады. Көптеген пьесалар әр түрлі музыкалық аспаптардың дыбыстарын безендіруші тәрізді. Бұған мысал үшін, Д. Кобалевскийдің «Дыбылшы мен жаңғырығын» атаймыз.
Оркестрге арналған шығармаларды іріктегенде, балалардың орындау мүмкіндігін ескеру қажет. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесінен алынған кейбір ұсыныстар міне осындай: әуеннің диапозоны зор болмауға, ал әуеннің өзі үдемелі қимылға немесе қайталанатын айналымы бар шағын ғана интервалға құрылуы тиіс (фактура неғұрлым айқын, ырғақтық суреттер күрделі болмауы керек).
Егер музыкалық образдарды дамыту динамикасы оның сипатын өзгертуді қажет етсе, онда бұл өзгеріс өте анық болуға тиіс. Шығарма құрылымының айқын болуы маңызды нәрсе, өйткені жаға музыкалық фразалар, сөздер қосылғанда әдетте жаңа музыкалық аспаптармен орындалады, әсіресе вариация формасында жазылған пьесаларды немесе варияциялық өңдеуден өткен әнді аспаптарда ыңғайлау тиімді.
Бұл ұсыныстар мектепке дейінгілердің ынта – ықыласы әлі де орнықпағандықтан, ойнау техникаларының жеткіліксіздігінен туып отыр. Музыка жетекшісінің негізгі міндеті – балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету және оларды музыкаға қызықтыру, өз бетімен музыка шығаруға деген тілегін ояту.
Балалардың музыкалық аспаптарында орындауға арналған репертуарды шартты түрде былай бөлуге болады:
бастапқы жаттығуларға арналған шағын пьесалар;
дербес орындауға арналған өлең, әндер;
ұжым болып орындауға арналған пьесалар мен әндер.
Бастапқы жаттығулар. Музыкалық аспапта ойнауды үйрету балаларды өте ерекше өызыөтыратын ортада өтуге тиіс. Блалардың әуелгіде ересектер орындауындағы оркестрдің дыбысымен, ал соңында дыбыстың сипатымен және әрбір музыкалық аспаптың айқындаушы мүмкіндігімен танысу қажеттігі де міне омыдан келіп шығады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген