400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Баланы мектеп өміріне қалай үйретуге болады

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланы мектеп өміріне қалай үйретуге болады?

Мектепке алғаш бару-бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді.Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-анада.Бала балалық шақтан өзіне белгісіз,таныс емес мектеп есігін ашқаннан кейін, оған үйренуі үшін ата-ана нені білуі тиіс?

  • Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі.Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет.Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қояды.Сондықтан да баланы оқу ісіне машықтануға, дағдысын қалыптастыруға үйде ата-ананың да көмегі керек.Балаға оқушы болу қиындық тудырады.Сондықтан, ата-ана оның сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттырып отыруы керек.

  • Даярлық сыныбына баратын кез-келген баланың ата-анасы оның жазып,санауына ғана көңіл бөліп қоймай, заттарды салыстыра білуді, талдауды,ойлай білуді үйретуі керек.

  • Оқушы балңызды мектепке жақсы оқуы, мұғалімнің үйреткенін қалып алуы оның денсаулығына да байланысты.Оның көру, есту мүшелерін,жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын тексеріп, дәрігердің қабылдауында әр алты сайын болып тұрған жөн.Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет.Бала өз бетімен сөйлем құрастыра алуы маңызды.

  • Балаға не үшін мектепке баратындығын ұқтыру қажет.Біреуі мектепке көп бала бар және онда көңілді болғандықтан ғана баруы мүмкін.Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды.Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет.Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.Сондықтан баланы құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдыландыру керек.Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп,балалармен тез тіл табысып кетеді.Ал кейбіреулер көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан,жалғыз жүреді.Бұл жерде де ата-ананың жәрдемі қажет-ақ.

Балаға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала басқа балалармен кезіккенде мазасызданады, қорқыныш пайда болады.Осыдан келе нашар оқитын балалар пайда болады.Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады: 1)Мектеп алдындағы қорқыныш.Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; 2)Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа келтіреді; 3)Мектептің өміріне бейімделе алмауы т.б.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек.Ең бастысы,баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға,басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі.Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді.

Балаңыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады ма?

Көптеген балалардың мектепке сабақ үлгерімі нашар болатыны неліктен? Не себепті кейбір балалар қатарластарынан тосырқап саяқ жүреді? Мұның себебін мұғалімдерінен,не болмаса сыныптағы оқушылардан іздемей-ақ қоялық.Ең дұрысы үйдегі ауа-райы қандай?Соны салмақтап көрініз.

Ата-аналардың дені ұрыс-керіс үстінде баланы ұмытып кетіп жатады.Тіпті,олар балалары өздеріне ешуақытта назар аудармайтындай болып көрінеді.Мүлде қателеседі.Біз ойлағандай емес,қайта балалар күнұзақ бар ойымен әке-шешесінің бір-бірімен қалай сөйлескендерін, сөзбен ілініп тәжікелесіп қалғанын,не бейбіт түрде келіскендерін сол сияқты тағы басқалай көңіл-күйлерді үнемі бақылаумен болады.Әсіресе, анасы мен әкесінің ұрысы баланың көңіліне қатты тиеді.Мұндай ұрыстардан кейін балақай өзін кінәлі сезіне бастайды.Оған «ол өзі жақсы бола алмағандықтаніәке-шешем бақытсыз» деген ойлар келеді.Неліктен бұлай ойлайды? Өйткені, балаға ең жақын адам әзірге тек әке-шешесі.Оған ең бірінші кезекте сол жақын деген адамдары өзін аялағаны, қолпаштағаны, мақтағаны керек.

Сондықтан,балаңыз мектеп өміріне еш қиындықсыз тез үйренісіп кетсін десеңіз, үй-ішіндегі жайлылықты сақтағаныңыз абзал.


Қолынан көп нәрсе келетініне сендіре біліңіз.

Біз,ересектер,кез-келген тығырықтан шығудың жолы бар екенін білеміз делік, ал балалар болса өзінде кездескен проблемаларды шешуге қауқарсыз.Балада қандай проблема болуы мүмкін дейсіз ғой? Мәселен,бала мектепте ұстаздарымен,сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас орната алмауы мүмкін.Бұған баланың өзін кінәлі» етуге болмайды.Егер,дер кезінде сіз ата-анасы ретінде баланың бойына сенімділік орната білсеңіз,онда ол ерік-жігерлі бола біледі.Тек сіз оған қолынан көп нәрсе келетініне сендіре біліңіз.Сонда ғана болашақта ол өз проблемаларын өз бетінше шешуге қабілетті жанға айналады.Сонымен түсінікті болған шығар,құрметті ата-аналар,бала кез-келген тығырықтан жол тауып шыға алуы үшін оның өзіне деген сенімділігін арттыруға күш салуымыз керек.Тығырықтан дұрыс жол табуды үйрету анау-мынау басқа жанның емес,тек қана ата-ананың жауапкершілігіндегі міндет екенін әрқашан есте тұтып жүріңіз!Ол үшін балаңыздың пікірін жиірек біліңіз.Әрқандай тақырыпта өз ойын айтатын болсын.Мәселен,әлгінде көрген фильмі бола ма,жоқ дүкенде сатып алған қызықты заттарға қатысты ма....Әйтеуір ой-пікірін ішіне ірікпесін.

Баланы мақтаудан қашпаныз.Егер оны мақтасаң,мінезіне кері әсер етеді дейтін ата-аналар қателеседі.Мақтау – бұл баланы жақсы көретіндігіңіз бен бағалайтыныңыздың белгісі әрі куәсі болуы қажет.Мейлінше балаға өз бетінше әрекет етуді үйретіңіз.Дүкенге барғанда кітаптарды өзі таңдауға,автобус бағытын өзі тауып алуға мүмкіндік жасаңыз.


Мектепке баруға қызығушылығы жоғалмасын десеңіз

Әрине мектепке дейін балабақшаға барған болар,ол осыған дейін қандай да бір тәртіпке бағынуды,көпшілік ортамен араласуды,жазу-сызуды үйренген шығар.Бірак,қанша тырысса да оған үй-ішінде мән берілмесе,жақсы талпыныстарын бағаламаса,айналып келгенде балада мектепке деген қызығушылығы жоғалады. Балада мынадай пікір қалыптасып үлгереді:

«мектепте жақсы оқып не керегі бар?Бәрі-бір әкем мен анам онымды елемейді.Жалпы,мектеп маңызды емес секілді,ол жерде тек ұрысса,екілік қояды»

Баланың мектепке барғысы келмейтіндігінің негізгі себебі-нашар оқитындығында.Онымен қоса,қазіргі мектеп бағдарламасы күрделі,егер уақытылы түсіне алмаса,одан әрі игеру қиындай түседі.Ол аздай балаларының қолын бос қоймас үшін кейде ата-аналар түрлі спорт секцияларына,үйірмелерге қатыстырып қояды.Өзі сабаққа әзер үлгеріп жүрген балаға бұл ауыр тиеді.Енді ол иектепті жек көрген үстіне жек көреді.Баланың сабаққа үлгермейтіні былай тұрсын,енді оның мойнындағы жүгі шаршатып,оны ықтиярсыз ете бастайды.Мұндай жағдайда сабаққа үлгере алмай жатқан балаға қосымша жүк арту артық емес пе,соны зерделеп көруге кеңес береміз.


Неліктен бала мектепке барғысы келмейді?

Әсіресе,үй тапсырмаларына отырған кезде көптеген ата-аналардың баласына көмек беруге шыдамы жетпейді.Оның соңы міндетті түрде ұрыс-керіспен жалғасады.Балаға үй тапсырмасын орындату жарты сағаттан аспасын.Әрі қарай баланың өзі де жалығады,өйткені ол мектепте онсыз да 45 минуттан,төрт-бес сабақ оқып келді.Баланы оқыту кезінде мазасыз кейіпке түспегеніңіз жөн.Үлкендер сабақ әзірлеу үстінде балаға мейіріммен қарау,еркелету артық нәрсе деп ойлайды.Бұл кедергі келтіруі де мүмкін деген ойға барады.Расына келгенде,әке-шешенің жылы қабағын,махаббатын сезінбеген бала үй тапсырмасын ықылассыз орындайды.

Баланың мектепке барғысы келмеуінің тағы бір себебі- тым нәзіктігі,ұяңдығы,жәй қозғалатындығы да болуы мүмкін.Ондай балалар қатарластарымен араласып сөйлесіп кете алмайды.Және бойында басқа балалар мені мазақтайды деген қорқынышы болады.сылбыр қозғалатын балаға таңертең ұйқыдан тұрғанда жеңіл жаттығу жасатыңыз.Мектептен үйге келгенде бірден сабақ оқуға отырғызбаңыз.Ойнауға жіберіңіз немесе үй шаруасыеа айналдырыңыз.Сосын күндізгі ұйқы да қажет.Егер ұйқысы келмесе, теледидардан балалар бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік беріңіз.

Осыдан соң далаға таза ауа жұтуға,жүгіруге,қысқаша баланың әрқашан қимыл-қозғалыста жүруін ұйымдастырыңыз.Содан кейін сабақ дайындауға кірісуге болады.

Бала дәптеріндегі шимайлар үшін ұрысуды әдетке айналдыру дұрыс емес.Оның дәптері үсті-үстіне сызылған бояудан көрінбес.Дегенмен,бала өз қатесін жөндеуге тырысқаны екенін білгейсіз.Енді ұстаздары туралы аз-маз айта кетейік.Егер бала үйде ересектермен еркін сөйлесе алатын болса, онда мұғалімімен де осылай сөйлесе алады деген сөз.Мұндай оқушы мұғалімге өзіндік ойларын айта біледі және қажет уақытында түсінбеген сұрақтарының жауабын ала білетін болады.Ал, үй ішінде мазасыз,үлкендердің айтқанына құлақ аспайтын болса,ұстаздарына да дәл осындай қарым-қатынас орнатуы мүмкін.Мұның соңы оқушы мен мұғалім арасында келіспеушілікке,ескертулерге жалғасып жататыны белгілі.

Кейде баланың мектептен қашқақтауы – өзге балалардан таяқ жеп қалуынан,не болмаса көңіліне ауыр тиетін сөздер естуден туады.Ондай жағдайда баламен ашық сөйлесіңіз.Ішіндегі сырларын сізден жасырмай айтсын.Бала қанша дегенмен намыстанады,сондықтан бүкпесіз әңгіме айтсын десеңіз оны қорқытып сұрамауыңыз қажет.Яғни, сізге ақтарыла алатындай жағдай жасаңыз.Егер мәселе жоғарыдағыдай болып шықса,онда мектепте сол мектептің балаларымен жұмыс істейтін,әр баланың мінезіне сипаттама бере алатын психолог бар,онымен сөйлесіп алдын-ала ақылдасып алыңыз.Қандай шара қолдану керегін кеңесіңіз.


























«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі











Баяндама



Тақырыбы: Баланы мектеп өміріне

қалай үйретуге болады?


Дайындаған: Психолог Б.Дармағамбетова















2015/2016 оқу жылы



Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.

         Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

 Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып  әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі