жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру
Аннотация
Бұл жобада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін арттырудың жолдары көрсетілген. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары көрсетілген.
Баланың білімді жүйелі меңгеріп,қабілетті деңгейін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »технологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызының ерекшелігі,түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру мәселелері қарастырылған.
Түрлі әдістерді сабақта пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің артқандығына нақты дәлелдер келтірілген.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру
жолдары
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «Қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
Рөлге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
Диалог-ертегі.
Образға кіру.
Өз сабақтарымда осы тәсілдерді үнемі қолдануға тырысамын.
Баланың білімді жүйелі меңгеріп,қабілетті деңгейін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту »технологиясын бастауыш сыныптарда оқытуда маңызы ерекше.
Бұл технологияның кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,сапалы шешім қабылдауға сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
1.Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді үштастырудан түрады.Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Осы кезенде қызмет ететін «Топтау»,«Түртіп алу», «Ойлану»,«Болжау»,«Жұпта талқылау», «Әлемді шарлау » т.б әдістері жинақталған.Оқушы бұл кезенде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны ашу (Түсіне білу). Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыпты танысу барысында V-«білемін»,-- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаң ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
3.Ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған. «Бес жолды өлең»,»«Венн диаграммасы»,«Еркін жазу»,«Семантикалық карта»,«Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшілігіне,ауыр жеңілдігігіне қарай лайықтала қолданылады.Осы стратегияның 25 бөлімі бар.Бұл стратегияларды қолданғанда-соқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып олардың бір – бірімен пікір таластырып,ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары қалыптасып,өздеріне сенімсіздік білдіріп отырған оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп,еркін айта алады.Сондықтанда әрсабақта оқушының жан дүниесіне еніп бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн деп санаймын. Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
Мынадай түйін түюге болады: Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;оқушылардың білім сапасы көтеріледі;оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттің танымдық қызығушылығы артып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.Өз тәжірибемде осы әдістерді қолданудың арқасында сыныбымның оқушылары әртүрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Қорытынды. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева
Алматы, 2007 ж.
2.
Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х.
Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ.
Өміртаева
3.
Бастауыш білім журналы № 2,
2009
ж.
5. Математиканы оқытудағы методикалық
көмек М. Сәтімбаева
6. Бастауыш сыныпта
оқыту журналы № 1, 2, 2017
ж.
7. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы,
«Аруна», 2006 ж.
8. Әрекеттегі RWCT
философиясы мен әдістері, Алматы, 2004
ж.
9. Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2018
ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген