400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С.Пушкин атындағы №1 мекте гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Ельгиндиева Д.Ш



БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Интербелсенді әдістердің ерекшеліктері соңғы уақытта білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері зерттеушілердің назарын ерекше аударып отыр. Осы күні мектепте әлеуметтік жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім сапалы оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен, жаңа технологиялармен оқыту ажет.

Интербелсенді оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көсқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренетіндігі жазылды. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады .

Интербелсенді әдістерді зерттеген ғалымдар А. Х. Әлімов, А. Б. Айтбаева, Ф. Б. Бөрібекованың еңбектерінде зерттеліп, талдау жасалынған.

Білім берудегі интербелсенді технология – мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Қазіргі таңда әлем елдерінің жаппай жаһандануы заманында білім беру саласының да жаңа технологияларымен қаруланып, жаңа әдістәсілдерді пайдаланатыны белгілі. Өйткені бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Дәстүрлі оқыту технологиясында мұғалім үйретуші, оқушы дайын білімді алушы болса, интербелсенді оқыту технологиясында оқушының өз бетімен, білім алуы, ізденімпаздығы дамиды.

Интербелсенді технология деген не? Оған қандай әдіс-тәсілдер жатады? Дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылығы бар ма? Нәтижесі қандай? деген сұрақтар туындайтыны хақ. «Интербелсенді» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «өзара»деген мағынаны білдіреді .

Яғни, интербелсенді оқыту технологиясында балалар топтық, жұптық жұмыс түрлерін пайдалана отырып, өзара әрекет жасайды.

Білім беру үдерісінде сабақ өтуде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында, сабаққа кіріспе, тақырыпты ашу кезеңінде интербелсенді әдістердің түр-түрін пайдаланады. Мысалы, ми шабуылы әдісі оқушылардың шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатында қолданылса, проблемалы оқытуда оқушылардың өз бетімен туындаған мәселені шешіп, содан шығудың жолын іздеуге үйретуді көздейді. Бұл әдістердің қай-қайсысы болса да балалардың сабаққа ынтасын арттырып қана қоймай, жеке тұлға ретінде қалыптасуына да көп септігін тигізеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интербелсенді әдістерді қолдану негізінде бастауыш мектепте пәндерді оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.


Интербелсенді оқыту әдістемесі - сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі. Интербелсенді оқытуда педагог оқушылардың өзіндік таным үдерісін ұйымдастырушыға айналады, ол үйретпейді – үйренуге бағыт-бағдар сілтейді, өзі де әр сабақта үйренеді. Мұғалім – «білім көзі» емес, ол – оқушыны шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйтқысы, оқушының білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену үдерісіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы.

Интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

- ақпаратты жан-жақты талдау;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- басқа да балама пікірлерді ескеру;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

- ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;

- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;

- оқушы топты ұжым ретінде қабылдау.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне ескеру iргелi педагогикалық принциптердің бiрi. Оны арқау ете отырып, мұғалiмдер оқу жүктемесiн ретке келтiредi, әрқилы еңбек түрлерінің көлемiне негiздеме бередi, даму үшiн қолайлы күн тәртiбiн, еңбекпен айналысу және демалу уақыттарын белгiлейдi. Педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері оқу пәндерiнің және әр пәндегi оқу материалдарының iрiктелуi мен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелердi дұрыс шешуге мiндеттейдi.

Интербелсенді әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек екеніне. Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.

Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: «Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Синквейн (ағл. cinquain) – бес жолдан тұратын тақпақ. Мұнда оқушыға оқу материалын қысқаша түйіндемелеу талап етіледі. Бірінші жолда – синквейннің негізгі мазмұнын құраушы бір негізгі сөз (ұғым); екінші жолда – берілген ұғымды сипаттайтын екі сын есім; үшінші жолда – ұғымның әркетін көрсететін үш етістік; төртінші жолда – автор өз қатысын көрсететін қысқа сөйлем; бесінші жолда – ұғымға қатысты өз сезімін, ассоциясын сипаттайтын бір сөз (көбінесе зат есім).

Инсерт әдісі. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V - «білемін»,

― - «мен үшін түсініксіз»,

+ - «мен үшін жаңа ақпарат»,

? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Инсерт - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Джиксо стратегиясы – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 – бөлігін екілер, 3 – бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін – бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.

Іс-тәжірибе барысында интербелсенді әдістерді қолданып әдебиеттік оқу пәнін «Шегіртке мен құмырсқа (Абай. И. Крыловтан)» тақырыбында, дүниетану пәнінен «Жануарлардың көп түрлілігі. Жәндіктер. Құстар» тақырыбында, қазақ тілі пәнінен «Етістік» тақырыбында ашық сабақтар өтіліп, интербелсенді әдістердің тиімділігі анықталып, интербелсенді әдістермен сабақты ұйымдастыру әдістемесі де ұсынылады. Қорыта айтқанда, ғалым А. Х. Әлімовтың «Интербелсенді оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді», - деп тұжырым жасағандай, интербелсенді әдістерді сабақтың әр кезеңдерінде сәйкес қолдана білу керек.


Әдебиеттер: 1. Бөрібекова Ф. Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы. : Би, 2014. - 359 б. 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. 3. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. Әлімов А. Қ. –Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰПедагогикалық шеберлік орталығы, -2014, -188бет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі