15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәндері бойынша құзіреттілігін арттыру"
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика сабағына жоғары сынып мұғалімдерінің сабаққа қатысуы.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға бағдарлама белгілеп берген белгілі бір көлемдегі білім, білік және дағдыларды меңгерту – бүгінгі күннің талабы. Бұл, әрине, мұғалімнен көп ізденісті талап етеді. Сондықтан әр мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндігінше озат тәжірибені жинақтап, талдап, өз шеберлігінде қолдануға көңіл бөлулері тиіс
Математика сабақтарының сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындығына байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы деп нені түсінеміз? Ол құрылымы жағынан өте күрделі, көп қырлы және шығармашылық еңбекті талап ететін үздіксіз үдеріс. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы бастауыш сыныптар мұғалімнің математиканы оқыту бағытындағы еңбегі жемісті болуы үшін, оның төмендегідей құрылымдағы кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Біріншіден, онын математикадан теориялық дайындығы жоғары болуы тиіс, яғни мұғалім математика пәнін жетік білуі керек, мұғалімнің математика пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сай дәрежеде білуі оны дұрыс оқытудың қажетті шарты болып табылады. Мұғалім жоғары оқу орнынан алған теориялық білімдермен шектеліп қалмай, оны тұрақты түрде жетілдіріп отыруы тиіс.. Екіншіден, оның психологиялық-педагогикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Мұғалім психология мен педагогика оқулықтарындағы жалпы теориялық қағидаларды терең біліп қана қоймай, қазіргі заманғы оқытудың технологияларын, әсіресе, жаңа буын математика оқулықтарына негіз етіп алынған дамыта оқыту технологиясының теориялық мәселелерін жетік меңгеруі керек. Үшіншіден, мұғалімнің әдістемелік-математикалық даярлығы жоғары болуы керек. Ол мерзімді педагогикалық басылымдарды, сондай-ақ озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үнемі зерттеп, математиканы оқыту жөніндегі қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды пайдалануға бет бұруы тиіс. Міне, осындай үш түрлі мәселені қамтитын жоғары деңгейдегі кәсіби даярлық математика сабағын өткізуді дұрыс ойластырудың, нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспарын жасаудың кепілі болып табылады.
Мектебіміздегі 3-сыныптың сынып жетекшісі Пірманова Мәуе апайдың
математика сабағына қатыстым. Наурыз айының 5-жұлдызы тақырыбы:
«Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу.»
Оқу мақсаты:3.1.2.11мынадай жағдайларда28*3,269*2,84:3,538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану.
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында өрнектің мәнін тауып,Д.Нүрпейісова Құрманғазыға қанша жасында шәкірт болғанын анықтап,ынталандыру тапсырмасын орындады.Содан соң жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында қосындыны санға көбейту мен бөлуді
ауызша түсіндіруді ұсынды.Сабақтың мақсатын оқушыларды топқа бөліп алып,проблемалық жағдаяттар арқылы ашты.Оқушыларға оқулықтан №2 есеп өзіндік жұмысы берілді,жазбаша қалдықпен бөлуді баған түрінде жазу.№3 тапсырманы өрнектің мәнін есептеу ережесі бойынша орындайды. Мұғалім тарапынан қалыптастырушы бағалау ретінде кері байланыс жүрді.
Мұғалім критерийлері бар дәптердегі қосымша тапсырмаларды ұсынды. Оқушылар белсенділік көрсетіп,кейбір қате кеткен оқушылардың жұмысын түзеді.Содан соң оқушыларға оқулықтағы №4 деңгейлік тапсырма берілді.№6 тапсырманы жұптық жұмыс ретінде оқушылар өздері таңдап алады. №7 бос орындарды толтырып,өлшем бірліктерді толтырды. Әр тапсырма сайын мұғалім тарапынан қалыптастырушы бағалау жүріп отырды.Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, «Алма ағашы» арқылы рефлексия жүргізілді. Сабақта белсенділік көрсеткен
Жосдасбайұлы
Мақсат,Серік Әсел,Нұрсұлтанқызы
Балнұр,Мұқияшова Анел,Қуантайұлы Кенже
секілді оқушылар болса,кейбір оқушылар
Нұрлыбекұлы Сабыр,Тоқмағанбетова
Диана,Мақашова Айгерім сияқты оқушылар
сабаққа аз араласып,көмекті қажет
етеді.
Нәтижесінде
сынып оқушылары өздерін сабақта
емін-еркін ұстап, кез келген мәселе мен
жұмысты өздігімен жасап, шеше алатындығының
дағдыларын көрсете білді. Олардың
арасында жасандылықтың еш табы да
көрініс таппады. Кейде оқушылар сабаққа
қатысып отырғандардан тайсақтап, оларды
«комиссия» деп түсініп, бойларын жаза
алмай отырады емес пе? Бұл сыныпта ондай
әдет қалыптаспаған екен: оқушылар менен
именбей, өз жұмыстарына қызу араласып
отырды.
Сабақтағы оқушылардың
ынтымақтастығы да жоғары деңгейде. Мен
бір-біріне қабақ шытып, ренжіген кейіп
көрсеткен оқушыларды байқамадым. Балалар
топ ішінде де бірлесе жұмыс жасауға
едәуір төселіп қалған сыңайда. Әрине,
ұсыныс ретінде кейбір арласпай отқан
оқушыларды белсенді іс-әрекетке
тарту.
Наурыз айының 26-күні 1-сынып Жансейтова Жарқын апайдың математика сабағына қатыстым.Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды.
Теңдеудің құрамындағы белгісізді табу,белгісіз қосылғышты табу үшін қеосындыдан белгісіз қосылғышты азайтатынын,теңдеуді шешіп болған
соң тексеру жұмысы жүргізіп отыру керектігі айтылды. Сонымен бірге
оқушыларға сурет бойынша белгісіз шамаларды тауып,сан мәнін анықтады. Оқушыларға текше беріледі,сол түскен сан бойынша белгісіз жерге қойып,теңдеу құрастырылып,жұпта талқыланады.Мұғалім тарапынан қалыптастырушы бағалау және көмек беру жұмыстары жүрді.
Сабақ соңында сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында,оқушыларға өздері теңдеу құрап,шешілді.
Сабақ барысында қабілеті жоғары балаларды байқадым,олар: Мергенбаев Диас,Әсемхан Дәулет,Қуанышбаев Арсен,Мақашов Нұрхан,Нағашыбайұлы Диас.Уәжі төмен,мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушылар: Асылбеков Ернұр,Жұбандық Әсемай. Ұсыныс ретінде осы оқушылармен қосымша көбірек жұмыс жасап,білімдерін жетілдіру керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген