400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: «Балалардың сөйлеуін дамытуда иновациялық әдістерді-білім беру саласында қолданудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы







Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ













Тақырыбы: «Балалардың сөйлеуін дамытуда иновациялық әдістерді-білім беру саласында қолданудың тиімді жолдары»











Баяндамашы: Ауелова М.М.

« Педагогика пән оқытушысы».



Алматы. 2020



«Балалардың сөйлеуін дамытуда иновациялық әдістерді-білім беру саласында қолданудың тиімді жолдары»


 Мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде дамуы барысында орта білім берудің жүйелі жаңашаландырылуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді жаңашаландыруды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты: қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен жаңа әдістері бар. Сондықтан әртүрлі оқыту әдістері, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе жүзінде сыннан өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық әдістерді меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың – ғылым ғасыры деген сипатын дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді дамыту көзделген. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.

Осы бағытта оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі инновациялық технологиялары мен әдістерін жетілдіріп, оны арнайы пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату мақсатында бір қатар бағыт-бағдарлар берілуде.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді және технологияларды тиімді қолдана білуі қажет.

Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс, деген ұғым) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады.

Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық іс—әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық технология маманның құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы.

Инновациялық әдістерді қолданаотырып оқытудың ерекшеліктері:

  • Көрегендік сипат алуы, дамудың жылдамдығы;

  • Болашаққа үмітпен қарау;

  • Өзіне, өзгеге талаптың жоғары болуы;

  • Тұлғаға, оның дамуына бағытталуы;

  • Шығармашылақ элементтерінің міндетті қатысуы;

  • Қарым-қатынастың ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделуі және т.б.

Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерде жаңашылдыққа бағытталуы тиіс.

Қазіргі кезде білім беру мен білім жүйесін ұйымдастырудың оқу үдерісіндегі жаңа технологиялары ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану аясын кеңейтіп мультипликацияны, бейнетаспа мен күрделі сызбалармен оқу материалдарын түсінікті баяндауға мүмкіндік береді. Мультимедиялық технологиялар адамға ақпаратты максималды жақын түрде сенсорлы елестету, ақпараттық және бағдарламалық аспектілері арқылы қолданушыға ақпаратты әр түрлі формада: мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнемен интерактивті режимде елестетіп көруге мүмкіндік беред.

Соңғы кездері оқыту үдерісінде осы мақсатта пайдаланылып жатқан электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электронды оқыту бұл электрондық бизнес сервистерін және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.

Оқыту технологияларымен жұмыс жүргізу 5 саты арқылы қалыптасады. Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану;дағдылану, шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.

Заман талабына сай балаларды инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы жұмыстандыру мәселелері жайлы болмақ.

Ойын технологиялары. Заманауи білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар:

Сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында ойналатын ойын түріне «Дүрбі» ойынын қолдану тиімді. Парақ бетіне сабақ тақырыбына байланысты суреттер бейнеленеді де, парақ дүрбі іспетті оралады. Сол дүрбінің ұңғысынан қарау арқылы бүгінгі тақырып не жайында екенін баяндау ұсынылады.

1. « Нелерді жасырдым»әдісі. Мақсаты:зат есімді көпше түрде табыс септігінің жалғауымен қолдана алу қабілетін тексеру. Құрал-жабдықтар:үйлер, қарындаштар, кітаптар бейнеленген суреттер. Тексеру барысы:оқытушы балаға суреттерді көрсетіп, есінде сақтап қалуын сұрайды. Сосын бала көзін жұмып отырғанда бір суретті алып тастайды да, нені жасырып қойғанын табуды сұрайды.

2. «Айтып бер» әдісі. Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.. Құрал-жабдықтар: «жаңбыр» сюжетті картинкасы. балаға картинкага қарап, не бейнеленгенін айтып беруін сұрайды. Айту қиынға түссе, келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады: «Суреттен кімді көріп тұрсың ? Қыз не істеп жатыр ? Балалар не істеп жатыр ? Қыз кіммен ойнап жатыр ? Балалар қайда жүгіріп бара жатыр ? Балалар не үшін жүгіріп бара жатыр ?».


3. «Шыбын ұрғыш» әдісі. Мақсаты:жылдамдыққа, жүйелі ойлай білуге және жылдам шешім қабылдап сөзік қорын молайтуға бағытталған. Құрал-жабдықтар: шебын ұрғыш және тақырыпқа байланысты әр тұрлі сөздер тілімі. Оқытушы айтқан сөзді жылдам тауып, сол сөзге анықтама беріп өту ұсынылады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты тандау жасауы қажет.

  1. Осы бағытта Quizlet live бағдарламасын пайдалану да өз тиімділігін көрсетуде. Quizlet live бағдарламасы бойынша балалардың сөйлеу тілін дамытуүшін мүмкіндіктер жетерлік. Мысалы: осы аталмыш бағдарлама бойынша Бинго әдісі, аудармасын тап әдісі тиімді.

Жобалау технологиясы. Баламен педагог жобалауды бірлесіп жүргізеді. Яғни баланы оқытушымен бірге ізденуге, проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Баланың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар төмендігедей кезеңдерге бөлінеді:

Қатысушылар санына қарай: жеке, жұппен, топпен.

Ұзақтығына қарай:қысқа, орта және ұзақ мерзімдік.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

Тақырып бойынша:баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

Ынтымақтастық педагогикасы білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынасты, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын педагогикалық катынас. Білім беру мекемелерінде білім  кеңістігін қалыптастырудың мынадай формалаларын басшылыққа алып жұмыстану қажет:

- Ертегі тыңдау немесе рольдер арқылы сомдау;

Халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А.Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі». Ертегінің керек орындары:

- Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе;

- Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі келтіреді деген болатын. Дәл осы тұста тағы да қоса кететін әдістер қатарына «Тәж» әдісі сонымен бірге «Әріптерді сөйлетеміз» әдістерін қолдану да тиімді.

1. «Тәж» әдісі. Мақсаты: балалардың сөздік қорын арттыру, сөздерді дұрыс байланыстыруға дағдыландыру. Құрал-жабдықтары: әр түрлі сөйлем немесе сөздер жазылған тәж яғни кароналар. Осы тәжді киген балаға өзге балалар сол сөзді нақты атамай тұспалдап түсіндіруі қажет.

2. «Әріптерді сөйлетеміз» әдісі. Мақсаты: баланың сөздік қорын молайту, әріптерді дұрыс дыбыстауға үйрету. Құрал-жабдықтары: бір-бірден әріптер жазылған парақшалар. Балаларға бір –бір парақша беріледі және сұрақтар қойылады. Балалар сол сұраққа қолындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек.

Қорыта келе, мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр бала еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір баланың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті, қазір жалпы барлық білім беру ұйымдарында оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде баланың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, ұйымдастырылған іс-әрекетте өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. Қазіргі қоғамдағы ғылыми-техникалық үдерістен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті.
































Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ә.Төлеубаев. Қазақсан тарихы. Алматы «Мектеп» баспасы 2010

2. Н.Назарбаев. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ.

Алматы баспасы 2014.

3.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.

Алматы. «Білім баспасы», 1998.

4.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы

ретінде. - Алматы, 2002.

5. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. – Алматы. 2005.

6. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. Республикалық ғылыми-

әдістемелік конференция. – Алматы, 2011.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі