жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кусепова Гүлбүбі Алпысбайқызы
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылы
№2 шағын орталықты орта мектебі
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады [1].
Алдымен «технология» ұғымын қалай түсінеміз соған түсініктеме беріп көрейік. «Технология» деген сөздің түп тамыры геректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп + logos ғылым білім деген сөздерден шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы ғылым деген мағынаны білдіреді [2 ].
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде пайдалануда үлкен белсенділік танытуда. Ұстаздардың педагогикалық тәжірибесінде «технология» ұғымымен бірге «интерактивті оқыту» ұғымы кеңінен қолданылуда. Сөздікте көрсетілгендей интерактивті оқыту өзара әрекет тактикасы мен стратегиясын жасау, бірлескен іс-әрекет ұйымы деген мағына білдіреді.
В.В.Гузеев еңбегінде «Ақпараттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне бөлінеді. Егер ақпараттар ағымы екі жақтылы болса, ондай режимдегі сабақты интерактивті» деп атаған.
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «interace» (inter - өзара, ace - әрекет ету) деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке тұлғалардың, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір- біріне алма кезек әсер етуі.
Интерактивтік оқыту әдістері – нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс - әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Ал М.В.Кларин: Интерактивті оқытудың тиімділігі интерактивті ойындар мен жаттығуларға негізделген, - деген ойын айтады. Клариннің анықтамасы бойынша қазіргі оқу үрдісі интерактивті әдістерге негізделгендіктен бұл ұғымды жиі кездестіруге болады [3].
Интерактивті өзін - өзі оқытудың тұжырымдамасына жүгінсек, оқытудан оқудың басымдылығына бағытталған және жеке тұлға бағдарланған әдіс жүйесі жасалуы тиіс екен.
М.Мұқашеваның педагогикалық тұрғыда берген анықтамасында: «Интерактивтілік – бұл дидактикалық құралдардың (орта, мазмұн, оқу құралдары, іс - әрекет) әрбір субъектінің өз нәтижесі үшін ролдік жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін және қарым – қатынас кезінде субъектілер арасында «полидиалог», өзара әрекет, өзара түзетулер, қатынастар орнатуды көздейтін іс - әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті» делінген.
Интерактивті оқыту мәселесі БАҚ пен интернетте жиі сөз болып жүр. Әсіресе жаңа әдістемені үйрену, шығармашылық мамандықтарды меңгеру мен қашықтықтан оқыту жолдарын іздестіру қызу талқылануда.
Интерактивті оқыту ерекшелігі – нақты тәжірибені қолдану, бұл мінез – құлық психологиясының бастамасы болып келеді.
Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым – қатынас орнап, субъектілердің жеке жұмысымен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір – бірімен сөйлесу және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады. Осы тұжырымдаманы жақтаушылардың ойынша осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М.В.Кларин, Ю.С. Тюнников, В.В.Вербицкий т.б. ғалымдар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогқа оқытудың (білім, білік,дағды) қолданылуын, жаттығумен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әр түрлі оқушыларды тең дәрежеде қатыстыру нәтижесін көрсететін мүмкіндік береді.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты интерактивті оқыту әдістерін бастауыш мектептің оқу үрдісіне ендіру мәселесіне арналғандықтан, осы технологияның әсерімен бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті қалай дамиды, интерактивті технологиялар арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, жалпы жеке тұлғаны қалай дамытады? Міне, осы сұрақтарға жауапты зерттеу барысымызда табамыз.
Сол себептен де бұл мәселенің өзектілігі біздің зерттеу жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытуда интерактивті оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі» - деп алуға негіз болды.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады [4].
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
Интерактивті оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарлаған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.
Егер де сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі, интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.
Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. Мұнда мұғалім бұрынғыдай дайын білімді бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана беріледі. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі болады. Интерактивті оқытуәдісін соңғы кездері қарқында оқыту технологиясында кеңінен қолдануда, оқушы белсенділігін арттыратын, алған білімінің іс-тәжірибесінде қолдануға жағдай жасайтын тәсілдер интерактивті оқыту әдісі жатады. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану үшін мұғалім оқушыларды ұжымдық, жұптық топтарға бөліп, өзара септесіп, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру [5].
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, ролдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу процесінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің үстем болуына жол берілмейді. Оқушы әрекет объектісінен өз ұстанымы бар әрекет субъектісіне айналады.
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.
Оқудың интерактивті әдістері үлгілері:
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бін – біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйренеді, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады. Мысалы: оқушыларға “Айналмақ” деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақиналар – бұлар қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақиналар – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша,олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жекізуге тырысады.
Аквариум әдісінің мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады.(разыгрывают), ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.
Кір жайғыш жіп- Сабақтың кез-келген кезеңдерінде пайдаланатын әдіс.Әдемі киімдерді сұрақтар жазып іліп қоямыз.Жаңа сабаққа ,қайталауға,үй тапсырмасын сұрауға болады.
Сымсыз телефон- оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.Кезекпен топ арасынан жұптық жұмыс орын алады.Сабақты қорытындылау кезінде,үй тапсырмасын сұрағанда осы әдіс өте тиімді.
Құндылықтар спекторы-бұл әдісте оқушылар реттілікті үйренеді.Сабақтың кез келген кезеңдерінде пайдалануға болады.Мысалы:орнын ауыстырып қойған сөздер мен сөйлемдерді реттеп қояды.Суреттер мен есептерді де алуға болады.
Ыстық орындық-сыныптан бір оқушы өз қалауымен орындыққа отырады.Сыныптағы барлық оқушы сұрақтар қоюға болады. Сол сұраққа оқушы жауап бермей қалса орындыққа күйіп қалады
Есептеу ағашы- сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді.Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парағы) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
“Өз позицияңды ұстан”- деп аталатын интеракцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар “иә” немесе “жоқ” деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндірген дұрыс.
Шағын топтармен жұмыс. Шағын топтарда жұмыс барлық оқушылардың қатысуына мүмкіндік береді. Шағын топпен жұмыс көп уақытты талап етеді. Топпен жұмысты бір проблеманы өздіктерінен шеше алмаған жағдайда қолдануға болады. Топпен жұмысты асықпай бастау керек. Егерде оқушылар немесе оқытушының тәжірибесі болмаса (шағын топпен жұмыс орындауда) , басында жұп – жұпқа бөлуге болады. Оқушылар жұппен жұмыс істеуді үйренгеннен кейін, үш оқушыдан тұратын топқа бөлінеді. Бұл топтардың өздіктерінен тапсырманы орындай алатынын байқасаңыз, басқа оқушыларды қосуға болады. Шағын топтағы балалар саны 5-тен аспауы керек.
Нәзік ара. Жаңа тақырыпты меңгеруде оқытушылар оқушыларды бірлесе жұмыс орындауға талаптандырады. Оқушылардан топ құрастырады, әрі әрқайсысына ақпараттың белгілі бір бөлімі ғана беріледі. Сонымен қатар оқушылар кезекпен бір – біріне көмектеседі.
Ролдік ойын. Оқушыларды ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруді ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Өйткені ойын үстінде мұғалім мен оқушы арасында байланыс пайда болып, оқушылардың ұжымдық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік ашылады. Ойын оқушы белсенділігін арттырумен бірге олардың танымдық қабілетін жетілдіріп, шығармашылық белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру жағымды эмоциямен, көңіл – күймен байланысты. Сабақтың немесе әдістің бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл – күйінен көрінеді. Оқушы шығармашылығын шыңдауға берілетін ойын түріндегі тапсырмалар оқушының «үйренсем» деген ішкі мотивациясын тудырады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларын белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз, оқушыны білім алуға, оқуға үйретуге көп мән берілуде, яғни психологиялық тұрғыдан оларды «білім алғым келеді, оқығым келеді» деуге үйретеді. Мектепте мұғалім көбінесе баланы еркінен тыс оқыту, жазамен қорқыту сияқты жолдарды көп іздейді. Баланы күштеп, мәжбүрлеп оқыту мүмкін емес. Сондықтан да бастауышта білім беру үрдісін ойын түрде ұйымдастырудың маңызы зор, Өйткені мұғаліммен, балалармен бірігіп орындаған жұмыс қана қызығушылықты арттырады.
Ойын – үйрету әдісінің ерекше бір түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады. Ойында оқушылардың бәрі бірдей, « жақсы оқушы» не « нашар оқушы» деп бөлінбейді, бір – бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды.
Пікірталас. Пікірталас ұғымы диспут ( disputo) латын сөзінен алынып, талқылаймын, таласамын деген ұғымды білдіреді. Пікірталас – күрделі, сонымен бірге қоғамдық, саяси адамгершілік тәрбиенің тиімді формасы. Пікірталас – белсенді, қызықты пікір алмасу. Мұнда әртүрлі көзқарас қақтығыстары болады. Шынайы шындыққа жету жолы еркін пікір алмасу арқылы жүреді. Өзінің де, жолдастарының да пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді. Әдістемелік жағынан пікірталасты дұрыс өткізу, оқушылардың мінез – құлқының, ғылыми дүниетанымының, көзқарасының қалыптастыруына үлкен әсер етеді.
Дебат. Соңғы кезде кеңінен өткізіле бастаған пікірсайысы дебат – білімділер сөз сайысы немесе білімдарлардың сөз додасы.
Дебатқа араласушы барша қауымның бойында болуы тиіс және ерекше бағаланатын қасиет – жеке тұлғаға құрмет пен сыпайылық. Бұл талап ұйымдастырушылар, төрешілер және әсіресе, ойыншылар тарапынан міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Кез келген пікірсайыс бәсекелерінде басшылыққа алынатын басты құндылық – ақиқат болмақ жеңімпаз атануға деген құштарлық пікірсайыс тақырыптарын зерттеуге және түсінуге деген құштарлықтан жоғары қойылмауы тиіс.
Шығармашылық тапсырма. Шығармашылық тапсырмаларда оқушылардан ашықтық пен ізденісті талап етеді. Белгісіз жауаптар мен олардың өзіндік шешімдері өзінің тәжірибесі мен достарының тәжірибесі бірлесіп жұмыс істеулеріне әсері тиеді. Оқу үрдісінде барлық қатысушылармен, мұғалімдермен қарым – қатынаста болады. Шығармашылық тапсырманы таңдау – ол ұстаздарға да шығармашылық тапсырма болып табылады.
Жұптасып жұмыс істеу. Ғалым Ф.Оразбаеваның пайымдауынша, жұптық оқытуда тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат екі оқушының өзара тілдесуі ерекшелігіне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады.
Миға шабуыл. Шығармашылық тапсырмаларды шешу идеялары ұжымдық іске қосу әдісі ретінде « миға шабуыл» әдісін А.Ф. Осборн ұсынған. Оның 1953 жылы Америкада («Басқармалы елес») «Управляемое воображение» атты кітабы шықты. Онда ол өз идеясын шығармашылық тапсырманы топталған адамдар арқылы шешу керектігін түсіндірді. Бұл идея дүние жүзіне тез тарады. Бұл әдістің мақсаты шығармашылық тапсырманы шешу үшін мүмкіндігінше көп мөлшердегі идеяларды жинауға, ойлау салғырттығынан босауға, үйреншікті ойлау жолынан өтуге негізделеді. Бұл әдістің негізгі ұстанымы мен ережесі – қатысушылар ұсынған идеяларды сынау мүлдем рұқсат етілмейді. Мұның өзінде мүмкін болған барлық әзілдер көтермеленеді. Әдісті қолдану сәттілігі көбінесе пікірсайыс барысын шебер бағыттай алатын, ынталандыратын сауалдар қоя білетін, жеңілдіктер беретін, әзілдер – оспақтар қолдана алатын пікірсайыс басшысына байланысты болады. Ол миға «шабуылдың» барлық ережелерін орындауға қамтамасыз етеді. Әсіресе: Кері байланыс. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.
Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.
Кейс-стади – портфелдегі, кассетадағы, немесе стендтегі нақты өмірдегі факт, дәйек, дәлелдемелерді қолданып оқытудың инновациялық әдісі, оның барысында білім алушылардың тобына нақты кәсіби есепті шешу ұсынылады, олар оны ары қарай талқылап, алынған нәтижелерді талдап, шешім шығарады. Кейс-стади кезеңдері: сипатталған жағдайды зерттеп, студенттер проблеманы анықтайды; шағын топтар оны шешудің нақты жолдарын ұсынады; талқылау мен пікірталастың нәтижесінде әр шағын топ бір шешімге келеді. Оқытушы қатысуымен өтетін талқылауда топтар проблема бойынша өз шешімін дәлелдеуге тырысады. Ортақ бір шешімнің болуы міндетті емес.
Эссе – тақырыптың еркін дәлелдемесімен сипатталатын сын және публицистиканың жанры, оқу орнында жазбаша шығармашылық жұмыс формасы түрінде, оқу курсы немесе оның модулі аяқталғанда оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында қолданылады.
Дәлелденген эссе (аргументтелген) – оқушыларды өз ой-пікірін дәлелдей білуге үйрететін жазбаша жұмыс түрі. Эссе жазар алдында көп материалды оқып, түсініп, дәйек келтіретін ақпаратты іріктей білуі керек. Оқушы зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтап, шешудің идеясын ұсынады, оны дәлелдеп, сәйкес ақпарат көздерін көрсетеді. Оқушыгың ойлау қабілетінің дамуына, яғни айтар ойын құрастырып, айқын жеткізуге, жүйелей білуге, материалды құрылымдай білуге, дәйек ретінде келтірілетін фактілерді таңдай және бағалай білуге, логикалық бірізділікті сақтауға ықпал етеді.
Жазбаша түрдегі пікірталастық эссе міндетті түрде 4 бөлімнен:
-
кіріспе пікір (пікір, цитата, сұрақ, факт және т.б., яғни оқырманды ары қарай оқуға жетелейтіндер);
-
тезистік пікір (эссені басқаратын, негізгі ойды көрсететін пікір, әдетте кіріспе бөлімінің соңғы сөйлемі болады);
-
презентация (негізгі пікірдің дәлелдемелері келтіріледі, болжалды қарама-қарсы пікірлер ескеріліп, соған да жауап беріледі, оның әлсіз тұстары көрсетіліп дәлелденеді);
-
қорытындыдан (дәлелдердің синтезі, тезистік пікірдің қайта айтылуы және қорытынды пікір) тұрады.
Тренинг. Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.
Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Алдамұратов Ә.Т. Жалпы психология. Алматы ,1996ж.
-
Ананьев Б. Г. Человек как предмет познания. М. 1968ж.
-
Давыдов В.В. Развитие детей начальной школы. 1972ж.
-
Петровский А.В. Общая психология . М. 1982ж.
-
Возрастная и педагогическая психология. Под.ред. Гамзей и
др. М. 1984 г -
Возрастная и педагогическая психология. 1989г.
-
Қалиев С. Халықтың тәлім-тәрбие негіздері А. 1992ж.
-
Немов Р.С. Психология. В 3-х томах М. 1995г.
-
Русаев В.М. О природе темперамента и его месте в структуре
личности. М. 1985г.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген