жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі"
ШҚО Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Жаныбекова Айгерим Талгатовна
Баяндама
« Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі»
Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады»- деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.
И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.
Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
2.Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
- Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;
- Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.
әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы
зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін
тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін
мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол
жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай
4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік
деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы
сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік
деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық
деңгей- оқушы өзі ізденіп, қосымша
әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық
деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде
өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында
ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір
саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді
жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы
жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің
деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс
істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп,
жауапкершілігі
артады.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген